Жәнібек Кәрбозиннің балаларға арналған өлеңдерінің ерекшеліктерін атаңыз
Жәнібек Кәрібозин бір тақырыпта бірнеше өлеңдерді топтап, бірте-бірте өрбітіп жазуға да шебер. "Ата ақылы" өлеңінде шымыр болып өсуге құштар бала көңілі, "Сурет сала білемін" өлеңінде ағасы үйреткен өнерді қолма-шол қағып алып, сурет салуды бастаған өлең кейіпкерінің мақтанға сырт қарамайтындығы, "Іскерлік" өлеңі балалардыңіскерлігін, еңбегін, "Жасаймын шана да" өз еңбегінің жемісіне қуанған бала сезімі бейнеленген. Бір өлеңдегі іс-әрекет, сезім, қуаныш, тілек, екінші, одан кейінгі өлеңдерде де дамыта түседі. Ақын балалар бойындағы ұнамсыз қылықтарды жоюға күш салады. Ол үшін жалқаулық, ұрлық, ұмытшақтық, сөзінде тұрмау, үлкендер тілін алмау тәрізді қылықтарға үйір болған балалардың өз өлеңдері арқылы сынға алады."Жалай берді ыдысты" өлеңі кір-лас, салақ баланың әрекетін сықақ етеді. Жуылмаған ыдыстың қызығын мысығы көріп, қарын тойдырады. Ақын осындай баланың қылығынан жирендірмек болады. "Спортшы" өлеңінде орынсыз соқтығып, күш көрсетіп, сотқарлық көрсеткен Жағыпардың өз қылығынан өзі таяқ жегені бейнеледі. "Егес" өлеңінде мақтаншақтың әлін білмей күлкі болғаны баяндалады.
Балалар әдебиетінде табиғаттың әсемдігін, байлығын жырлау ежелден келе жатқан дәстүр .Ж.Кәрібозин өз өлеңінде табиғаттың қыр-сырына оқушының назарын аударып қана қоймай, табиғатқа деген бала көзқарасын ,сезімін,қарым-қатынасын да бейнелейді. " Төрт мезгілді аңсау" ақын жылдың әр мезгілдің өз ерекшелігін, соған орай бала көзқарасын сағынышын аңсаау сезімін өрнектейді.
Қорытынды: Жәнібек Кәрібозин қай тақырыпты жырламасын, бала танымын лайықтап, бала жүрегіне жететіндей етіп әрі қарапайым, әрі бейнелі тілмен жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |