Дәріс тақырыбы № :Гармондардың жалпы сипаттамасы, зат алмасудағы қызметі.
Мақсаты студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау
Гормондар. Гипофиз. Эпифиз
Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр.«һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |