Зерттелетін жұмысымның тақырыбы



бет7/9
Дата20.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#174996
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ғылыми жоба

Біздің ұсынысымыз:
мектеп мұғалімдеріне айтарымыз,мектеп борынан туындайтын кері әсерді азайту үшін кеңестер айтқымыз келеді:

  1. Жұмыс кезінде борды пайдаланған соң,қолды жұмсартатын сабынмен үнемі жуып отыру;

  2. Қолды жұмсартатын жақпа майды жиі пайдалану;

  3. Тақтаны тек ылғалды шүберекпен тазартып,жуу;

  4. Тақта сүртетін шүберекті әр сүрткен сайын жуып тазартып отыру;

  5. Тақтаның шүберегін жиі ауыстырып отыру.

-17-


Қорытынды
Мектеп боры- оның құрамында әк, ғаныш(гипс), крахмал, ПВА,БФ,казейн желімдері,бояғыш тәрізді қаншама химялық заттары, ағзаға зиянды.
Зерттелген бордың үлгілерінің құрамында кальций карбонатының 40 тан 80%-ға дейін ғаныш(гипс) бар . Сыртқы түр-түсі бірдей болғанымен,зерттей келе химиялық құрамындағы қоспаларында айырмашылық бар екенін байқадық.
Ақпараттарды жинастыру кезінде бор туралы мағлұматтар алынды. Мектеп борын зияны жоқ,экологиялық таза,қолданылуға болатын зат ретінде пайдаланғанымен де құрамындағы көптеген зиянды заттарын анықтай отырып, тигізетін бірнеше зияны бар екенін,оның оқушыларға,мұғалімдер үшін де кері әсерінің бар екенін білдік.Кейбір оқушылар борды жазып қана қоймай, оны жейтінін де білеміз,дегенменде қазіргі борлардың құрамында желім тәріздес заттар,гипс,крахмал,әкті заттар бар екенін көпшілігі біле бермейді.
Әсіресе мектептің оқушылары денсаулықтарын түзеп жатқанда,осындай ұсақ-түйек іспеттес заттарды да қолданудың пайдасы мен зияны жөнінде білгендері жөн деп білемін.Қазіргі әлемдегі болып жатқан,білім саласындағы жаңа өзгерістермен бірге,осындай мәселелерді де басшыларымыз қарастырса екен деп ойлаймын.Сонда ғана елімізде дені сау ұрпақтар өніп-өсер еді.
Қазіргі мектептерде интерактивті,маркерлі тақталар шығып жатыр.Әрине бұндай тақталар әр сыныпта тұрса игі еді. Біздің мектепте 13 сынып бөлмесі бар,ал интерактивті тақта төртеу ,қалған сыныптар мектеп борын пайдаланады.

-18-
Біздің ұсынысымыз да осы бордың орнын басатын маркерлі,интерактивті тақталар әр сынып бөлмесінде болса,кез-келген оқушының өміріне қауіпсіз болар еді. Зерттеу жүргізу мен үшін қызықты болғанымен,химияның қыр-сырын білдім,түрлі зерттеу жүргізу арқасында жоспар құруды,нақты нәтиже жасауды үйрендім.Барлық тәжірибенің қорытындысын математикалық мәліметтерге жүгіне отырып,қорытынды жасалынды.


-19-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет