Зытты қасқыр Көрді дағы көп қойды. Шатақ! Сол қасқырды Ұстап қошқар жеп қойды. Шатақ! Бір топ қоян Алып келді арыстанды. Матап. Бұған тышқан намыстанды. Шатақ! Шатақ!


Мұзафар Әлімбайдың «Биікке, биікке» өлеңінің бейнелігіне талдау жасаңыз



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі17,36 Kb.
#86319
1   2   3   4
Байланысты:
Рк1 Қызырбекқызы Динара

4.Мұзафар Әлімбайдың «Биікке, биікке» өлеңінің бейнелігіне талдау жасаңыз.
Биікке ұмтылған көк шыбық адам перзенті — бөбекті мегзейді. Бөбектің тілегі де — өсу, өсіп- жетілу. Адам — табиғат перзенті. Адам өмірі табиғаттан ажырағысыз. Демек, ақын ойы екінші бір құбылыспен астастырыла айтылады. Ақын екі шумақпен ғана, көктемнің қалайша құлпыра түскенін анық жеткізіп тұр. Қардың еруі, айналаның барлығы жандана түсіп, өсімдіктердің көгеріп, құлпыра түсуін бейнелі түрде бізге көрсетіп тұр. Бұл жерде сюжетте бар. Көркемдеу тәсілі-кейіптеу
5. Қадыр Мырзалиевтің «Жапалақ қар» өлеңіндегі көркемдеу құралдарды анықтаңыз.
Жапалақ қар себелеп,
Жердің бетін қаптаған:
Секілді көп көбелек
Қонарға жер таппаған.
Жедеқабыл қыс түсті,
Бола қалды дала әппақ.
Қар лақтырып үсті-үсті
Балалар жүр далақтап.
Май тоңғысыз күн қандай,
Жаз өтті деу қиын-ақ.
Күн әзілдеп тұрғандай
Қыс киімін киіп ап.
Жапалақ қар себелеп, (эпитет-қардың айрықша сипатын айқындап тұр.)
Жердің бетін қаптаған:
Секілді көп көбелек (теңеу-«секілді»)
Қонарға жер таппаған. (кейіптеу-табиғат құбылысын адамға теңеп тұр)

Жедеқабыл қыс түсті, (кейіптеу, «жедеқабыл» - тез,жылдам)
Бола қалды дала әппақ. (тура мағынадағы сөздерден туындаған эпитет)
Қар лақтырып үсті-үсті
Балалар жүр далақтап. ( эпитет – бір құбылысты көз алдына елестету үшін айтылатын сөз)

Май тоңғысыз күн қандай, (эпитет – күннің «жылы» екенін айтып тұр)
Жаз өтті деу қиын-ақ.
Күн әзілдеп тұрғандай (кейіптеу,теңеу - «-дай» жұрнағы қолданылу арқылы)
Қыс киімін киіп ап. (кейіптеу – табиғат құбылысын адамға теңеу)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет