Отырардың рухани мәдениеті.
2.1. Әбу Нәсір Әл-Фараби және оның арғы-бергі ізбасарлары
Отырар өркениетінің орны қазақ халқының тарихында ерекше. Отырар қаласы 18 ғасырдан астам уақыт өмір сүріп, “Ұлы Жібек жолы” бойында орналасқан. Ұлы қала болған. Ол Отырарды көп жылдар бойы қазған кезде тапқан К.Акишев, К.Байпакоы, Л.Б.Ерзакович сияқты археологтардың ХҮІІІ ғ. бастапқы ширегіне дейінгі тапқан заттың мәдениеті арқылы саздан, сүйектен, шыныдан, теріден, ағаштан, тастан жасалған заттармен тұрғын үй құрылыстары, суландыру жүйелері, дәстүрлі киім үлгілері арқылы рухани мәдениеті Әбі Нәсір әл-Фараби (870-950) Ғаббас Сайд әл-Жауһари (т.ж.б.-1010), Ахмед әл-Фараби (т.ж.б. 1174) , Әбіл Қасым әл-Фараби (1130-1210), Әдіб Иұғнақи (ХІІ-ХІІІ ғ.ғ), Ислам әл-Отрари (т.ж.б. 1489) сияқты ғалымдар. Әбу Ибраһим Исках Әл-Фарабидің, Исмаил әл-Жауһари әл-Фарабидің, Әләм –ад Дин Әл-Фарабидің , Бурхан ад Дин Ахмед әл-Фарабидің, Әбу-л-Қасым әл-Фарабидің, Махмуд әль-Фарабидің, Қауам ад-Дин әл –Фарабидің, Бадр ад-Дин әл-Фарабидің, Исмайл әл Хусаини әль-Фарабидің, еңбектері арқылы белгілі болды.
Отырар өркениетінің заттық және рухани мәдениетін жазба деректер мен қатар археологиялық қазба жұмыстары арқылы белгілі.
Отырар жайлы алғашқы деректер грек, араб, парсы деректері арқылы белгілі болды.Әбу Исхак Ибрахим Әль Истахри (849-952) Әбу-л Қасым Мұхаммед ибн Хауқал (Х ғ.) Шамс ад-Дин Әбу Абд Аллах Мұхаммад Әл-Мақдиси (Х ғ.) Әбу Джағфар, Мұхаммад ад-Табари (?-923)Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди (?-965) шежірелерінен оқимыз.
Араб парсы шежірелері Из ад-Дин Әбу-л-Хасан әли Ибн әл-асир (1160-123 ж.ж.) Фазлалаһ Рашид ад-Дин (1247-1318 ж.ж.) Әла ад-*Дин Ата Малик Жуайни (1226-1283 ж.ж) монғолдардың Отырарға жасаған шабуылы жайында біршама деректер қалдырған.
Отырардың рухани мәдениеті туралы Сәдуақас Жақашұлының қолжазбаларында жазылған. “Оңтүстік Қазақстанның өткен тарихы 1800-1930 ж.ж.”.
Отырар біз үшін қазақ тарихының алтын бесігі.
Орталық Азияның батыс бөлігінде орналасқан Отырарда көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениет қатар дамыды.
Ежелгі Отырардың қазақ тайпаларының тектестік сезімін оятуда олардың тұрмыс салтынан, әдет-ғұрпынан, тілінен, дәстүрлі өнерінен көрінетін біркелкілікті нығайта түсуде атқаратын қызметін жоққа шығаруға болмайды./64/ Отырар қаласынан Бөген, Арыс арқылы Таразға жол тартылып жатқан. Баласағұн, Шығыс Түркістанға, Сырдария арқылы Оңтүстіктегі Шаш, Соғд және одан әрі Нервке, Нишапурға, Рейге Солтүстікте Хорезм арқылы Арал жағалауларына, Повольжеге, Қара теңіз жағалауларына және Кавказға даңғыл жол кетеді.
Отырар өңірінде заттық мәдениет пен рухани мәдениет қатар дамыды.
Отырар тағдыры осы жердің түп тамыры тұрғындары болған ата-бабамыздың тағдыры, қазақтың алғаш рет халық болып қалыптаса бастаған алтын бесігінің тағдыры.
ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. этнографтардың еңбектерінде бұл бұйымдардың бәрі де қазақтарға тән екені жазылған.
Ұлы Жібек жолы арқылы таралған Отырар өңіріндегі діндер мен наным-сенімдер арқылы рухани мәдениетіміздің қандай дәрежеде болғанын біле аламыз. Тотелизм сенімі, манихей діні, Үндіден Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы буддизм, Сирия, Иран, Арабтан христиан, ислам діні тарады.
Дегенмен отпен және қылышпен ғана емес, сонымен бірге мұсылман көпестерінің майы сорғалаған майда тілімен де кең тараған ислам діні шығыстағы христиан, будда, зороастра діндерінде жергілікті табынушылықтарды да бірте-бірте/65/ ығыстырып жібереді.
Жібек жолы бойындағы қалаларда жаңа дін орныққаннан кейін мешіт, медреселер, кесенелер салына бастады. Соның бірі Арыстанбаб кесенесі.
Қазақтық аспаптық мәдениетінің өте ерте заманнан бастап қалыптаса бастағанын археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр.
Мысалы 1968 жылы Отырар қаласының орнынан өлкетанушы Асантай Әлімов сазсырнайды тапқан.
Әбу Нәсір Әль-Фарабидің айтуына қарағанда қазіргі домбыраға ұқсас тамбурлардың бұрын тұрақты және жылжымалы пернелері болған. Шамасы біздегі әр жерде кездесетін домбыралар жергілікті жағдайға қалыптасқан ойнау тәсілдеріне қарай әр түрлі бағытта дамыған болуы ықтимал./66/
Отырар ойшылдарының ең атақтысы мәшһүрі-Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” Шығыстың Аристотелі атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фараби. Толық аты - Әбу Нәсір Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ Әль-Фараби (870-950) Қыпшақ даласынан шыққан ұлы ойшыл энциклопедист- ғалым, философ, математик, астролог, музыка теоретисі. Түркі ойшылдарының ең мәшһүрі. Әскербасы отбасында дүниеге келген Отырарда дүниеге келген. Отырар медресесінде Шаш, Самарқан, Бұқара, Харран, Мысыр, Халеб, Бағдат шаһарларында білім алып, Орта Азия, парсы, Ирак, Араб елдері қалаларында білім алып, Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалалдарында жиһан кездік сапарлар жасап, өзі кездік сапарлар жасап, өзі тектес даналармен сұқбаттасып тез есейіп, көзқарасын нықтаған. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 104 трактат жазып қалдырады. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының туындыларына талдау жасап, Аристотельдің метафизика “Категория”, “Аналитика” (бірінші және екінші) сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазды. Алғашқы сауатын туған жерінде өз тілінде ашқан оның 12-16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа аттануында екі сыры:біріншіден, Бағдат Халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласының түлектері еді; екішіден, Бағдат шахары ғылым мен өнер жолына бет бұрған адамдарға қақпасын кеңашты, онда “Байт-әл Хакма” атты ғалымдар үйі, және бай кітапхана болды.Әбу Нәсір алғашқыда өзін ақын әнші, күйші ретінде танытып, сонан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы кұрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кірісті.Грек-араб ғалымдарының арасын алтын көпірдей жалғаған Әл-Фараби дүниетанымы-көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің Шығыс пен Грек мәдениетінің өзара байланысының нәтижесі.Әл-Фараби өз заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын тіл мәдениетін, философтық – гумманистік мұраттарын және сансыз ғылым салаларын меңгерген. Фараби туғанға дейінгі 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласында ислам діні дәуірлеп тұрған болатын.Санасы сергек әр мұсылман ислами ғылыммен шұғылдануды парыз санаған сол кезеңде әл-Фараби де араб тілді ғалымдар санатына қосылып,иднтихад және муджтахид жолына түсіп ,“Құран Кәрімнің “ діни негіздерін терді.Ол Аристотель көзқарасын әрі қарай өрбітті.”Қайырымды қала тұрғындарының көз қарасы”, “Мемлекеттік қайраткерлерінің қанатты сөздері” т.б. саяси әлеуметтік трактаттарында бейбітшілік,бірлік,бахыт,әділдік,теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүрін дамытты. “Азаматтық саясатында ”ол қоғам құрылымын талдауды қаладан, ал “Нақыл сөздерде” ең кішкене ұя – отбасынан бастайды. “Ғылымдардың шығуы”трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашып 7 тарауға бөлді.
Дүние жүзінің көптеген ғалымдары Әбу Нәсірдің өмірі мен шығармаларын орта ғасырларда-ақ зерттей бастаған. Міне, ол бүгінгі күнге дейін жалғастырылып келеді. Осы ретте араб және парсы тілдерінде жазған. Ал Надим (Х ғ.) Байһакл (Х ғ.) Ибн Саид әл-Кифти (ХІІІ ғ.) Хад жи Халифа (1657 ж.) латын тілінде жазған Венике (1484 ж) камерариус (1688 ж.қ.б.) тағы басқалардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн./67/ ХІХ ғ. Және ХХ ғ. Европа ғалымдары Әль-Фараби еңбектеріне ерекше назар аударды,Неміс ғалымдары И.Т.Л.Козегартен (1752 ж.-1860 ж.) Т.Зутер (1848 ж.-1922 ж.) Фридрих Дистереци (1821 ж.-1903 ж.).
1888-1904 жылдардың өзінде Әль-Фарабидің философиялық тактаттары деп аталатын жинақты жарыққа шығарған К.Брокельман (1863 ж.-1956 ж.) 1886-1937 жылдар арасында “Араб әдебиетінің тарихы” деп аталатын көп томды библиографиялық еңбегінде Әбу Нәсір шығармашылығына едәуір орын бөлген Американ ғалымы Дж.Сартон (1884 ж.-1950 ж.) түрік ғалымдары А.Сайылы мен Х.Үлкен (1950 ж.) фарабитану ғылымымен арнайы шұғылданған.
Фарабидің математикалық идеялары мен мұраларын Әбу-Л Уаха Әбу Әли Ибн-Сина,Әбу Файхан Бируни,Омар Хайям сияқты шығыс ғұламалары көп пайдаланды,медицина саласындағы адам ағзалары жөніндегі Аристотель мен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат” жануарлар ағзалары”,”темперамент туралы еңбектер” өз алдына бір төбе ”Риторика”,”Поэзия өнері туралы”,”Бақытқа жөн сілтеу” трактаттарында этикалық эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, мейірбандық, қайырымдылық туралы білім анықтамаларын жазған. Саз аспаптарында ойнап өз жанынан ән-күй шығарған Фараби “Музыканың акустика мәселесін түптеп-тектеп,музыканың тәжірибелік және теориялық негіздерін заңдылықтарын ашты.Ұлы бабамызды Сирия әміршісі Сайф ад-Даула өз қолымен жерлеген, мүрдесі Шам шаһарындағы Баб-ас-сағыр зиратында жатыр.
Әбу Ибраһим Исхак әль-Фараби.
Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим әл-Фарабидің туындысы “Диуан әл-адаб”(Әдеби жинақ) деп аталады.Неміс шығыстанушысы Карл Брокельманның (1868-1956) “Араб әдебиетінің тарихы” атты еңбегінде осы ғалым жайлы бес жолдан тұратын мағлұмат бар1897 жылы Веймар қаласында шыққан, еңбегінде Әбу ИбраҺим Исхақ бин Ибраһим әл-Фараби Түркістан өлкесіндегі Фараб қаласында туылған.
К.Брокельман ғалым еңбегінің 6 кітаптан тұратынын айтады.
1.Ас-Салим (Бүтін) түбірлі сөздер
2.Әл-Мудаъаф (қосарланған) түбірлі сөздер
3.Әл-Мисал (Бүтін түбірлі сөздер) бірінші түбірі “уау” немесе “йа” әріптерінен болған сөздер
4.Зауат ас-саласа (үшеу иесі)
5.Зауат ал-Арбача (төртеу иесі)
6. Хамз (хамзамен таңбалау)
“Поэзия”,”Раджаз”, “Нақыл сөз”, “Ырғақты қаракөз”, “Мақал”, “Нақыл” сөздерге анықтамалар берген,
“Поэзия – дейді ол,-сөз секілді жақсы да жаман да болуы мүмкін. Бірақ әдетте осы өнердің білгірлері тек жақсы өлеңді ғана (ұрпақтан ұрпаққа жеткізген) себебі ондай жыр қаншама көп болғанымен, олар оны бәрібір ақыл таразысына салып, ой елегінен өткізеді. Сөйтіп тек сәтті шыққандарымен шебер де дәл тауып айтылған кемелдісін ғана таңдайды. өлеңнің сапасы жағынан мақалдармен үзеңгілес тұратыны да сондықтан”./68/
Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби
Әл-Жауһари туралы жазба деректер де бар. Оның толық жөні Әбу Нәсір Исмаил (Исмайыл-Ә-Д) бин Хаммад әл Жауһары әл-Жауһары Әбу Нәсір –күнйа, есемі- Исмаил, әкесінің ныспысы хаммад, одан кейін туған жерінің атауы берілген. Оның туған жері Жауһар – А.Б. Халидав. Оның толық аты – жөнін “Әбу Нәсір Исмаил ибн Хаммад әл-Фараби әл-Жауһари” деп көрсетеді. Оның Отырарда туылғандығы жайлы жайлы ас-Сағашби деп жазған. Ол оның Фарабтан шыққанын жазады.
Исмаил әл ЖауҺариді Иақұт әл Хамауи ар Руми (1179-1229) Исхақ әл-Фарабидің қарындасының баласы (Ибн уат Әбу Исхақ әл-Фараби ) дейді. Білімін молайтып араб тілін меңгергеніне толық көзі жеткен соң бір жылдары атақты Әбі Нәсір әл Фараби ғұмыр кешкен Сирияға келеді. Шам елінің ақындары мен ғаламгерлерімен, ғалымдарымен танысады. Ұлы ғалым туған еліне оралар тұста ол Хорасан арқылы Домағанға келеді. Ол Иранның Каспии теңізіне жақын жатқан ақындар мен өнер адамдары жиі жиналып бас қосатын шаһарларының бірі болған /69/ Нишапурға келген соң әл Жауһари медреселерде араб тілінен. Дәріс берген Ас-са-Ғалиби оның тілге қатысты “Ас-сихак” атты кітабы бар екенін, оның сол кездегі еңбектер ішіндегі ең озығы болғанына тоқталады. Ол тек тілші ғалым ғана емес, ақын да екекн “Китап әл-Арудта” (Өлең өлшемі жайында кітап) араб поэзиясының өлең өлшемін терең талдап өзіндік теория жасауға тырысқан әл Жауһари өмір сүргентұс араб тіл білімі саласында көптеген еңбекте жазылып, аталған тілдің сан қырының белгісіз жақтары ашыла бастаған кез. Сондықтан ол араб тілінің лексикография саласын зерттеумен айналысады.
Отырар перзентінің түсіндірме сөздігі соңғы рет 1956-1958 жылдары 6 том болып Каирде басылып шықты. Қазір ол оқушылар мен студенттер, аспиранттар мен ой қуушылар, ғалымдар мен сөз өнері өкілдерінің қолынан түспейтін, ғылыми, мәдени, рухани мұраның бірі болып саналады./70/
Бұрһан ад-дин Ахмад әл-Фараби
ХІ-ХІІ ғ.ғ түркі жамағаты үшін жемісті дәуір болған. Бұрһан ад-Дин Ахмад бин Әби. Хафс бин Йусуф әл-Фараби. Ол ХІ ғасыр басында туған мекені Отырар.Ол ХІ ғасыр басында туған мекені Отырар өлкесінде Қарахан әулеті құрған феодалдық мемлекеттің түрлі соғыстар мен шапқыншылықтар алауыздықтар әсерінен ыдырап тарих сахнасынан ауытқып кету қаупі басталған кезде дүниеге келген. Ол жайлы неміс шығыстанушысы Карл Брокельманның «араб әдебиетінің тарихы» атты еңбегінен бірнеше жолдан тұратын деректі ғана таптық./71/
Бұрһан ад-Дин алғашқы білімді Отырарда алған, К.Брокельман оны «Заллат әл-Қари» (Оқу үстіндегі қате) деген еңбегін ғана айтады. Араб әдебиеті мен мәдениет тарихына үңілсек, «Заллат әл Қари» секілді дүниені Самарқан қаласының тарихы ғалымдары мен даналары , сөз зергерлері мен ойшылдары туралы қалам тартқан./72/ Құран оқу кезіндегі қате кей әріптерді дұрыс айта алмау , паузаны дұрыс жасай алмау секілді мәселелер төңірегінде болады. Бұрһан ад-Диннің «Оқу үстіндегі қате» еңбегі осы төңірегінде айтылған.
Әбу-л Қасым әл- Фараби
Имад-ад-Дин Әбу-л-Қасым әл-Фараби. И.Б. Готвальд өз еңбегінде Әли бин Махмуд бин Мұхаммад ар-Раид әл-Бадахшани (ХІҮ ғ.) мазмұндағы берген Имад ад-Дин Ахмад Әбул-Қасым әл- Фарабидің «халисату-л-хақаиқ» деген еңбегін келтіреді де ол шығарма 1851 ж қазанда басылып шыққанын ескертеді. Қазан Университетінде араб,парсы, шағатай, түркі, т.б. тілдердегі қолжаз тілдердегі қолжазбалар ел арасынан және ел басшылары қоғам қайраткерлері арасынан жинала бастады.
Белгілі шығыстанушы, профессор, Қазан университетінің ұстазы болған И.Б.Готвальд (1813-1897 жж) арналған жинақ шыққан 1900 жылы міне сол жинақта. И.Б.Готвальдтың өмірі мен қызметін баяндайтын тюрколог Н.Б.Катановтың (1862-1922 жж) мақаласы берілген. Онда Готвальдтың “Китап хамсату-л-хуласа” деген Әли бин Махмуд бин ар-Раид әл-Бадахшанидің арабша шығармасын басып шығарғанын айтады. Бұл еңбекті әл-Балахшани 1210 ж қайтыс болған отырарлық ғалым Әбул-Қасым әл-Фарабидің “халисату-л хақаиқ лима диһи мин акалиб ад-Дақаш” деген кітабынан алған еді.
Махмуд әл-Фараби – жайында деректер өте аз.
Н.Н.Туманович шығыстанушы академик В.В.Бартольдтың жарияланбаған тезистері ғана түзілген еңбектері жайлы сипаттамасында атақты ғалымның “Программа по истории государственности в Туркестане” деп аталатын жазбаларын келтірген. Осы шығарманың ”Чингисхан и влияние монголов на развити государственной власти” деген сілтемедегі тармағынан “Махмуд Фараби қозғалысы және оның әлеуметтік тамырлары” деген жолдары (жетелейді) бар.
Махмуд әл-Фараби де Отырар қорғанысын ұйымдастырған Қайырхан сияқты отаны үшін қасық қаны қалғанша күресіп, сел топандай қаптаған тасқынға төтеп бере алмай қапыда кетіп, көз жұмды ма ол жағы бізге беймәлім.
Захир ад-Дин Мұхаммед Бабыр (1983-1530 жж) – атақты, “Бабырнама” атты шығармасында Солтүстік Үндістанды жаулап алатын тұстағы бір жорықта (1528-152 ) таныс болып, намаз оқығанда өзімен бірге жүрген Махмуд Фараби атты кісінің имамдық еткенін айтады.
Хауам ад-Дин әл-Фараби.
Қазақ даласы монғол шапқыншылығына ұшырап, көп зардап шеккенімен, арада біраз жылдар өткен соң басқыншылардың өздері де енді түркіленіп, ислам дінін қабылдап, мұсылман бола бастаған. Сауда саттық біртіндеп жолға қойыла бастаған. Бұл ХШ ғ- ХІҮ ғасырдың бірінші жартысы еді. Осы кезде өмір сүрген Отырарлық екі оқымыстысы бар. Бірі – Қауам ад-Дин -Әмір Катиб бин Әмір Умар әл-Әмид әл-Итқани әл-Фараби. Ғалымның өз есімі Қауам ад-Дин Әмір Катиб.
Қауам ад-Дин Отырардың өзінде емес, маңындағы бекіністер мен қыстақтардың бірінде дүниеге келген. Алғашқы білімді Отырарда алған, кейіннен Самарқанд, Бұхарада алған. Қауам ад-Дин Отырар медреселерінің бірінде ұстаздық еткен.
Қауам ад-Дин қолжазбасының көлемі үлкен. Ол “Китаб ат Таһара” (Дәрет алу) деп аталатын тараумен басталып “Китап әл-Итақ ” (“Босату”) атты кітаппен аяқталатын 3 кітаптан тұрады.
Маула Мұхаммад әл - Фараби - ХІҮ ғ. өмір сүрген. Маула Мұхаммад ғалым ретінде кемеліне келген тұс Отырардың Әмір Темір (1336-1405) иелігіне көшкен кез. Ғалымның өз аты - Маула Мұхаммад ғалым ныспысы - Әл Хасан әл-Хорезми. Алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде болған. Содан кейін Шаш, Бұхара, Самарқан секілді қалаларда тағлым алып білімін молықтырады.
Отырар ғалымы Шаштық Низам – ад- Дин бин Мұхаммад Азизи- аш- Шашидің еңбегіне түсіндірме жазуында деп ойлаймыз. Ташкенттік ғалым “Усул” (“Негіз”) деген еңбек жазған. Ол әдетте “Усул” дегеніміз ислам діні мен Алманың бірегейлігі,Алланың әділдігіне сену Мухаммад және оған деиін өмір сүрген пайғамбарлардың елшілік миссиясын тану Ғалымның туылған жылы шамамен 1320 ж Отырарда туылған қай жылы, қай жерде қайтыс болғаны белгісіз.Бадр ад дин әл фараби Әмір Темірдің тұстасы. Ол ХІ – ғ. 1 ші жартысында өмір сүрген. Бадр ад Дин хаттану (көркем жазу) өнерін қалап алған сияқты. Өз аты Бадр ад дин.Әкесінің ныспысы Нүр ад Дин. Бабасының аты Аййуб. Алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Сонан соң білім іздеп Бұхара мен Самарқанға сапар шеккен. Одан әрі Иранның Харасан аймағының астанасы Герат шаһарына аттанады. Бадр ад-Дин Мұхаммад бин Саид әл-Бусиридің (1222-1296) Мұхаммед пайғамбарға арналған “Әл Бурда” - “Шапан” 162 бәйіттен тұратын дастанына Бахр ад-Дин аш – Ширази жазған “Түсіндірмені ” (Шарх) жоғарыда айтылғандай көз майын тауысып хатқа қайта түсіріпті.
Исмаил әл-Хусаини әл-Фараби
Отырар Бадр ад-Диннен кейін де елін, жерін, халқын сүйіп, оның әдебиетінен мәдениетін тарихы мен ғылымын насихаттаған өзге де перзенттерін дүниеге келтірген.
Түркиядағы “Кугушли” кітапханасындағы қолжазбаларға сипаттама жасаған доктор Рамазан Шешен мен Джауд ізгі Джамил Ақпинар Әбу Нәсір әл-Фарабидің “Фусус әл- Хикам “Кемеңгерлік меруерті”) атты фәлсафалы шығармасына түсіндірме (шарх) жазған Исмаил әл-Хусайни әл-Фараби атты білімпаздың атын атаған да , оны 1489 жылы дүниеден өткен деп көрсеткен.
Отырар отырықшы мәдениеттің ошағы, ортағасырларда ғылымы ғылымы, мәдениеті, экономикасы дамыған қалалардың бірі болған. Дүниеде теңдесі жоқ ұлы ойшыл. Әбу Нәсір әл-Фарабидің туылған жері Қ.А.Иасаудің ұлы ұстазы бабтардың бабы Арыстанбабтың Орта Азияны билеген ұлы әмірші Әмір Темірдің Алла аманатын тапсырған жері, Отырар алдымен араб пен монғол шапқыншылығына содан кейін қазақ хандығы мен Әбілқайыр әулетінің Мауреннахр билеушілерінің Сыр бойы үшін болған өзара қырқысына, жоңғар шапқыншылығына ұшырап, ақыры Отырар суландыру жүйесі талқандалып, Отырар кітапханасы жойылып, Ұлы Жібек жолындағы қатынас үзіліп, өндіріс тоқтап қалалары күл басқан төбелерге далалары шөлейтті аймаққа айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |