Зерттеудің көкейтестілігі


Тәушен (Тәуіркөз) Жорабекқызы Әбуова



бет6/7
Дата05.06.2017
өлшемі1,23 Mb.
#18150
1   2   3   4   5   6   7
Тәушен (Тәуіркөз) Жорабекқызы Әбуова 1932 жылы 2 наурызда Оңтүстік Қазақстан обылысы, Отырар ауданы, Қостерек ауылында туылып, 2004 жылы осы ауданның Балтакөл ауылында дүние салады.

Әке-шешесінен келген бұл өнері мектепте жүргенде –ақ байқала бастады. Ақынның әкесі тоғыз жасында қайтыс болады, көп кешікпей соғыс басталады. Ауыртпалық шешесі екеуінің мойнына түседі. Тәушен тез есейіп балалық дәуренмен қоштасады.

Ауылдағы 7 жылдық мектепті бітірген соң аудандық оқу бөлімі оны білім алу үшін Шымкент қаласына мектеп интернатқа жібереді, бірақ отбасы жағдайына байланысты оқуға бара алмайды.

Тәушен 1958 жылы Серікбай деген азаматқа тұрмысқа шығады. Жаңа орта оның ән салуына тыйым салады. Балтакөл ауылының тоғайында тұратын Тәушен тезек теруді сылтау етіп “Балтакөл” мектеп интернаты оқушыларына ән салып шерін тарқатып қайтатын. Мына өлең жолдарынан аңғаруға болады;

Қолыма қабымды алып тезек тердім,

Шөпшекпенен екеуін кезек тердім,

Қалам алып отырар қайран басым,

Бұзау қуып мінеки безектедім.

Тәушеннің әкесі Жорабектің кіндігінен 17 перзент тарап, тірі қалғаны Башар, Тәушен, Асқар еді. Үлкені Башар 1973 жылы Асқар 1984 ж. дүниеден озып, Тәушен жалғыз қалады. Осы қайғы ақынның қуаныш сезімін өшіріп, қайғы азабы жан дүниесінің астан-кестеңін шығарып есеңгіретіп жібереді.

Күнде тоқсан жуамын тост ағымды ,

Жоқтық тағдыр кеудеме от жалынды

Он алтыдан қарайып соңыма ерген

Қалай енді ұмытам Асқарымды,

Жалған дүние

Салдың күйге

Омырауымнан үзіліп түсті алтын түйме,

Асқарым –жас жаным

Сен кеткен соң тұман болды аспаным

Сағынсам да, сарғайсам да таппадым,

Қайғы дерттің өлең сөзін жаттадым



  • деп, жоқтау айтады.

Белгілі журналист Т.Қысмұратов “Көзі ашылмаған бір бұлақ” (Оңтүстік Қазақстан 25 шілде 1886 ж) Тәушен Әбуова мен бөгендік Тұрғанбай Егізбаевтың “Бақытқа қолы жеткен барлық қауым арнайық Октябрьге жыр арқауын” деген жалпы тақырыптағы айтысы (Оңтүстік Қазақстан 21 қараша 1986 ж.) Төрекелді Байтасовтың “Өрнегі елге, көрнегі елге үлгі өнер мерекесі” (Оңтүстік Қазақстан 18 қыркүйек 1986 ж.) Ә.Жылқышиевтің “Өнегелі елдің өнерпаздары” (Оңтүстік Қазақстан газет) М.Қожахметова (“Айтыста ашылған ақ бұлақ” (Қазақстан әйелдері №2, 1988 жыл,) Е.Бекқұловтың “Асылды тот баспайды”, (Оңтүстік Қазақстан, 3 сәуір 1988 ж.) Ә.Қалмырзаевтың “Тәушен” (Оңтүстік Қазақстан 2 шілде 1988 жыл ) Тәушеннің Тұрар Байсариевпен айтысы (Оңтүстік Қазақстан 25 қаңтар1991 ж) т.б. туындылар осындай ақын шығармашылығына арналған танымдық дүниелер болатын.

Ақын Шәмшіге “Манап ақынға”, “Қаныбекке”, “Мұхтарға”, “Мұсаханға” т.б. өлеңдерінде өнер иелері мен еңбек ерлерінің сазгерлік ақындық, азаматтық болмыстарын, еңбектегі ерлігін жеткіншек ұрпаққа үлгі етеді.

Тәушен өлеңдері құрылысы жағынан көбіне төрт, алты, оннан да көп тармақты түрінде, он бір буынды, сегіз буынды, жеті буынды өлең болып келеді. Өлеңдері әр түрлі тақырыпқа арналады. Олар “Отырар”, “Тілек”, “Қиялым”, “Сыр”, “Тіл құдіреті”, “Қазақ туралы”, “Жақсы сөз көнермейді”, “Бір әріп”, “Ән сазы”, “Тың дала”, “Сырға”, “Ауылдасым”, “Түсінбедім”, “Көңілдегі күдік”, “Қорқам”, “Мұңайма көңілім”, “Бір күнгі реніш”, “Ана болғым келеді”, “Құлаққағыс”, “Атым қалса болды тарихта”, “Асылым менің ,Асқарым!”, “Асқарым”, “Аға” т.б.

Тәушен Әбуова бірнеше айтысқа қатысқан. “Тәушен мен Шайқым”, Шайқым Қасымбеков 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген ауданында туылып, Отырар ауданында қайтыс болған. “Отырар”, “Айтбайға”, “Қызыл ақын” , “Ғибрат өлең”, “Момын мен залым ” т.б. өлең жолдары бар. “Тәушен мен Көпбай” айтысы. Көпбай Омаров 1929 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылында туылып, 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы Ермоловка қыстағында қайтыс болды.

Тәушен мен Манап Көкенов 1928 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы , Талапты ауылында туылып, сонда қайтыс болды. Халық ақыны Құлан. Нартай, Базар жырау, Тұрмағанбет секілді үлкен өнер иелерінің өлең жырларын жаттай тәлім алған.

Тәушен мен Манап айтысынан үзінді;

Армысың Керекудің асыл жері

Ұл-қызы өнерлісі, еңбеккері?

Дүрлерден, Сырдан келді қалған тұяқ,

Ақындар мекені деп аңсап сені

Бұл жерде Бұқар жырау өмір кешкен,

Халқымен бір қайғырып, бірге көшкен.

Маңғызы маң даланың Мәшһүр Жүсіп,

Елдің жайын ерлермен сан кеңескен

Қас жүйрік Жаяу мұса, әнші Естай

Иса ақын өтті өнер тең келместен

Әйгілі уәли қызы Майра апамның,

Ән-жыры құлағымда желдей ескен,

Қазақтың классигі Сұлтанмахмұт,

Өнерге тәйіт болармын айтпай кетсем

Бәрі де қазағымның мақтанышы,

Оларға артық етпес тәлім еткен

Тәушенжан мен саған ораламын.
Тәушен:

Отырардан әкелдім әнімді енді,

Әуендетіп, түзетіп сәнімді енді,

Сау саламат жүрсің бе, Манап ақын,

Сәлемдесу салтымыз кәдімгі енді

Әл-Фараби бабамнан кеп отырмын.

Жетпіс жылмен құттықтап бәріңді енді

Самғатқан соң заманым самғағанмын

Халқыма ұнаса деп салған әнім.

Оқымаған әншейін сауыншымын

Сөйтіп жүріп бәрін де аңғарамын.
Тәушен сондай-ақ Тұрғанбай Егізбаев, Тұрар Байсариев, Әшірмат Мұсаев, Қалихан Алтынбеков, Мұхамедқали Тұрсанов, Ыдырыс Иманбердиев сияқты ақындармен айтысқа түскен.

2.3. Отырар өңіріндегі дін және наным-сенім
Отырар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан мәдениеті, экономикасы, ғылымы дамыған Орта Азиядағы ең ірі қалалардың бірі, Отырар оазисінің астанасы болды.

Отырар өңірінде Ұлы Жібек жолы арқылы діни наным-сенімдер таратылды.

Ежелгі жазба деректерде садақты асқан шеберлікпен ататын сақтар жайында жазылған.

Шындығында сақтарды жерлеу дәстүрлерінде жебе ұштары табылған. Ол бірнеше ғасырлар бойы қоладан құйылған/79/. Сақтар жануар немесе аң құсқа сыйынған, бұл ежелден келе жатқан тотелизм сенімі бойынша қалыптасқан яғни адамдар әр түрлі жануарлардан пайда болған деген ұғым . Олар қасқыр, бұғы, тау ешкісі, арыстан т.б. жануарларға айтылған.

Аңның суреті бейнеленген заттар тұмар ретінде өте киелі болып саналған/80.

Сақ дәуіріндегі қару-жараққа бейнеленген аңның суреті оларды жаугершіліктен қорғап жүреді деген ұғымды білдірген.

Қазақстан археологы К.Акишев бастаған археологиялық экспедицияның анықтауы бойынша қаңлылардың І- ғасырдың саяси орталығы Отырар болған. Қаңлылардың бір бөлігі отқа, айға, күнге, ата-баба әруағына табынған гүлденген кезінде бұл мемлекет Бұхара, Хорезм Орта Азияның т.б. жерлерін өзіне қаратты/81/. Ұлы Жібек жолы діннің діннің дамуына әсері көп болды. Үндіден Орта Азия және Шығыс Түркістан арқылы буддизм, Сирия, Иран, Арабтан христиан одан кейін, ислам діні тарады./82/

Оңтүстік Қазақстанның отырықшы халық арарсында манихейлік дін тарады. Манихейлік дін ІІІ ғ Иранда болып Италиядан Қытайға дейін жаулап алды./83/ Манихей ол рух пен материяны шендестіруге ұмтылыс болып табылады.

Сырдария бойындағы қалаларда дүние жүзілік дін зороастризм тарады.

Бұл дінге тән нәрселер суды, отты, ауаны, жерді қастерлеу. Сондай-ақ ата-баба әруағына қой, жылқы, түйе тәрізді жануарларға табынған. Зороастризм діні Қазақстан қалаларына ҮІ- ІІІ ғ.ғ. соғдылар арқылы енді./84/

Біздің эрамыздың ҮІ-ҮІІ тән қолдарында заты бар әйел мен еркек құдайы бейнеленген өрнекті тақтай Шонар Құйрық төбеден табылады. Құйрықтөбе Отырар оазисіндегі ең ірі ескерткіштердің бірі Ортағасырлық кедергі қаласының орны делінеді. Ол ІХ –ІХ ғ.ғ. Фараб округінің астанасы болған./85/

Құйрықтөбе құрылыс кешені қатты өрт тақтайшаларының бүгінде көлемі 122 х 25 см аң бейнелі тақта ойылған қос құдай мүйіздері артына доғалана иіліп жатқан екі қой кейпіндегі тақта отыр./86/ Өрнекті тақтайшалар санап Отырар өңірінің діни наным-сенімдері жөнінде мол мағлұмат береді.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде сақтаулы тұрған Құйрықтөбеден табылған тақтайшалар саны 2 дана. Оның бетіндегі өрнектері өрт әсерінен өшкен ҮШ-ІХ ғ.ғ. тән тақтайшалардың саны 2 дана. Оның бетіндегі өрнектер өшкен.

Х-ХІ ғ.ғ ислам діні Оңтүстік Қазақстанда кең етек жая бастағаннан кейін де ыдыстардың қақпақтарының тұтқалалары қораз, қошқар басты бас жағы үштік мұнара тәрізді болып келген. Жануар бейнелі тұтқалалар көз тимеу үшін жасалған.

Қошқар – Фарн құдайдың бейнесі, ол денсаулық кеплілі, барлық жаманшылықтан жебеп қорғаушы деген ұғымды береді./86/

Отырар өңірінен археологиялық қазба барысында табылған әр түрлі жануар барысында табылған әр түрлі жануар бейнелі болып келген ыдыс тұтқалары (қошқар,қораз басты, ақбөкен мүсінді) ешкі, бұғы, адам бейнелі болып келген тұмаршалар Қазақстанда ислам діні орнағанға дейінгі діни наным-сенімдердің болғанының белгісі. Тұмаршалардың көпшілігі Көкмарданнан табылған олар ІІІ-Ү ғ.ғ тән қоладан жасалған.

Зороастризмдік пұтқа табынушылықтың көптеген әсерлері Қазақстан қалаларында исламдіні пайда болғаннан кейін де көпке дейін сақтала берді./87/

Отырар өңірінен табылған заттар арқылы олардың сыртындағы ою-өрнектер арқылы қандай діни наным-сенімдердің болғаны дәлеледенеді. Ертедегі ата-бабаларымыз өсімдікті, жан-жануарлар дүниесін, қоршаған ортаны, аң-құстың суретін өрнектеп салған. Бұл сонау сақ дәуіріндегі кезеңмен басталып қазіргі кезге дейін жалғасын тауып келеді. Саздан, металлдан, ағаштан, сүйектен, тастан жасалған бұйымдарға ою-өрнектер салу ерте кезден басталады, ата-бабадан қалған мұра болып табылады.

Құйрықтөбеден табылған Х-ХІІ ғ.ғ. тән ыдыс сыртындағы ою-өрнектер ат,құс, жылан бейнелі болып келген.

Ислам діні кең етек жая бастағаннан кейін ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. ыдыстардың сыртына араб жазуы тәрізді өрнектер түсірілген. Қазіргі кездегі ою-өрнектер өз ерекшеліктерін сақтап ежелгіден қазіргі кезге дейін сақталып бізге жеткен.

Ө.Жәнібеков Жолайрықта деген кітабында былай деп жазады. Қазақ ою-өрнегінің көркем айдың және оның икемді баламасы түрдің ғасырлар бойы белгілі бір тәртіппен дамып келгеніне байланысты өзіндігі мен өзгешеліктерін сақтап бізге жеткені мәлім. Онда елдің тектестік жағынан қалыптасу кезеңі меңзейтін жәйттар да жоқ емес. Мысалға алсақ көне түркілердің түсінігі бойынша құс көктің, балық-судың, ағаш жердің белгісі болған екен. Ал олардың қазақ ою-өрнегініңтіке сызықты, нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түскені белгілі./88/

Ислам діні Жібек Жолы бойындағы қалаларда орныққаннан кейін монихейлік, буддизм , зороастризм діндері ығыса бастады. Бірақ исламнан бұрынғы діни наным-сенімдер қазіргі кезде қазақтың тұрмыс салтындағы ырымға айналды. Мысалы суға, отқа, айға, жерге, көкке сыйыну салты бар жаңа туған ай көргенде: “Ай көрдім, аман көрдім, бұрынғыдай заман көрдім, ескі айда есіркей көр, жаңа айда жарылқай көр” –деп айға сыйынады. Бұрынғы қазақ қауымы отты жарық нұрдың, күн көзінің нышаны барлық пәле-жаладан аластайтын киелі зат деп қастерлеген./89/

Жаңа түскен келін үйге алғаш рет кіргенде отқа май құйдырып, лапылдап жанған отқа қарап от ана, май ана жарылқа деп сыйынады. Осы сияқты тағы да басқа ырымдар ел арасында сақталды.

Дегенмен өткен және қылышпен ғана емес, сонымен бірге мұсылман көпестерінің майы сорғалаған майда тілімен де кең тараған ислам діні Шығыстағы христиан, будда зороастра діндерін де жергілікті табынушылықтарды да бірте-бірте ығыстырып жібереді./90/

Жібек жолы бойындағы қалаларда жаңа дін орныққаннан кейін мешіт, медреселер, кесенелер салына бастады.

Соның бірі - Арыстанбаб кесенесі.

Ахмет Иассауидің алғашқы ұстазы, жүгінер пірі болған Арыстанбаб есімі Отырар, Сайрам, Иассы өңіріндегі сопылардың рухани жолбасшысы ретінде кеңінен жайылған. Ел арасында “Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле” деген ұлағатты сөз бар. К.Г. Зельман, Ә.Диваев, В.В.Бартольд, М.Е.Массон, А.А. Семенов, Дж.Тирмингэм, И.Меликофф еңбектерінде Арыстанбабтың Қожа Ахмет Иассауиге ұстаздық еткені туралы айтылады. Бірінші хикметте “Жеті жаста Арыстан бабама сәлем” деп ұстазым алғаш кезіккен уақытты көрсетеді. Екінші хикметте: Жеті жасымда Арыстан бабамды іздеп таптым, Көре сала пердемен бүркеп жаптым. Биһамды-л-лаһи таныдым деп ізімді сүйді, сол себептен алпыс үште жерге кірдім.”Диуани Хикмет” бізге Арыстанбаб пен Қожа Ахмет бабаблар өмір -өнегесінің мазмұны – сопылық , ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Азия алабындағы ежелгі сәулет өнері ескерткіштерінің бірі-Арыстанбаб кесенесі және Отырар қаласының маңына жерленген Арыстанбаб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана мешіт, құжырхана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі-қабірхана. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Мазар ХІҮ ғасырда қайта жөнделген. Осыған орай ел арасында таралған мынадай аңыз бар, “Қожа Ахмет мазарының қабырғалары қаланып болған түні алып өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Ғимараттың қабырғасы қайта тұрғызылып, күмбездер қайта қалана бастағанда осы оқыс оқиға тағы қайталанып, құрылыс үйілген төбеге айналады”. Тегін емес бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Бір күні түсіне ақ киімді шал еніп, ол Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы – Арыстанбабтың қабірі үстіне ақ киімді шал еніп, ол Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы- Арыстанбабтың қабірі үстіне мазар сал деп аян береді. Осы аян - өсиет орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мазарының құрылысын ойдағыдай тәмәмдапты.”

Арыстанбаб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен, күйдірілген кірпіштің, ауданы –35 х 12 метр, биіктігі 12 метр, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға Әзірет Сұлтанға бағытталған, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделді, дәліз қақпа маңдайшасына хидра бойынша соңғы құрылыс жүрген уақыт 1327 жыл деп таңбаланған мәрмәр тақта қаланған.

Арыстанбаб жайлы мынадай бір аңыз бар: “Мұхаммед 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап: Мен дүниеден қайтып барамын. Кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен? Деген сол кезде топтан 300 жастағы Арыстанбаб (Салмени Фарс) үн қатады. Ол сол кезге дейін 33 түрлі дінді білген, тек исламға ғана мойынсұнған адам екен. Арыстанбабтың келісімін алған Мұхаммед Алла мен ақылдасуға аттанады. Оның ризашылығын алған соң аманатын Арыстанбабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстанбаб 11 жасар баланы жолықтырады “Ақсақал аманатымды беріңіз” –дейді бала. Сол бала осы Ахмет екен”. Келтірілген діни аңыздың негізгі ойы; Қожа Ахмет Мұхаммед пайғамбардың ісін жалғастырушы, оларды байланыстырып тұрған Арыстанбаб (Салмени- Фарс).

Қоғам ауылының қариясы Сариев Сақтың айтуынша, сол жылдары Арыстанбаб еесенесіне таяу тораңғы, жиде, жыңғыл тоғайларының ішінде әр жерде парақтары жалбырап шашылып жатқан көне кітаптарды талайлар көрген. Бірақ, үкіметтен қорқып қайтадан ол тоғайдың маңына да жақындай алмаған. Ал, көзі қарақты Әбусейіт осы қасиетті кітаптарды шамасы талайлар сақтап қалуға тәуекел еткен. Ол түнделетіп жасырынып барып шырақтың жарығымен алдымен “Тафсир-әл-Құран”, “Құран-Кәрім”, “Кәлем шариф”, “Мұхтасар”, “Шариғат ұлағаты”. (Әбу-әл-Фатх Мұхаммад Баһадур хан бұйрығымен аударушы Мұхаммад ибн Ахмад Захиди), “Ғұлама Фазыл”, “Шариғат сақтаушысы”, “Раддул Мұхтар ” 2- 3- 4 том, “Жами ал-Рамуз”, Мулла Абд –Ди-Азиз ишан Ахунд, “Шарх Мулла Жами”, “ Шариғат кітабы”, “Пайғамбарлар тарихы”, ”Мың бір хадис”, “Шариғат ұраны”, “Емшілік кітабы”, “Араб тілінің грамматикасы”, “Қайрымдылық дәлелдер ”, “Түрки Хадж Нама”, “Диуани Физули”,”Девони Хафиж”, “Софы Аллаяр”, “Өлеңдер”, Қожа Ахмет Иасауи , “ Диуани Хикмет”, Шәдітөре Жаһангерұлы , “Алтыбармақ”, т.б. кітаптарды, құпия хатты, жүздеген және қолжазбаларды алып шыққан екен. Олардың көпшілігінің бірінші және соңғы беттеріне “Арысланбабқа” деп атап жазылып, ол мұсылман әлемінде атақты жиырма қарының тарихын жазған Садықұлы молда Фахрудиннің мөрімен куәландырылған.

Осы кітаптарды мазмұн тақырыптарға салаласақ , көпшілігі қасиетті ислам әдебиеті, бүкіл түркі халқының бәріне ортақ ұлы ойшыл ақын сонау Шиш пайғамбардан бері келе жатқан сопылық ағымның Орта ғасырдағыі өкілі , “Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет” деп талай ұрпағымыз ардақтап, хикметтерін жатқа айтып келе жатқан Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметтері”, оның ақындық өнері мен дүниетанымын жалғастыра дамытушы шәкірттерінің бірі ұлы Абайдың өзі өмірімен, шығармаларымен таныс болған Софы Аллаярдың (Мекемтас Мырзахметұлы) әлем поэзиясының алыптары Гете мен Пушкиннің өз дарынына бас иіп пір тұтқан парсының ұлы ақыны Шамсудин Мұхаммед Сүлеймен оғлының, қазақ ақыны Шәдітөре Жаһангерұлының “Алтыбармағы” т.б. шығармалары болып шығар еді. Бұл кітаптар өткен ғасырларда Қазан, Ташкент, Стамбул, Мысыр, Үнді баспаларында басылып шыққан. Тілі араб, парсы, түркі, татар, қазақ.

Өткен ғасырларда Орта Азия, Еділ бойы, Кавказ Қазақстан жеріндегі медреселерде ислам дінінің негіздері басым оқытылғанымен орындарында сопылық поэзияның классиктері де молынан оқытылған десек, (Мекемтас Мырзахметұлы), Отырар кітапханасының жұрнағы Арыстанбаб кітапханасының қорында да сопылық поэзиясының классиктері Қожа Ахмет Иасауи, Софы Аллаяр, Хафиз, Физули, Шәді т.б. шығармаларының болуы заңды. Әбусейіттен қалған кітаптарды үлгергенінше Арыстанбаб кесене-мешітінің бас ұстасы Қалмырза Мүсәпірұлы жасырады.

Қазір Ташкент шаһарында тұратын Қалмырзаның жұбайы Сара әжейдің айтуынша , ері қайтыс боларынан бір жыл бұрын , яғни, 1960 жылы Рахымжан деген баласын үйінің маңындағы мазыратқа ертіп барып, көзінің тірісінде өзіне кең етіп қабір қаздырады. Соған үйіндегі Арыстанбабтың бар көне кітаптарын үш қаппен әкеп болашақ мәйітке орын қалдырып, астына ақ мата төсеп айнала қаластырып, жинайды да қабірдің бетін уақытша ағаш қақпақпен жаптырады. Содан соң құран оқып, баласына әкелік өсиетін айта отырып: “Балам, мен өлген соң бұл кітаптардың қасиетін ешкім де оқып білмес, обал жазырына қалармын, аяқ асты етпей о дүниеге өзіммен бірге ала кетейін, өлген соң мені осында жерлеңдер”-деген екен. Аяулы қарт 1961 жылы 12 қаңтарда ораза айында дүние салып, өзінің өсиеті бойынша жерленген. Отырар-Арыстанбаб кітапханасының кей тағдыры осылай да болған.

Қазір біздің қолымызда Қалмырзаға қатысты оның үйінде ескерткішке сақтауға қалдырған Арыстанбаб кітапханасының бір кітабы, бірнеше фотосуреттері , шекпені бар.

Қалмырза Мүсәпірұлы 1888 жылы Түркістан шаһарының маңындағы Мыңөрік деген жерінде туылған. Білімді Түркістан медіресесінде Нәбеке деген кісіден алған. Ол медреседе өте талантты, білімді, өнерлі шәкірт болған. Ұстазы Нәбеке сабаққа қырсыз талай шәкірттерін тізесімен тұзға отырғызып жазалағанда, Қалмырза оларға жаны ашып, өзім оқытам деп босаттырып алады екен. Ал өзі бірде-бір рет ұстаз жазасына ілікпеген.

Қалмырза 6-7 жасында-ақ үйдің майда – шүйде тұрмыстық заттарын жасап, кейін атақты суретші-ұста болады.

Түркістанда талай үйлердің іші-сыртын ою-өрнекпен безендірген осы Қалмырза болатын.

Өткен ғасырдың басында 1903 жылы патша үкіметі өзінің отаршылдық саяси экономикалық мақсатына орай Орынбор, Ташкент теміржолының құрылысын бастады. Патша үкіметі бұл жұмысқа теміржолға таяу жергілікті болыстардан құрылысшы ұсталарды көмекшілікке тартты.

Төрт қақпалы Түркістанда билік құрбан Мырзабайұлы Сапарбай болыс Түркістан шаһары мен оның маңындағы ауылдардан ең мықты деген ұсталардың басын қосып , Түркістан вокзалының құрылысын бастады. Міне, осы ұсталардың ең жасы Қалмырза Мүсәпірұлы болған.
2.4. Музыка Мәдениеті
Қазақтардың музыкалық аспаптары қазақтардың музыка мәдениеті болғанын көрсетеді. Музыкалық аспаптар жалпы ұлттық және фольклорлық болып бөлінеді./91/ Жалпы халықтық аспаптар домбыра, қобыз, сыбызғы.

Фольклорлық аспаптар – уілдек, сазген, желбауыз, желқобыз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шындауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан, шаңқобыз, ауыз сырнай. Музыка мәдениеті туралы Әбу Нәсір әль Фараби жазып қалдырған, саяхатшылар да жазып қалдырған, құлып тастарда да бейнеленген.

Музыкалық аспаптың түрлері уілдек Х-ХІІ ғ. тән Ежелгі Отырар қаласынан қазбадан табылған, халықтың музыкалық аспаптарының ертеден келе жатқан тарихы бар, жазба деректерде жазылған.

Домбыраны шайыры аз қарағайдан жасаған. Ол 14 немесе 9 пернелі болған.

Шертер- үш ішекті көне аспап. Оның мойыны қысқа, шанағы қақпақсыз ішектері жылқы қылынан тағылады.

Жетіген- жеті шекті көне аспап ішектері жылқы қылынан тағылатын. Басқа ішекті аспаптардан айырмашылығы оның бұрауының болмауында сондықтан оның құлақ күйі әр ішек аныты қондырылатын асықтардың ілгерілі-кейінді жылжытылуы арқылы орындалатын.

Даңғыра асатаяқ – ұрып, сілкіп ойнайтын сыбызғы – үріп ойнайтын қазақтың көне музыкалық аспптары.

Әбу Нәсір әль Фараби заманында ІІІ-Х ғ.ғ. арасына кең тараған. Оның ең алғаш тұп нұсқасы 1968 ж Отырар қаласының орнынан өлкетанушы Асантай Әлімов тапқан.

Сазсырнай- Әбу Нәсір әл-Фараби заманында (ІХ-Х ғ.ғ.) халық арасына кең тараған үрмелі саз аспабы. Сазсырнайдың тағы бір түрі 1978 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігі ұйымдастырған археологиялық экспедицияның Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің төңірегінде жүргізген қазба жұмыстарының кезінде табылды. Мұның жуан жағындағы екі ойығының диаметрі –2 мм, биіктігі 38 мм, ортасының диаметрі 29 мм. Сазсырнай майлы сазбалшықтан белгілі үлгідегі қалыпта екі сұлбада жасалып, біріктіріледі, кептіріліп, ойықтары ойылып, 960 градус ыстықта күйдіріліп сыртына глазур жағылады. Аспаты күйге келтіру үшін әуелі үрлеуге арналған ойықты сазсырнайдың ерінге тақалатын тұсының оң жағынан сәл солға қарай қиғаштау ояды. Сонда шанақ қуысына бағытталған ауа ішкі ернеуге тиіп, толқын пайда болады. Шанаққа тиген осы ауа толқыны жаңғырып дыбыс шығарылады. Осы дыбысты қажетті биіктікте алу үшін белгілі бір көлемде аспаптың бүйірінен ойықтар жасалады. Ойықтарды сазбалшықпен үлкейтіп немесе кішірейту арқылы дыбыс қуаты төмен не жоғартылады.

Қазақтың шертеріне келсек мойыны қысқа, шанағы терімен жабылатыны – аспапқа өмір беріп, жан бітірген аңшы даңғырасының оның құрамында мәңгілікке біте қайнасып қалып қойғанының талассыз айғағы. Шертерді шертіп те, қияқпен ысып та ойнауға болады.

Қобыздың “қобыз” деп аталуы көнетүркі көнетүркілердің тәңірге жалбарынған кезде айтатын сөзіне меңзейтініне қарап, аспаптың әуел бастан-ақ ғұрыптық аспап болғанына күмән келтіруге болмас./92/ Ол ғасырлар бойы бақсының сарыны мен билерін сүйемелдеуге пайдаланылып келген.

Тағы бір қызығы, Әбу Нәсір әл-Фарабидің айтуына қарағанда қазіргі домбыраға ұқсас тамбурлардың бұрын тұрақты және жылжымалы пернелері болған.

Дабыл арқылы жаудың жақындағанын хабарлап ұрыс қимылдарын бастау немесе оны кенет тоқтату қажеттігі жайлы дыбыс беретін болған. Ал, дауылпаз, шыңдауыл болса негізінен аңшылыққа даңғыра кепшік той думан кезіндегі қызықшылыққа арналған.

Екінші Аристотель атанған жерлесіміз Әбу Нәсір Әль-Фараби. Музыка мәдениетіне де үлкен мән беріп ол туралы зерттегеен. Оның музыка теориясына арналған еңбегі “Музыканың үлкен кітабы” деп аталады. Ғұлама ғалым өз еңбегінде математикалық тәсілдер пайдаланып музыкалық дыбыстарды тұңғыш қағаз бетіне түсірген, нотаны алғаш рет дүниеге келтірген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр әль-Фараби десек қателеспеген болар едік./93/ Оған Әбу Нәсір әл-Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә. Өзінің музыка ғылымдары туралы еңбегінде Әбу Нәсір әл-Фараби музыканың емдік қасиетінің зор екенін, оның тәрбиелік мәні бар екенін де айтқан. Адам дүниесіне жағымды және жағымсыз ететін жақтарына талдау жасады.

“Музыканың ұлы кітабы” деген кітабы, музыка ғылымының негіздері, Музыкалық аспаптар, музыкалық композиция деген үлкен төрт тараудан тұрады.

Әбу Нәсір әль-Фарабидің музыка ғылымы туралы еңбектері Европаның да музыка ғылымына, өнеріне үлкен әсерін тигізді.

Ғұлама ғалым Әбу Нәсір әль-Фарабидің музыка аспабында ойнағаны туралы ел арасында аңыз-әңгімелер тараған. Шет мемлекеттерде ғылым іздеп жүрген уақытта бір сарайға келеді. Өзінің музыкалық аспабын алып әуенге салғанда оның қайғылы болғаны сонша барлық сарай адамдары жылапты, ал екінші әуенге салғанда ол әуеннің көңілді болғаны сонша барлығы күлкіге батыпты, ал үшінші әуенге салғанда ол әуеннің жағымды болғаны сонша барлығы барлық сарайдағы адамдар ұйықтап қалған екен, сол кезде ғұлама ғалым жәй ғана сарайдан шығып кетіп, әрі қарай жол жүре берген екен.

Әбу Нәсір әль-Фарабидің ойнаған музыка аспабы 9 шекті қазіргі домбыра екен деп айтады. Демек, музыка мәдениеті ең алғаш рет Отырарда дамыған, себебі оны дүниеге келтірген адам осы Отырарда туылған, ал екінші ұлттық музыка аспабымыз саз сырнай осы Отырардан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылды. Ол ІХ-Х ғ.ғ. тән екен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет