Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған Мамандықтар: 0705000 -«Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу»



бет16/18
Дата31.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#166984
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
zerthanalyқ-zhұmystardy-oryndauғa-arnalғan-nұsқaulyқ

Бақылау сұрақтары:

  1. Спектроскоптың құрылысын ата.

  2. Спектроскоптың саңылауын алшақтатса, сызықтық спектр көрінісіне өзгеріс ене ме?

  3. Жолақ спектрдің сызықтық спектрден қандай айырмашылығы бар?

  4. Жолдарда тоқталатын белгі үшін неліктен қызыл түс таңдап алынған?

  5. Заттың шығару спектрі бойынша заттың газ күйінің оның сұйық және қатты күйінен қалай айыуға болады?


21 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Материалдың серпінділік модулін анықтау»
Мақсаты: Материалдың серпінділік модулін анықтау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Құрал жабдықтар: жүкшелер, сызғыш, штатив, табақша, екі резеңке үлгісі.
Жұмыс барысы:

  1. Үлгінің ені (a) мен қалыңдығын (b) өлшеу.

  2. Үлгінің деформацияланбаған кезіндегі көлденең қимасының ауданын табу:

  3. Үлгінің ортаңғы жағынан аралары 5 см болатындай етіп екі белгі салу.

  4. Белгілердің бастапқы ара қашықтығын (L0) жазып алу.

  5. Табақшаға жүкшені салу, оның m массасын жазып алып, белгілердің ара қашықтығын (L) өлшеу.

  6. Деформацияланған үлгінің көлденең қимасының ауданын есептеу:

  7. Серпінділік модулін есептеу:

; ;

  1. Абсолют және салыстырмалы ауытқуларды есептеу.




    Бірінші үлгі

    Екінші үлгі

    Деформацияланбаған үлгідегі белгілердің бастапқы арақашықтығы, L0 (м)







    Үлгінің ені, a (м)







    Үлгінің қалыңдығы, b (м)







    Деформацияланбаған үлгінің көлденең қимасының ауданы, S02)







    Жүкшенің массасы, m (кг)







    Деформацияланған үлгідегі белгілердің ара қашықтығы, L (м)







    Үлгінің белгілерінің аралығының абсолют ұзаруы, L (м)







    Деформацияланған үлгінің көлденең қимасының ауданы, S (м2)









    Серпінділік модулі, E (Па)







    Кестедегі мәні, Eкесте (Па)





    Абсолют ауытқу, x (Па)







    Салыстырмалы ауытқу, (%)







  2. Тәжірибені және есептеулерді екінші үлгімен қайталау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Деформация деп қандай құбылысты айтамыз?

  2. Серпінділік дегеніміз не?

  3. Юнг модулі қандай физикалық шаманы анықтайды?

  4. Серпінділік шегі, беріктік шегі ұғымдарына түсініктеме бер.

  5. Тәжірибе барысында алған нәтижелерді пайдаланып қорытынды жаса.



22 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) анықтау»
Мақсаты: Қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) анықтау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру


Құрал жабдықтар: таразы, жүкшелер, термометр, амперметр, сағат, калориметр, қыздырғыш, тоқ көзі, жалғамалы сымдар, кілт, ыдыстағы су, реостат, мензурка.


Жұмыс барысы:
1. Тоқ көзін, қыздырғышты, амперметр, реостат және кілтті тізбекке жалғаймыз. Схема сызу.
2. Калориметрдің ішкі ыдысын өлшеу арқылы массасын анықтау.
3. Калориметрдің ішкі ыдысына 300 см , яғни 300 г су құю керек.
4. Калориметрдің ішкі ыдысын сыртқы ыдысына салып, сұйықтың бастапқы ( ) температурасын өлшеу.
5. Тізбекті қосып, уақытты белгілеу. Реостаттың көмегімен тоқ күшінің бірқалыпты 1,5 А–1,8 А мәнін 10 минут аралығында ұстап тұру. Тоқ күші және қыздырғыш кедергісінің мәндерін кестеге жазу керек.
6. 10 минуттан соң, калориметрдегі сұйықтықты араластырып, тізбекті ажыратамыз; температураның жоғарылауының тоқтағанын күту; соңғы температура ( ) өлшейміз.
7. Калориметр мен сұйықтың пайдаланған жылу мөлшерін есептейміз:

8. Қыздыруға кеткен электр энергиясының мөлшерін есептейміз:



9. Қыздырғыштың пайдалы эсер коэффициентін табу керек:






Калориметр массасы m2 (г)



Су массасы m1 (г)

Калориметрдің меншікті жылу сыйымдылығы С2 (Дж/го град)

Судың меншікті жылу сыйымдылығы
С1 (Дж/го град)

Калориметр мен судың бастапқы температурасы t1

Калориметр мен судың соңғы температурас t2

Тоқ күші I (А)

Қыздырғыштың кедергісі R (Ом)

Уақыт T (с)

Пайдалы энергия Qпайдалы (Дж)

Қолданылған энергия Qқолдан (Дж)

Қыздырғыш ПӘК (%)









































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет