Ғанышқа микрокристаллдық реакция жүргізу. Микрокристаллдық реакция арқылы құрамындағы ғаныш тәрізді байланыстырғыш заттарды анықтауға болады.Зерттелетін әр сынамадан 1 граммнан алып, келіде ұсақтап, 2 мл дистильденген су құйып,шыны таяқшамен араластырамыз. -8-
Алынған ерітіндіні сүзгі қағазынан өткізіп,сүзіп алу керек.Алынған сүзіндіні отқа қойып,суын буландырып, криссталлдарын аламыз. Дайын препаратты микроскоппен қарау арқылы (егер бордың құрамында ғаныш болса,пішіндері ине тәрізді) ғаныштың криссталлдарының өскенін көруге болады.
Кальций катиондарын анықтау (Са2+). Бордың құрамындағы кальций катиондарын анықтау үшін бордың ұсақ түйірлерін алып,спиртшамның жалынына ұстаймыз. Құрамында кальций катиондары болса жалынның түсі қызыл-қызғылт түске боялу керек.
Зерттеу кезеңі бойынша қорытынды жасаймыз..Нақты дәлелдемелер арқылы тәжірибе жүргізілді.
Карбонат - аниондарды (СО32-)анықтау барысында нақты нәтиже көрсетілді. Бордың құрамындағы кальций карбонаты тұз қышқылымен анықталады. (көмірқышқыл газының бөлінуінен әк суы лайланады).Жасалынған тәжірибені химиялық реакция теңдеуімен өрнектедік.Теңдеу ион алмасу реакциясымен жүргізілді.
СаСО3 + 2HCl → СаCl2 + СО2↑ + Н2О
СО32- + 2Н+ → СО2↑ + Н2О
СО2 + Са(ОН)2 → СаСО3↓ + Н2О
Нәтижесінде 4 сынамада да карбонат аниондарының бар екенін көрсетті.
Крахмалды анықтау. Крахмалды анықтаудың 2 әдісі бар:
-9-
1.Бор отқа біраз уақыт қыздырылғанда, ол қарайып кетті, яғни оның құрамында крахмалдың бары анықталды ,себебі көмірсуларды қыздырған кезде көмірленеді.
2.Крахмалдың сапасын анықтау үшін иод ерітіндісі қолданылды. Зерттелетін бордың түйіршіктеріне 2-3 тамшы иод ерітіндісін тамызғанда,бордың түсі көгерді.Демек крахмалдың барын дәлелдеді.
4сынамада да крахмалдың мөлшері бар екенін дәлелденді.