ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1. Реакцияның ортасын анықтау
Хлоридтер және хлорсутек қышқылы
Ж ұ м ы с м а қ с а т ы: әртүрлі заттардың сынамасын талдау
Р е а к т и в т е р мен қ ұ р а л д а р: фильтрлеу қағазы, пробиркалар мен штатив, реактивтер мен капельницалары бар штатив; 100 мл колбалар, сыйымдылығы 100 мл химиялық стакандар, бюреткалар, пипеткалар, пробиркалы воронкалар, шыны таяқшалар, реактивтер ерітінділері: AgNO3, танин, НNО3, НCl әдістемеге сәйкес.
Жұмысты орындау:
Концентрациясына байланысты хлор ерітінділері күміс нитратымен азот қышқылын қосқанда жоғалмайтын, аммиак ерітіндісін қосқанда оңай жоғалатын ақ тұнба немесе жалтырау береді. Реакция сезімталдығы – 1 мл ерітіндіде 0,0005 мг хлорид ионы, осы реакцияда анық жарқырау беретін (0,002%) 1 мл ерітіндіде 0,002 мг хлоид ионы бар.
Анықтауды келесі әдіспен жүргізеді: 10 мл концентрациясы белгілі, егер қажет болса, нейтралды реакцияға дейін азот қышқылымен немесе аммиак ерітіндісімен жеткізілген ерітіндіге 0,5 мл азот қышқылын, 0,5 мл күміс нитратын қосып араластырады, 5 минут өткен соң құрамында 10 мл 0,002%-тік хлор ионы бар ерітінді және сынамалық ерітіндіге қосқан реактивтері бар эталонмен салыстырады. Сынамалық ерітіндідегі пайда болған жарқырау эталондікінен аспауы керек.
Хлорид ионының эталонын былай дайындайды: 0,659г натрий хлоридін 1 л өлшегіш колбада ерітеді де белгісіне дейін су құяды. (А ерітіндісі). 0,5 мл А ерітіндісінен алып 1 л өшегіш колбаға құйып, белгісіне дейін сумен жеткізіп сұйылтады. (Б ерітіндісі). (0,002%) 1 мл ерітіндіде 0,002 мг хлоид ионы бар.
Тәжірибе нәтижелерін өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |