Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет9/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

6. Хлор суының қасиеттері. а) Екі сынауыққа хлор суын алып: бір бөлігіне – лакмустың бейтарап ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Екіншісіне – күміс нитратының ерітіндісін құйыңдар. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

е) Үш сынауық алып, біріншісіне – индиго ерітіндісін, екіншісіне – фуксин, үшіншісіне – сия құйыңдар. Барлық сынауыққа хлор суын тамызып шайқаңдар. Не байқалады? Түсіндіріңдер.

б) Екі сынауыққа хлор суын құйып, біріншісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін, екіншісіне күкіртсутегін қосыңдар. Байқалған құбылысты жазыңдар. Хлор суы мен күкіртсутегінің иістері сақтала ма? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Бұлар тотығу–тотықсызданудың қай түріне жатады?

в) Хром (III) сульфаты бар ерітіндіге калий гидроксиді ерітіндісінің артық мөлшерін және хлор суын қосыңдар. Ерітінді түсінің өзгергенін байқаңдар. иондары хромат иондарына айналатынын ескеріп реакция теңдеулерін жазыңдар.

7. Хлорсутегін алу және оның қасиеттері. Вюрц колбасына 1520 г салыңдар. Тамшылайтын воронкадан концентрлі ерітіндісін құйыңдар. Хлорсутегін үлкен сынауыққа толтыру үшін газ түтікшесін сынауықтың түбіне дейін жеткізіңдер. Сынауықтың бетін алдын ала мақтамен жабыңдар. Құралдың қасына су құйылған кристаллизатор қойыңдар. Тамшылайтын воронканың шүмегін ашып, Вюрц колбасындағы тұзға концентрлі тамызыңдар. Реакцияның жүруін тездету үшін колбаны аздап қыздыруға болады. Мақтамен жабылған сынауықта тұман пайда болғанда (себебін түсіндіріңдер) колбаны қыздыруды тоқтатыңдар, ал газ жүретін түтікшені судың үстіне ұстап, газды суға жіберіңдер (түтікті суға батырмау керек), мақтаны шығарып, сынауықты шынымен жабыңдар. Хлорсутегі бар сынауықты суы бар кристаллизаторға төңкеріп, аузын ашыңдар. Не байқалады? Хлорсутегінің суда ерігіштігі қандай? Сынауықты шынымен жауып судан шығарып алыңдар. Алынған ерітіндіні төртке бөліңдер: біріншісін лакмус сынаңдар, алынған ерітіндінің тұз қышқылы екенін дәлелдеңдер; екіншісіне – мырыш түйірін, үшіншісіне – кальций оксидін, төртіншісіне – кальций карбонатын салыңдар. Байқалған құбылыстарды жазыңдар. Тұз қышқылын алу реакциясы мен оның химиялық қасиеттерін сипаттайтын теңдеулерін құрыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет