Зерттеулерді жүргізудегі құралдарды әзірлеу технологиясы Жоспары
1 Саулнамаларды, тестілерді және тағы да басқа материалдарын әзірлеу.
2 Есептерді құрастыру ережелері.
3 Рефераттарды, мақалаларды жазуға ұсыныстар.
Зерттеуді жүргізу құралдарын әзірлеу технологияларына жатады:
Сауалнама
Тестілер
Сауалнама дегеніміз нақты сұрақтарға жауап алу жолы мен мәліметтерді жинау;
Сөздік коммуникация негізінде алғашқы әлеуметтік және психологиялық ақпаратты алудың әдістемелік құралы;
Сауалнаманы құрастырған кезде келесі принциптер қолданылады:
Сауалнама зерттеу құралдарының бір бөлігі болып табылады.
Сұрау қағазын мағыналы бөліктері мөлшерлеп алғанда бір көлемде болуы керек.
Сауалнаманы құрастырған кезде бірінші сұрақтар қарапайым болуы керек, содан кейін одан күрделі сұрақтар кетеді, одан соң ең күрделі сұрақтар (мотивация-дәлелді), одан кейін орташа сұрақтар (оқиғалық, факт), соңында паспорт болады.
Сауалнаманы жүргізген кезде анонимділігін сақтау керек.
Сауалнаманы жүргізген кезде келесі ережелерді сақтайды:
Сауалнаманың мазмұны зерттеудің тақырыбына және міндеттеріне сәйкес болу керек.
Сауалнаманың тілі әңгімелесу тіліне жақын болу керек және респонденттерге түсінікті болу керек.
Сауалнаманың сұрақтарына жауап құрастырған кезде, респонденттерге өз пікірін және әсерін, қысымын көрсетпеу.
Сұрау кезінде респондент көп уақыт алатын күрделі есептерді шешпеу керек.
Сауалнаманы уақыт бойынша анықтау керек және жүргізу орнына байланысты құру керек.
Сауалнаманы ұқыпты рәсімдеу керек, сұрақтарды және жауаптарды ерекшелендіру үшін әртүрлі шрифтерді қолдану.
Сауалнаманың мазмұны және құрылымы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы,
Кіріспе: қандай ұйым, қандай мақсатымен алынған мәліметтер қалай пайдаланылады. Сауалнаманы толтыру бойынша нұсқаулар. Алдынала ынтымақтастыққа алғыс білдіру.
Сауалнаманың негізгі бөлігі: Кіріспе сұрақтар: оқиғалық, қандай да фактор бойынша сұрақтар, респондентті қызықтыру үшін және жұмысқа кірістіру үшін.
Негізгі сұрақтар: респондентке маңызды сұрақтар, форма бойынша күрделі сұрақтар, ашық сұрақтар.
Қорытынды сұрақтар: салыстырмалы-жеңіл сұрақтар, респонденттің шаршамауын ескеру.
Үш паспорты: респонденттік-әлеуметтік сұрақтар бойынша (білімі, жасы, т.б.)
Сауалнамаға қатысу үшін алғыс білдіру.
Зерттеуді жүргізудің принциптерінің бірі – сауалнама жүргізгенде жасырындық(анонимность). Оның екі түрі болады:
Зерттеушіге қатысты анонимділігі
Әлуметтік ортаға қатысты анонимділігі
Зерттеу ақпаратының валиттілігі – зерттеу ақпаратының сенімділігінің құрамдас бөлігі.
Ақпараттың валиттілігі – теориялық қателердің жоқтығының деңгейін көрсетеді.
Дидактикадағы тестілердін екі түрі болады:
Білім деңгейін өлшейтін тестілер.
Тұлғалық тестілер, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық анықтамаларын анықтайды.
Тестілердің формалары:
Ашық тестілер
Жабық тестілер
Сәйкестікке тестілер
Дұрыс тізбегін анықтауға тестілер
Құралатын жауаптарымен тестілер
Жартылай ашық, жартылай ашық.
Оқыту мақсаты бойынша тестілердің түрлері:
Есте сақтауға қажетті заңдарды, теорияны, ұғымдарды, фактілерді білуін тексеру. Репродуктивті жауаптар.
Алған білімдердің негізінде ойлау операциялардың орындау біліктерін тексеру. Типтік есептерін шығару.
Оқылғандарға өз бетімен сыни бағасын беру біліктерін тексеру.
Алған білімдердің негізінде жаңа нақты оқиғаларды, есептерді шығару біліктерін тексереді.
Тестілерде 60-70% орташа қиындылығы болуы керек. 15-20% жеңіл сұрақтар, қиын сұрақтар болуы керек.
Тесттің сапалы критерилерін бағалау әдістері:
Тесттің сенімділігі. Тестті қолдану кезендегі тұрақтылығы.
Валиттілігі-тесттің жағымдылығы. Не үшін жасалған, өлшеу қабілетін көрсетеді. Сәйкестігі.
Анықтылығы.
Бірмағыналығы.
Қарапайымдылығы. Формулировка тура мағыналы болуы керек.
Тану тестілері
Айыру тестілері
Жіктеу тестілері
Алмастыру. Бос жерлерді толтыру.