Зерттеу мақсаты: Қиярдың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қиярды тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету. Міндеттері



бет19/19
Дата13.08.2017
өлшемі4,29 Mb.
#23645
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қиярдың күтімі. Жүйектердің топырағын қопсытып, арам шөптерін жұлып, жаңа өскен сабақтарын қыстырып, суардым. Кейіннен қопсыту жұмыстарын

әр 10 күн  сайын қайталап тұрдым. Қопсыту жұмыстарымен бірге

арамшөптерін жұлдым. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды

бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі

болады, сондықтан қиярды кешке қарай, күні бойы күн астында тұрған жылы сумен де суғардым. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді.

Аякс F1 қиярын көшет кезінде тамырлық және бұтақтық шіруден сақтау үшін, жүйелі әрекет ететін фунгицид пайдаланған ең жақсы. Көшетті алаңға көшіріп отырғызған соң, қорғауды солай ақ препараттар көмегімен жүзеге асырады. Тиімді қорғау үшін бүркітуді  жеміс бергенге дейін, ауа райы  жағдайына байланысты  жүйелі түрде 8-14 күн сайын жүргізіп отырады.  Жеміс беру мерзімінде, қиярды қорғау қажеттілігі кезінде,  жемістің максималды санын жинап, оны қайта өңдеу керек. 



Қиярды суғару

Жүйектегі өнімдерді жинап алып, қиярдың әрі қарай тағы да өнім беру үшін,

күнделікті суғарып, арамшөптерін жұлып, түбін қопсытып отырдым.

Қиярлардың жапырағы көбейіп, тым жайылып кеткеннен кейін жүйектің екі жағына ағаш қойып, жіптер байладым. Қиярдың сабақтарын жіптерге орап жоғары қарай өсуіне жағдай жасадым.



Қиярдың жемісі. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек. 9 маусымда І-ші жүйектегі қиярдың ұзындығы 3см ұзарды, ал ІІ-ші жүйектегі қиярдың ұзындығы 1,5см өсті. Бірнеше күннен кейін алғашқы гүлдері шыға бастады. Дұрыс күтіп-баптағаннан кейін маусымның 30 күні І-ші жүйектен алғашқы қиярды алдым. Ал ІІ-ші жүйектегі қияр шілденің 10 күні шықты. Алған қиярлардың ұзындығын және салмағын өлшедім. 1 жүйектен мол өнім алынды және қиярдың салмағы 75 г, ұзындығы 12 см болды. Ал ІІ-ші жүйектегі қиярлардан аз өнім алынды.

Қиярды тұздау

Қияр жемістерін тұздау үшін анама көмектестім. Ол үшін қиярларды бірнеше қайтара суық сумен жудым. Басқа да керекті дәмдеуіштерді әзірлеп қойдым. Анам банкілерді зарарсыздандырды, суыған банкілерге барлық әзірлеген қажетті нәрселерді салып, қайнаған су құйып, салқындағн суды төгіп, керекті мөлшердегі тұз бен қант, 2 дана аспирин дәрісін салып, қақпақпен жауып, жылылап, үстін жауып қойдық. Анам маған қиярды күтіп-баптап көмектескенім үшін «рақмет» айтты.





Қорытынды
Қияр тұқымының өнуін бақылау нәтижесінде, тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет екендігі байқалды. Су – тұқымның өнуі үшін қажет, су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбейді. Қияр тұқымы +150С –та өнді, сондықтан жылу қажет екені байқалды.

Екі ыдысқа отырғызып, әр түрлі жағдайларда өскен өскіндерді бақылау нәтижесінде байқағаным қолайлы жағдайларда, құнарлы топыраққа отырғызылып, жылы жерде, күн сәулесі мол түсіп тұрған бөлмедегі қияр өскінінің аз уақыт ішінде тез көтерілгенін, ал құнарсыз топыраққа отырғызылып, күн сәулесі аз түсетін бөлмеге қойылған өскіннің өсуіне көп уақыттың қажет болғанын байқадым. Қияр өскінің жақсы өсуі үшін құнарлы топырақ, күн сәулесінің мол түсуі, жылу және жарық қажет екеніне көз жеткіздім.

Көшеттерді жүйектерге отырғызып әр түрлі күтілген қияр көшеттерінің де өнімдері әр түрлі болатынын байқадым. Қолайлы жағдайда өскен жүйектегі қияр мол өнім беріп, ал құнарсыз топырақта, көлеңкелі жерде өскен қияр өнімін аз болды.

Дұрыс күтіп бапталған көкөкніс тез өсіп, жетіліп, жақсы жеміс беретініне осы бақылау арқылы көз жеткіздім.

«Өсімдіксіз тіршілік жоқ» олай болса өсімдіктерге аяушылықпен қарайық, ешбір жеріне дақ түсірмеуге тырысайық, қорғайық, көбейтейік, күте білейік!

Мектепте гүл өседі. Соған байланысты мен үйде гүлден басқа аскөк,бұршақ ,пияз өсімдіктерді өсіруге бола ма деп,өзім терезе алдына көкөністерді өсіріп, зерттегім келді.Ең алдымен көкөністер тулалы мәліметтер біліп, тұқымдарын танысып және оған қажетті құнарлы топырақтар туралы мәліметтерді білдім. Топырағын жиі қопсытып отырдым. Шыққан даметрларын өлшеп және суды да мөлшерлеп құйып отырдым. Өскен сайын да су мөлшерін көбейтіп отырдым. Оның өсуі де жиіледі. Себебі мен оны күнің көзі жақсы түсетін терезелерге алмастырып отырды.

Адам ажарлы көрініп, өзіні жақсы сезіну үшін жақыс тамақтанып, дәрумендермен ағзаны сақтайтын заттар мен қамтамасыз ету керек. Сонда көбірек қуатқа ие боласыз. Біз ең кем дегенде 1 рет көкөністерді жеуіміз қажет. Алуан түрлі тұрғысынан қарастырғанда көкөністер мен басқа азықты салыстыруға болмайды.Көкөністер тағамдарды түрлендіреді.

Ал дәрумендермен ағзаны сақтайтын заттар мен қамтамасыз етеді. Осы табиғаттың игілігін күн сайын пайдаланатын болайық.Және өзіміздің көтеріңкі көңіл - күймен сымбатты дене бітімімен және де келешектен ауыру – сырқаулардан ағзамызды сақтай білуіміз керек.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. « Көкөніс дақылдарының сорт айырмашылық белгілері» Құсаинова Г.С Кәмпитова Г. А Өтешқалиев А. Ө 2009 жыл « Агроуниверситет»

  2.  « Айғақ» газеті №47 Денсаулық беті 12-бет 21.02. 2012 жыл.

Құлжабаева Г.Ә «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені. Жемістер:

Дидактикалық материал. - Алматы, 2011.



  1. «Көрікті болғыңыз келсе... қарапайым косметика» Ә. Қоңырбекұлы «Алтын алқа» баспасы Шымкент 2010 жыл

  2. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990




Каталог: uploads -> doc -> 07c7
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07c7 -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №18 мектеп гимназиясы»
07c7 -> Сабақтың тақырыбы: Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі Сабақтың мақсаты: Білімділік
07c7 -> Сабақтың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал ету
07c7 -> Қанапьянова Бақытгүл Мұқашқызы Талдықорған қаласы №16 орта мектеп-гимназиясының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет