Лабораториялық жұмыстын аты: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі сыныптары
Жұмыстын мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі сыныптарымен танысу
Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер FeCI3 , NaOH, дистилденген су, эксикатор, пробиркалар, индикаторлар, күкірт қышқылы
Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы 1-тәжірибе: Негіздік, амфотерлік гидроксидтердің алыну жолдары және олардың қасиеттері. 20 мл FeCI3 ерітіндісіне 50мл 2%-тік NaOH ерітіндісін қосыңдар. Бастапқы ерітінді ион түзілген тұнбаның түсін белгілеңдер. Алынған темір гидрооксидінің (ІІІ) тұнбасын сүзіп, дистилденген сумен жуып, 1000С температурада кептіргіш шкафта кептіру керек. Эксикаторда суытып, өлшеу керек. Теориялық және іс жүзіндегі шығымын анықтап, қатесін есептеңдер.
Алынған Fe(ОН)3 тұнбаның бір бөлігін бөлек-бөлек екі пробиркаға құйыңдар, біреуіне тұз қышқылын, екіншісіне концентрленген құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2-тәжірибе: Сілтілердің қасиеттері NaOH ерітіндісіне индикаторлардың – лакмус фенофталеин, метилоранж әсерін анықтап, қорытынды жасаңдар.
2 мл NaOH ерітіндісіне аздаған фенолфталеин және индикатордың түсі қойылғанша аздаған тамшыдан күкірт қышқылы ерітіндісін қосыңдар. Реакцияның молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін жазыңдар.
Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары А мфотерлік (Амфотерность) – заттың әрі қышқылдық әрі негіздік қасиеттерді көрсетуі.
А том- Барлық химиялық қасиеттерін сақтай алатын химиялық элементтің ең кішкентай бөлігі.
В аленттік ( валентность )- Атомның химиялық байланыстарды түзе алатын қабілеті. Басқа атомдармен жасалған байланыс саны валенттік санын көрсетеді.
Г идроксотұздар ( негізгі тұздар ) – негіздердің –ОН топтарын нейтралдау реакцияларында толық алмастырмағанда пайда болатын өнім ( қосылыс).
Г идротұздар ( қышқыл тұздар ) – қышқылдардың Н + катиондарын нейтралдау реакцияларында толық алмастырмағанда пайда болатын өнім (қосылыс) .
Қышқыл- ертінділерде сутегі Н + катионын донорлық жасайтын зат.
Молекула – бір түрлі немесе бірнеше түрлі атомдардан тұратын заттың барлық негізгі химиялық қасиеттерін жинақтаған ең кішкентай бөлігі.
Моль – NA түзілімдік бірліктерден құралған заттың мөлшері.
О ксид – Заттың оттегімен қосылысы.
Н егіз ( основание ) – ертіндіде гидроксотоп – ОН доноры бола алатын зат.
Т ұздар ( соли ) – қышқыл және негіздің өзара әсерінен пайда болатын зат.
Т отығу дәрежесі ( степень окисления ) – молекуладағы атомның шартты заряды.
Х имиялық элемент- бір түрлі ядролық зарядқа ие болған атомдардың бір түрі.
Эквивалент – 1 моль сутегі атомдарымен реакцияға кірісе алатын немесе сонша мөлшер сутегі атомдарын химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын заттың мөлшері.