Зиянды заттар жєне кєсіптік ауруларды ескерту



бет77/104
Дата31.12.2021
өлшемі1,8 Mb.
#129046
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104
Байланысты:
УМКД Биогеохимия
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

Пайдаланған әдебиеттер


    1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997

    2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

    3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    4. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0

    5. Қазақ энциклопедиясы

    6. С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997 жыл,114-149 бттер.



Биогеохимия және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы № : Табиғи ресурстар және олардың классификациясы.
Мақсаты студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау




Табиғи ресурстар және олардың түрлері


Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.

Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.

Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.

Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен суы саны бойынша өзгермеуі мүмкін, бірақ адамның тіршілігі барысында сапасы төмендеуі әбден мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ тазалау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.

Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.

Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи байлықтардың орнына кайта келуі. Бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:

- қалпына келетін -өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;

- қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар рудалары, мұнай, газ және т.б.);



- салыстырмалы қалпына келетін - пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар - секвойя, баобаб және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет