Зерттеудің көкейтестілігі


Қаратау атырабының ақындары



бет5/7
Дата05.06.2017
өлшемі1,23 Mb.
#18150
1   2   3   4   5   6   7

2.2. Қаратау атырабының ақындары




Орта ғасырда Сыр бойы мен Қаратау атырабында туылған дүниежүзілік ғылым мен мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан рухани мәдениетіміздің әлемдік жарық жұлдыздары ақын-жыраулар Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Шәді Жаһангерұлы, Жүсіпбекқожа Шайыхсыламұлы, Молда Мұса Байзақұлы, Манат Бекбергенқызы, Ергөбек Құттыбайұлы, Қызыл жырау Байжанұлы, Тәушен Әбуова артында мәңгі өшпес рухани мұрасын қалдырды.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы өз өлеңдерінде елдің бірлігін насихаттайды, арлы, абыройлы еңбекқор адам тәрбиелеп, тұрмыс тіршілік қамын ұйымдастыру жайлы айтады. Ол көптеген ақындармен айтысқа түседі. Дін жайында да жазады, Шора батыр “жиренше” шешен аңызы, ертегілерінің де тәрбиелік мәні өте зор.

Мырзабек Байжанұлы (Қызыл жырау) түрлі тақырыптарда өлең жазған. Таза жүріп, таза тұрып еңбек ету керек екенін жырлайды. Ол Мәделі , Майлықожа, Нұралы, Молда Мұса, Айтбай, Балтабай, Әкімгерей секілді ақын-жыраулармен өнер сайыстырған.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы өткен ғасырда 1835 ж. Сырдария өзенінің бойында Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданына қарасты “Қожа тоғай” Қаракөл қой совхозы тұрған жерде туған. Әкесі Сұлтан Қожа Атақожа баласы орта шаруалы ұрт мінезді, тура сөзді кісі болыпты./73/ Майлықожа 14 жасқа келгенде әкесі қайтыс болады. Нағашы атасы Исаның қолына анасы мен Майлықожа. Есенхан үшеуі барады, кейін көп ұзамай анасы да дүние салады. Ағайын–жұртының жәрдемімен Әбдірахман деген кісінің қызы Еркеайымға үйленеді. Қайда жүрсе де өлең шығаруды тастамайды. Қыз-жігіттерге махаббат өлеңдері, сәлем хатттар, қазаға ұщырап қалған қаралы үйлерге жоқтаулар шығарып бере жүреді. Ол өлеңдерінде жоқшылықтан көрген жәбірлерін айтады, назаланып отырады.


«Қай кісі едім?» -деген өлеңнің тарихы былай: «Сиқымның руынан сайланған Қасымбек болыстың үйіне қона жатып Майлықожа үш күн өлең айтыпты. Мініп келген атының ер -тоқымын қайтар кезде таппай қалады.Оны Қасымбектің бәйбішесі тығып тастапты. Үй-ішінің әр жерінен іздеп жүрсе бәйбіше: «Жоғалсын қонам, жоғалсын. Сені күтеміз деп үш күннен бері шашымыз сыпырғы, қолымыз көсеу болды. Бізді де бір ауыз өлеңге қоспадың» -дейді. Сонда:
« Қазақта озған бұл жұрттың майлысы едім,

Бір өлеңім болмаса қай кісі едім?

Бес-алты өлеңді айтып беріп ,

Көңілін қош қылайын бәбішенің,

Жоғалмаса құрысын тартпа, желдік,

Бұрын қайбір ер-тоқымым сай кісі едім.»


«Сорымен айтысқаны» деген өлеңін де өз өмірінің қыры мен сырын, басынан кетпей қойған кедейшілігі жайында айтады:
« Апыр-ай, сорым, шының бай-ай

Шыныңмен айтшы сырыңды-ай,

Кетегемнен тартқылап,

Кедей ғып қақтың шырымды-ай»

Кедейліктің өмірі жанын жегідей жейді. Ол Сұлтан деген төренің атаққа шыққан Ханапа дейтін қызына кездеседі. Олар бір-біріне сөз беріп серттеседі.

Содан Сыр бойында орталарында отырған аз ауыл қожа мен төре тұқымының намысын жыртқан жұрт қалың қоңырат арасы тұлан тұтып, дау-дамай туады./74/ Ақынның бере алатын ақшасы жоқ болған соң олар Нұрата Жызақ жағынан өтіп ол жерде екі жылдай болып, туған жерге оралады. Майлықожаның үлкен балалары – Жолбарыс,Қабылан, Асан, Әлімхандар- бәйбішесі Еркеайымнан. 1935 жылы өлген кенжесі Исабек Ханападан.

Майлықожа өлеңдерінде елдің бірлігін насихаттайды, арлы, абыройлы еңбекқор адам тәрбиелеу, тұрмыс-тіршілік, қамын тиімді ұйымдастыру жайлы айтылады. Ол көптеген ақындармен айтысқа түседі. Нағашысы Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, қырғыз еліндегі Жаныс ақын, Айман мен Гүлханым есімді қыздарды кездестіреді.

Ақын бір жағынан диқаншылықпен де айналысқан Сырдария өзенінің ернеуін жырып, алдын тоғандап тосқауыл жасап, арнайы арық тарттырғаны, сол арық бойымен жағадағы ауыл маңына су ағызып, шөлейіт жерлерді суландырғаны, сөйтіп бір жағынан диқаншылықпен шұғылданғаны да қызықты жәйіт/75/. Ақын қаздырған арық-атыз Шардара ауданы “Сүткент “совхозының өзеннен өтер өткел тұрған жер – Қызылжарда осы күнге дейін сақталған , өмірінің соңына қарай ақын Алматы темір жолының қазіргі Бадам станциясы тұрған төңірекке келіп тұрады Ол осында 1898 жылы дүние салады.

“ Бадам мен аман оман болған Ақбұлағым,

Жатыпмын қимылдауға келмей шағым,

Бізге ырза болыңдар үлкен-кіші

Аттанар ақыретке болды уағым ” –

Ақындық өнерді жоғары бағалай келе ол ақындығының қалыптасуына ықпалы тиген шығыстың атағы әлемге жайылған ұлы ақындары қатарынан Әбілқасым Бердоуси, Әлішер Науаи

Есімдерін атайды өзін солардың шәкірті санайды.

«Сарттан өткен Науаи

Тілдің гәусар гүлі еді,

Парсыда өткен Фердауси

Заманында дүр еді.


Нұсқа ғып айтсам кейінге,

Ақынның салар пірі еді,

Қай қазақта ақын боп

Өткендерденірі еді?


Майлы ақынның өзіне,

Ыбырат берер осылар,

Болар еді-ау тірегі ».
Дін жайында да жазады. Оның түсінігінше адамзат, күллі мақұлық жанды-жансызды жаратушы,жалғыз құдай.

Майлықожаның Тұрлыбек, Момынбек датқаларды жоқтауы «Датқалар» туралы толғау «Алланың аманаты өзі алса », « Алдайтын бұл бендені дүние қу» т.б. көңіл айтулармен «Мылтықбай мырза тыңдағын», «Мәделі батыр ағамыз», «Исаны көрді көзіміз» сияқты көзі тірі кісілерге көңіл сұрау.

Майлықожа ақынның «Шора батыр», «Жиренше» шешен аңызы басқа да ертегілері Майлықожа мұрасының маңызды саласы болып табылады. Майлықожа өлеңдерін негізінен төрт топқа жіктеп қарастырған дұрыс. Олар: біріншіден,ғашықтық құштарлық сезімдерін толғайтын, екіншіден айналасын қоршаған жаратылыс жақсылықтарын қызықтайтын, үшіншіден заманның жай-күйін, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, көбінесе көңіл қалдырып, жанға тиетін жайттарды, шенеп-мінейтін және төртіншіден, көңіл-күй кәрілік жайларын күйлейтін шығармалар./76/ Майлықожа өз өлеңдерінде табиғатты,жылдың төрт мезгілін де суреттейді. Әйелдер туралы “Жақсы болса жұбайың“,толғауы, ”Жарық болса” өлеңі. Қыз бойындағы сұлулықты-гүл жаухар деп аталатын асыл тастарға, алтын,күміс,мыс-қолаға теңеу жағы басым.

Майлықожа өлеңдері тақырыбы жақсылық пен жамандық, ақылды мен ақылсыздық, бай мен кедейлік, өмір мен өлім,жақын мен алыс,білімділік пен надандықты әңгімелейді.

Ергөбек құттыбайұлы Оңтүстік Қазақстан облысы,Қызылқұм ауданындағы Шәуілдір ауылында туып-өскен. Ауыл арасындағы араздықтың қырсығынан 1915 жылы туған жерінен ойысып Ташкент маңына көшіп келеді.Өз елінің тағдырын ойлаған Ергөбек ақын осы жылдары туған ауылын сағынып,терең тебіреніспен көптеген өлеңдер шығарған.

Бұқарашыл бағытты берік ұстаған халық ақыны қазақ ауылының басынан өткен ”қоян”, ”жылан” жылдары деп аталатын ашаршылық кезеңді өзінің терме,толғауларында ашына айтады.Ел бірлігін, халықтар достығын,діншілерді сынайтын шығармаларын тудырады.Өмірінің ақырына дейін халықтың жоғын жоқтап,ауыртпалығын бірге көтерісіп,шынайы қамқоршысы бола біледі.Ол 52 жасында 1917 жылы Өзбекстандағы Ащы деген өзекше бойында ағасы Қалыбектің қызы Ділләнің қолында дүние салады.Анай,Ұрқия,Мәлеш атты үш қызы мен Әлмырза есімді жар дегенде жалғыз ұлының ол кезде қайда болғаны бізге белгісіз.Анай деген қызы Жетісайда тұрған.Оның мәліметі-ол Ергөбек пен Майлықожа арасында аға-інілік қатынас болды деп айтады.

Ақынның баласы Әлмырзаның немересі Жексен Қызылқұм ауданының Ақтөбе деген жерінде тұрып дүниеден қайтқан.

Ақынның анасы Ақбөбек Сырдария бойының Көккөл деген жерін мекендеген елдің атақты әнші қызы атанады./77/ Анасы Ергөбекті өзінің атына ұйқастырып қойып оны әнге, өлеңге баулып өсірген.Анасынан ақындық балаларына дарыған. Ергөбектің ағасы да ақындыққа жақын болған.Ақынның Ташкент төңірегіне көшкені 1915 жыл деп жорамалданады.Ол өлеңдерінде халқына қамқор,адал да ақжүрек,ақиқатшыл,әділетшіл азамат екенін көреміз.”Іздрәсти Николай “деген өлеңі ел басына төнген қиыншылық қыспағынан туған жермен,өскен елмен қоштасып, қоныс аударуға мәжбүр болған жанның іштегі бар жыр-мұңын,ащы зар-запыранын шым-шымдап шығарған ықшам ғана жан сыры. ”Сәлем де туған елдерге”өлеңі қазақ қауымының арғы бергі тіршілік қарекеті кең көлемде керемет көркемдік келісіммен жырланған дүние.

“Іздрәсти Николай” еңбегі өз басынан өткен оқиға негізінде туған.Ағайын арасының араздығы,ашаршылық жайында жазған.Бір жағынан ағайын арасының өкпе араздығының салдарынан, екінші жағынан ашаршылық алапатынан бас сауғалау мақсатымен 1915 жылы құтты қоныстан табан аударуға мәжбүр болған елмен Ташкент төңірегін сағалар тұста қоңсы отырған орыс азаматы Николайға тіл қата отырып,өз басының хал-ахуалын баяндау арқылы жалпы Сыр бойы қазағына қатысты жайларды тізбелеп өтеді./78/

Бұл өлеңнің “Алдымда Ташкент Шахары” деген сөздерінен аңғартып бұлай етулерінің негізгі себебін “Артымда ашық қахары деген сұмдық та-сұрапыл шарасыздықты айғақтайтын сөздер мен түсіндіреді.Бет алды бөсіп бара жатқан аш-арық елдің өткен бүкіл өмірінің мән-мағынасы дерлік нәрсенің бәрі ессіз жұртта егесіз қалып бара жатқанын жасыруды керек деп таппайды.

“Бүркітім көкте айналып

Тұғырда қалды бәхары

Жабылмай қалды түндігің

Жиналмай жасау бәхалы!”


Бұл жолдар халықтың “Арпа бидай ас екен,алтын-күміс тас екен” деген өксікті өкінішке толы басалқалы өзінің қандай лық шымыр шындыққа суғарылғанын байқатқандай.Ақынның жалғыз ұлы Әлмырзаға айтқан өсиеті халықтың татулығы туралы:

“Әлмырзаға сәлем жолдадам,

Николайға дос бол деп!”-деп

“Сәлем де туған елдерге” атты туындысы Қызылдың құлына деген шексіз сүйіспеншілік сезімге суғарылған қалың қоңырат елі қалпында жалпы қазақ жұртына тән белгі-бітімімен ерекшеленетін елеулі шығарма. Ақын өз тұстастары Түймелі, Жарылқаптарға айтылған өтініш сөздер мен бастасып, қоңырат құлшығаш елінің ел сыйлаған кәрі-жастарының бірталайының есімдерін атай отырып олардың хал-қадірлерінен хабар білдіреді немесе хабар білгісі келген тілектерді танытады.

Ел жұрты алдын-ала басып кеткен иен жатқан ел даланың төмендегідей суық та сұрықсыз сүретін Ергөбек мынадай етіп бейнелейді.

“Ада боп қой мен түйесі

Ашыққан соң иесі –

Бет-бетімен жөнесі,

Ел босқан соң бос қалды

Ұзын Сырдың өресі,

Сөйлегендей боп қалды

Қызылқұмның көбесі,

Балалар шығып ойнаған,

Тамаша қызық ойлаған

Адыра қалды аңқиып

Алапанның биік төбесі.

Ыстырашын болыс ажырап

Қоныстың қалды елесі…”


Ашыққан ел туралы, жарлының қаңғыға айналғаны, аман қалғандар жан-жаққа тентіреп, телім-телім боп кеткені , артта өсіп - өнген жер әсем жиған зер өлеңдерінде қарапайым халықтың қалы жайлы оның жоғын жоқтаған.
Отырар өркениетінің тұрмыстық мәдениет ескерткіштерінің ішінде Отырарға тән түрлі үлгідегі саз балшықтан күйдірілген қыш ыдыстарда, металдан соғылған білезік, жүзік, сақина, сырға қапсырма, т.б. зергерлік әшекейлерде, еңбек құралдарында, тастан қашалған, шыныдан жасалған бұйым құралдарда қазақтың қолтума өнерінің сарындары молынан байқалады.

Ғылымы мен мәдениеті экономикасы дамыған Отырарда теңдесі жоқ ұлы ойшыл ғұлама Әбу Нәсір Мұхаммед бин Тархан бин Узлах әл-Фарабимен қатар Әбу Ибраһим Исхак әл-Фараби, Исмаил әл Жауһари әл-Фараби, Әлам ад-Дин әл-Фараби, Бұрхан ад -Дин Ахмад әл-Фараби, Әбу-л-Қасым әл-Фараби , Махмуд әл-Фараби, Қауам ад- Дин әл-Фараби, Исмаил әл-Хусаини әл-Фараби сияқты ғұламалар дүниеге келген.

Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан рухани мәдениетіміздің әлемдік жарық жұлдыздарының және олардың кейінгі ортағасырдағы қазіргі ортағасырдағы қазіргі ізбасарларының бодандық бұғауында жүріп жоғалтқан асыл мұраларын дүниежүзілік көлемде жинау, сақтау, зерттеу, жариялау, экспозициялау сөйтіп оны адамзат игілігіне айналдыру мақсатында Қазақстан Республикасында тұңғыш рет қоғамдық негізде Әбу Нәсір әл-Фараби атындағы Руханият Отырар Арыстанбаб музей кітапханасы ашылған. Отырар музей кітапханасының қорында Шығыстың Аристотелі атанған Әбу Нәсір Мұхаммед бин Мұхаммед бин Узлах әл-Фарабиден бастап 12 Фарабидің, Алла Тағаланың сөзі Құран Кәрімді өзінің Диуани хикметі арқылы бүкіл түркі халқына түсінікті тіл ұғымымен жеткізген ұлы ақын бабамыз Қ.А.Иасауи және оның ұстазы исі мұсылманға белгілі шайық Арыстанбабтың, Ахмед Иугінекидің, Ахмад әл-Исориджабидің, Мұхаммед әл-Хорезмидің, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, ХІХ-ХХ ғ.ғ. Отырар аймағында жасаған Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Шәді Жаһангерұлы, Жүсіп Шайыхсламұлы, Сәдуақаш Жақашұлы, Мариям Хакімжанова, Зияш Қалауова т.б. арқалы ақындардың Хафиздің, Физулидің Аллаярдың т.б. ғұламалардың, ақындардың қолжазбалары, жазып қалдырған еңбектері, қолданылған заттары сақтаулы 2004 жылы 13 қаңтарда қабылданған 2004 -2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасының басты мақсаты қолда бар мәдени мұра мен рухани игілікті сақтап, бар мен жоғымызды түгендеп, келер ұрпаққа аманаттау.

Қазақ халқының өткен тарихын жазып, артына мол мұра қалдырған, бірақ туындылары әлі зерттелмей келген ақын Сәдуақас Жақашұлының бізге жеткен қолжазбалары қазақ халқының салт-дәстүріне, ғылымына, мәдениетіне байланысты аса құнды дерекнама болып табылады.

Сәдуақас Жақашұлы 1883 жылы қазіргі Отырар ауданындағы әлемге әйгілі Отырар төбе археологиялық ескерткішінің батыс жағындағы Жантақты ой деген жерде туып, 1951 ж қазан айында сонда қайтыс болады. Бұл бұрынғы Сырдария губерниясы Түркістан уезінің 24 ауылы.

Жас кезінде Оспан Әжі Дәуренбек және Өскенбай секілді молдалардан ескіше сауатын ашып, араб әрпімен жазылған кітаптарды оқи алатын дәрежеге жеткен соң 1930 жылда латын әрпімен сауатын ашқан. Кезінде ауылдағы жиын тойларда өлең айтып өнерімен көзге түскен әкесі Жақаштан, бүкіл оңтүстік өлкесіне мәшһүр болған Молда Мұса, Айтбай сынды өнер иелерінен үлгі алып, өлең жыр жаза бастайды. Оның бірлі-жарым шығармалары болмаса көпшілігі баспа бетін көрген жоқ. Тек 1906 жылы аудандық “социалистік Шәуілдір ” газетінде “Құттықтау” деген өлеңі. Облыстық ”Оңтүстік Қазақстан”, Түркістан аудандық “Қызыл Түркістан ” газеттерінде “Құмкөл серіктігі” деген өлеңдері басылды.

Қазақ әдебиетінің тарихында Сәдуақас шығармашылығын тұңғыш зерттеп ғылыми жүйелеген ғалым Р.Бердібай , С.Жақашұлы артына мол мұра қалдырған өз шығармаларында заманалап үлкен оқиғаларға үн қосқан тарихи тақырыпқа да қалам тартқан аты бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысына белгілі ақын. (Р.Бердібай)

Сәдуақас шығармалдарының тақырыптары мынау: “Мақсат”, “Еңбек батыры”, “Екпінді еркіндік”, “Егіс уақыты”, “Шабық”, ”Бәрекелді”, “Суреттеме”, “Арық”, “Мақтамен айтыс”, “Колхоз өміріне жыр”, “Клуб даярланды”, “Шежіре желісіне құрылғандары”, “Балтабай ақынмен айтысы”, “Бет ашар”, “Қазақ халқының қысқаша шежіресі”, “Оңтүстік Қазақстанның өткен өмір тарихы”.

Ақынның “Оңтүстік Қазақстанның өткен тарихы 1800-1930 ж.ж” деген тарихы еңбегі “”Рулық қауымдар”, “Билік уақыттары”, “Мәдениет, киім үлгісі” , “Ырым рәсімдері”, “Діннің жайы ”, “Кәсіп”, “Неке”, “Ойын -сауық” , “Өлең ойыны”, “Тартыс ойыны”, “Ұсақ ойындар”, “Билік өлшеуі”, ”Байлық әдісі”, “Топ саясаты ”, “Күң заманы”, “Тамақ түрлері” сияқты тақырыптарға бөлінген.

Сәдуақас Жақашұлының еңбектері әлі зерттеле қоймаған тарихи тақырыптағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті,салт дәстүрі, діні жайында жазылған құнды деректер болып табылады.

Қазақ халқының ұлттық мәдениетін көрсететін “киім үлгісін” туралы, қыздар мен әйелдердің, ерлердің, жас жігіттердің, той – думандарда және күнделікті киетін киімдерінің ерекшеліктері жайында былай деп жазады. Ересек қыздар құндыз бөрік киетін, бота белбеу дейтін ардақты белбеуді өте толық етіп беліне оранатын. Келіншектер ұзатылып келгендігі сәукелесін тастап, бетіне күмістелген кимешек киетін. Ол кездегі аяқ киім көн, әйбике былғарыдан істеген Ақшоқай деген аяқ киім болған. Ақшоқай 1900 ж. дейін сиректеп, жалшылар аығында киіліп келді.

Некеге байланысты да бірнеше деректер жазған. Қазақтардың неке жөнінде келе жатқан салт-санасы бойынша бір ру өз ішінен қыз алыспайды және алысқан күнде жеті-он атадан асу керектігі жайында жазады. Қазақ салтында ұлдың немесе қыздың шешесі емізсе туыс болып есептеліп, бұларға неке жүрмейтін дейді, және дін ислам шариғаты бойынша қыз 3 жас бала, бала 12 жасқа келгенде некелескен- деп неке заңына да тоқталады.

Қазақ халқының өмірінде ойын сауық үлкен орын алған себебі бұл ойындар мереке мейрамдарда той, ол сияқты жиындарда айналып, күй шерту, ән тарту, билеу, өлең айтысу, дастан қиссалар айтысу сияқты түрлері болған. Міне, осы ойын-сауық жайлы былай деп жазады. Ескі уақытта халықтың ең қадірлі ойын жасайтын тілекті күні айт күні, той істелген күн болушы еді. Айт күндері бар киімін киіп, бар тамағын істеп , қыдырып, сый көріп, жастар ойын ойнап, сауық сайран құратын”.

Құда күту дәстүрінің қазіргі кездегімен бірге байланысы бар, әсіресе ұн сүйкеу, құйрық май жегізу сияқты дәстүрлерінің қазірге дейін жалғасы бар, бірақ өзгеріске түскен. Мысалы: “босағада жасырынып тұрған шапшаң әйел, табаққа ұн салып тұрып келген құдалардың бетіне ұн жағып тұратын, бір-екі қариясын ғана сыйлап, одан кейінгі келгендердің ұнды мойнына құйұп, аузына құлағына тығып, ең арты алыс-шығысқа айналысатын,” – деп жазады.

Жастардың сол кездердегі ең қызықты ойыны “өлең ойын” деп аталады, бұл шілдехана, айт күні, қыз ұзатар тойында айтылады.Тойда қыз-жігіт болып айтысады.

Қазақ халқының тағамдары ХҮІІІ ғасырға дейін малдың сүті мен еті болған, ХІХ ғасырдан бастап бидай, тары көп қолдана басмтаған”-деп тағам түрлеріне тоқталады.

1800 ж. кейін бидай, тары тағамға көп пайдалана барген,1870 жылдан кейін нан жеу ұлғая берген.

Қазақта ең бірінші ұнамды тамақ ет пен қымыз. Екінші баурсақ пен қант-шай, үшінші май сөк- тарыны жібітіп маймен араластырылған. Төртінші сөк көже- түйенің,сиырдың сүтіне жібіген тарының сөгі, бесінші жұқпа нан- қазанға жұқалап қаттап пісірген нан, алтыншы үзбе нан- жетіші көжеге тураған таба нан, сегізінші белбайлы ұн мен сөкті қосып азырақ май шыжғырған көже. Тоғызыншы быламық , азырақ май қосып суға қайнатқан ұн көже, оныншы- умаш май шыжғырып, суға құрғақ ұнды ылғалдап алақанмен умашдап қайнатқан ұсақ түйірлі көже, он бірінші салма нан, он екінші – жент сары май, ірімшік миіз сияқтыларды қосып, қорытып қарынға жайландырған ас. Он үшінші бидай көже- бидайдың қабығын келіге түйіп тазартып істеген көже. Он төртінші- жүгері көже- жүгерінің қабығын келіге түйіп тазартып істеген көк порымды көже.Он бес- қонақ көже, бұл да жүгері көже тәрізді.Он алтыншы- қуырма жүгері- құмға қосып қуырылған, қазанға қыздырып батыратып жейтін ас. Он жетінші пәтір нан.

(“Міне осы тақырыпта”)

Сәдуақас ақынның “Оңтүстік Қазақстанның өткен өмір тарихы” атты еңбегінде жоғарыда аталған тарихи этнографиялық деректер қамтылған.

Ақынның бұдан, да басқа еңбектері өмірде болып жатқан өзгерістер жайында, халықтың тұрмысы, бірлесіп, ұымдасып еңбек еткен халықтың ынтымағы жайлы, дін, қазақ атауы, үш жүз туралы, Отырар қаласының қираған орны жайында жазылған.

Қазақ атауы, үш жүз, ислам діні жайлы, отқа табыну т.б. Мәселелерді қамтыған мына бір өлеңі тарихи тақырыптағы дерек болып табылады. Онда былай деп жазған:


Түркі қауымында түрлі ұлт бар бірі қазақ,

Қазақтың түпкі тегі жұмбақ ғажап.

Біреу алай, біреулер бұлай тіркеп,

Бір ізде емес, әркім бір түрде жазады.

Бір тарих тіркейді Аннас сахабаға,

Апарып Арабстан сахараға.

Сүйекте, тілде арабтың ұқсасы жоқ,

Негізсіз ұқсар қолдан жасағанға.

Екінші бір кітапта қауым түркі

Түркі нәсілінің бар онда барлық ұлты.

Сол кітаптың көрсеткен жазуынша

Мына руда аталған қазақ жұрты,

Ол айтылған атағы Мармұн қаққас

Егіз ат, екі ру ұлт аты жұптас.

Тағы өзгеріп айтылады қазақ-қырғыз.

Осы атақпен атанып келе жатырмыз.


“Ру аттары” деген өлеңінде үш жүзге жататын елдің атын жазған.
1928 ж.12/ҮІІІ- жазылған “Мұңласу” атты өлеңінде Отырар қаласының қираған орны жайлы, 1916 жылы Отырар өңірінде болған ашаршылық жайлы жазады:
Батыс жақта Жалпақтөбе, Отырар

Ескі қала тарихтағы аты бар.

Отырардың ордасы екен сол төбе,

Не жүз мыңдап миллиондаған халқы бар.

Өлі дала жалпақ жатқан тегісі

Уақытында болған елдің егісі

62 түгел дақыл егіліп,

Жеткілікті болған түрлі жемісі

Қазған арық салған үйдің табы бар,

Сайрап жатыр көрсең көзің қанығар.

Алтын, күміс, жез, мыстардан түрлі тас,

Қалған мұра ескілікті табылар.

Отан еткен Отырардың маңайын

Көп кедей бар мұңын соның жырлайын

Егісіне еккен су болмай,

Қаңғыған көрдім талайын,

Жерсіз кедей болғаннан соң тұрақсыз

Әр нәрсеге ұрынады лажсыз

Мың тоғыз жүз он жетінші аштық жыл,

Осы өлкеде қырылады адам не сансыз.

Үштің бірі дәл шамасы қырылған.

Ұл-атадан, ер-әйелден айырылған.

Тірі қалған тастап кетіп отанын,

Басқа елде тамақ үшін қаңғыған.

Садуақас Жақашұлының шығармалары тақырыптық жағынан да, мағынасы жағынан да құнды дерек болып табылады.

Сәдуақас Жақашұлының қолжазбалары пайдаланылды.(түп дерек).



Мырзабек Байжанұлы (Қызыл жырау) 1870 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданының Маяқұм ауылында туылған.

Қызыл жырауға ақындық 17 жасынан бастап қонған екен. Оның талантына тәнті болған Адырбек пен Шерияздан қариялар былай деп әңгімелейді ; бір өнер сапарында өзінен көп кіші, заман құрдасы Тебейұлы Балтабай ақынмен Теріскейге, Арқаға асады. Құлыншақ пен Ықыластың, Сүгірдің елі күнгейлік қос ақынды аса құрметпен қарсы алады. Сол жиында бір қыз қасындағы жеңгесіне “Шіркін-ай, қызыл тілінен балы тамған бұлбұл екен-ау, әттең басын кесіп алып, орнына басқа бас қондырар ма еді ”, - депті.

Мырзабек (Қызыл жырау) Сыр бойы мен Қаратау, Қазығұрт атырабын, Ташкент, Бұқара, Шымкент , Түркістан, Қызылорда , Ақтөбе маңайын түгел аралап, Қызыл орда, Ақтөбе маңайын түгел аралап, Майлықожа , Мәделі, Нұралы, Молда Мұса, Әкімгерей, Айтбай, Балтабай секілді ақын-жыраулармен өнер сайыстырған. Белгілі фольклор жинаушы Исақұл Ақыловтың айтуынша Қызыл жырау Алматыға шақырылады, сол кездегі партиялық цензура оны “Өлеңінің басында Алланы көп айтады екенсің” деп еліне қайтарып жіберген.

Мырзабек Байжанұлы 1945 жылы күзде өзінің туған жері Маяқұмда дүние салады.

Ақын түрлі тақырыпта өлеңдер жазған “Кәрілік туралы” деген толғауында он жастан жетпіс жасқа дейінгі өмір кезеңдеріндегі болатын құбылыс ерекшеліктері туралы терең пәлсапалық ой қозғайды. Жырау анадан шыр етіп жерге түскеніміз қандай шындық болса, Алланың маңдайға жазғанын көріп, мына пәни жалғаннан өтетініміз де сондай-ақ шындық дей келіп, жастық шақтың қадірін біл, жас күніңнен күнәға батпа, таза жүр, таза тұр, адал еңбектен, сонда мына жалғаннан қиналмай рухың таза боп аттанасың дейді.

1916-1917 ж.ж. Сыр өңірінде үлкен аштық болған, өлкедегі елдің біразы Ташкент, Қазалы, Арал, Ақтөбе маңына ойысқан. Мырзабек Байжанұлы былай жырлайды;

Мен-дағы жылан жылы төмен кеттім

Тек жүрмей ол жақта да өлеңдеттім,-

Оңтүстік елі кезіккен 1916-1917 ж.ж. ашаршылық патша үкіметінің қазақ елінде жүргізген империялық-отаршылдық құйтыртқы саясатының салдарынан болды. Қазақтар ұшыраған апатқа ашаршылық пен індетке, басқа да табиғат апаттарына үкімет тарапынан зәредей де көмек болмаған. Патша үкіметінің түпкі мақсаты табиғат байлығының түр-түріне тұнып тұрған ұлан-ғайыр даланың байырғы тұрғындарын құртып, оны өзі иемдену болатын.

Қызыл жырау аштық сұмдығын өз көзімен көрген ақын. Ол жайында былай деп жазады;

Өтті ғой міне осындай заман болып,

Кемде-кем қалған адам аман болып,

Ашаршылық бәлемеге қатар келіп,

Жыланның жылы кеткен жаман болып , -деп аштық басына салған кіріптарлықты бетіне басып, аяулы ақынның сағын сындырып, азаматтық намысын аяғына таптағандай болады. Сонда қызыл жырау :

Еш адам бай болмайды есеппенен

Дүние тең суға еріген кесекпенен

Бұл нәубат өз басына кеп қалмасын

Дүние ешкімге опа көрсетпеген,-

деп “күлме досқа келер басқа” деген нақылдың растығын есіне салады.

Қызыл жыраудың “Сәлем хат”, “Насихат жыр”, “Кәрілік туралы” т.б. толғау өлеңдерінен “Әкімгереймен айтысынан ақын-жыраулық”, “Әмзе қисса”, “Мұңлы-Сейіл” секілді дастандарды жырлауынан жыршылық талантын тануға болады.

Ақын шығармашылығын алғаш рет жинастырып, ғылыми жүйелеген филология ғылымының докторы Нысанбек Төреқұлов болатын ғалым 1962 жылы жазында фольклорлық экспедициясымен Отырарға келгенде Қызыл жырау мұрасын ел аузынан жинап, 1973 жылы бұрынғы Шымкент облысының облыстық “Оңтүстік Қазақстан ” газетінің 31-желтоқсанындағы санында 1986 ж. жұлдыз жұрналында зерттеу еңбегін “Қызыл жырау ” деген атпен тұңғыш рет жариялады.
Отырардан шыққан атақты суырып салма ақын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет