Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілер



бет38/63
Дата22.09.2023
өлшемі1,33 Mb.
#182055
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілер.
Геосаяси ықпал көрсетудің негізгі құралдары


Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілер. Геосаясаттың негізгі обьектісі ғаламшар кеңістігі, мұнда барлық геосаяси күштер орналасып, геосаяси үдерістер мен құбылыстар жүзеге асады
Геосаяси ықпалдың негізгі құралдары және оларды зерттеу. Геосаяси ықпал жасау саяси, идеологиялық, экономикалық, әскери, ақпараттық, мәдени құралдар арқылы жүзеге асады.
Г еосаясаттың негізгі құралдары
Саяси құралдар күш қолдану, саяси ұйымдар арқылы қысым көрсету немесе бейбіт ықпал ету, саяси келіссөздер арқылы әрекет етуді және т.б. қамтиды. Қазіргі кезде әлемдегі шиеленіс ошактары болып отырған аумақтарда осы саяси құралдардың барлығы қолданылуда.
Қазіргі кезде белгілі бір топтардың өздерінің саяси мақсаттарына лаңкестік әрекеттер арқылы қол жеткізуге ұмтылуы орын алуда.
Геосаясатта «жұмсақ күш» (ағылш. soft power) деген ұтым пайда болды. Оның мәнісі әскери күш қолданбай қарсылас мемлекеттің геосаяси жағдайы мен беделіне нұқсан келтіру.
Идеологиялық құралдар - геосаяси басымдылыққа кол жеткізудің жанама жолдарынын бірі. Мысалы, саяси, діни және басқа көзкарастарды негізге алып, белгілі бір аумақтағы халықтың арасына іріткі салу арқылы мемлекеттің біртұтастығына қауіп төндіруге болады, Әлем тарихында көптеген елдердің ыдырауына идеологиялық құралдар ықпал еткен.
Экономикалық әрекеттер де геосаяси ықпал етудің аса маңызды құралы. Белгілі бір елге қатысты экономикалық санкциялар орнату, «сауда соғыстарын» ұйымдастыру, арзан бағалы тауарлар енгізу арқылы басқа елдің экономикасын тәуелділікте ұстау, белгілі бір шикізат түрін өндіруді қысқарту немесе ұлғайту арқылы әлемдік нарыққа ықпал жасау және т.б. экономикалық шаралар әлемдегі геосаяси жағдайға әсер етеді, аймақтық шиеленістерге негіз болады.
География ғылымдары тұрғысынан зерттеуге болатын тағы бір құбылыстың бірі ақпараттық қақтығыстар (ақпараттық соғыстар). Қазіргі уақытта ақпарат құралдары мен телекоммуникацияның дамуы нәтижесінде жекелеген компаниялар емес, бүкіл бір мемлекет осы құбылыстан зардап шегуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет