ҚҦзыреттілік және қҦзыреттер XXI ғ. білім беру «адамның еркін дамуына»



бет4/4
Дата14.04.2022
өлшемі28,15 Kb.
#139326
1   2   3   4
Байланысты:
кузыреттилик

Педагогикалық қызметке теориялық дайындықтың мазмҧны педагогтың аналитикалық, болжаулық, жобалаушылық жəне рефлексивтік біліктілігінің болуын болжайтын жалпылаған педагогикалық ойлай білуінде көрінеді4.
Педагогтың кəсіби қҧзыреттілігі жəне педагогикалық шеберлігі қандай ара қатынаста? Кезінде бҧл сҧраққа А. С. Макаренко толық жауап берген.
Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Мұғалімнің мәдениеті – білім ошақтарында ғана емес, күнделікті жүріс-тұрысынан, өзін қай ортада болсын ұстай білуден, өзгелер қызығатын жан дүниесі бай, кең, көпшіл, білімді, адамгершілігі мол, жан-жақты жарасымды болғанда ғана нағыз ұстаз екенін дәлелдейді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады:
- жалпы адамзаттық талаптар;
- мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар;
- пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары.
Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады.
Ал, мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді.
Педагогтар педагогикалық мәдениетті этикамен де, эстетикамен де, педагогикалық шеберлікпен де теңестірмейді. Олар бұл ұғымды әр алуан қасиеттердің бірігуі ретінде қарастырады. Олар мына қасиеттерді маңызды деп санайды: адамға деген махаббат, оқушыларға әрекет ете білу дағдысы (ой шақыру, ойын толғандыру, сезімін ояту, қажетті бағытта бұра білу) және т.б. Педагогикалық мәдениет мазмұны өзіндік жоспарға ие: білімді тарату, оқыту, мәжбүрлеу т.б. Педагог жұмысы – кәсіп емес, оны таңдаған адамның өмірлік бейнесі, ал өзге адамдар көзқарасында ол әлеуметтік жетілудің рухани бейнесін елестетеді. Оны оқушы әлемге деген көзқарасына, әрекет ету стиліне, өміріне, әрбір құбылысқа қатынасына қарай қабылдайды. Талантты мұғалімнің оқушысы өзіне ұқсайды. Ойшыл көзқарастары, еңбекке деген катынасы, 60
ғылыми білімдарлығы, тіл табысу әдісі және т.б. Е. В. Бондаревская, С. В. Кульнеевич бойынша, мұғалімнің жалпы базалық мәдениеттінің мазмұнына жатады:
- ақыл-ой және дене еңбегі мәдениеті;
- өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу;
- өзін-өзі ұйымдастыру мәдениеті;
- тұрмыс мәдениеті;
- қарым-қатынас және демалыс мәдениеті
Педагогтың ақыл-ой мәдениеті – педагогтің іс-әрекеті кезіндегі өзіндік ойлауы мен шығармашылық ойы және икемділігінің деңгейі; түрлі педагогикалық жағдаяттардағы педагогикалық, сол сияқты жаңа, күтпеген және даулы мәселелерді шешудің жолдарын талдау мен құралдарын таңдаудағы педагогтың ойлау процесінің тиімділігін туындататаын және қамтамасыз ететеін сапалар жиынтығы.
Өздігінен білім алу мәдениеті - өздігінен ілім алудың барлық құрылымдарының дамуы мен жетілуінің жоғары деңгейі. Өздігінен білім алу қажеттілігі дамыған тұлғаға тән қасиет, оның рухани өмірінің қажет элементі болып табылады. Тұлғаның танымдық қажеттілігінің қанағаттандырылуының жоғары формасы болып санала отырып, өзіндік білім алу адамның елеулі ерік күшінің көрінуіне, жоғары деңгейдегі саналығы мен ұйымшылдығына, өздігімен жетілу үшін іштей жауапкершілік қабылдау даярлығына байланысты.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – педагог пен оқушының арасындағы адмагершілікті саналы қарым-қатынасы, оның мазмұнында сөз мәдениеті, сыртқы өзіндік безендіру мәдениеті мен педагогикалық мақсатты өзара қатынас мәдениеті бар.
Қарым-қатынас пен мәдениеттің ажырамас тұтастығын көрсететін негізгі жол - тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, әлеуметтік қатынасы.

Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік болса, педагогикалық эрудиция дегеніміз мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешу барысында икемді пайдаланатын қазіргі заманғы білім қоры. Ал, құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.


Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді.
Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н. Кузьмина, А. Маркова, К. Махмурян және т.б.) немесе ерекше қабілеті (Д. Ж. Равен, Р. Уайт, Х. Хершген және т.б.) деп түсіндіреді.
Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті тұрғы білім берудің практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретіндегі жай-күйі. Немесе құзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін қарым-қатынас, педагогтік еңбек нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби құзыретті болып саналады. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі – кәсіби-әдістемелік құзыреттілік, екіншісі – іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі - әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық.
Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының 72
жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.
Ш. Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.
«Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері».
Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет