Қауіпті қалдықтар және токсиндер
Қауіпті қалдықтар түрлері
Зиянды заттардың классификациясы
Адам ағзасына әсер ету дәрежесіне МЕСТ 12.1.007-76 ССБТ байланысты зиянды заттарды 4 класқа бөледі:
Қаупі аса жоғары заттар;
қаупі жоғары заттар;
қаупі орташа заттар;
қаупі аз заттар.
Қажетті шекті концентрация мөлшері – жұмыс аумағындағы аукадағы зиянды заттардың күнделікті жұмыс уақытындағы (күніне 8 сағат немесе аптасына 41 сағат) адам ағзасына әсерін тигізбейтін және ауруға шалдықтырмайтын концентрация.
Асқазанға енген орташа өлім шегі- 50% жануарлардың асқазанына енгізген дозадан,олардың өлуін тудырады.
Теріге енген орташа өлім шегі- 50% жануарлардың терісіне енгізген дозадан,олардың өлуін тудырады.
Ауадағы орташа өлім концентрациясы- 50% жануарлардың 2-4 сағат бойы ингалязиялық әрекетінен олардың өлуін тудырады, мг/м3.
Жұмыс аумағы – биіктігі еденнен немесе ауданннан 2 м болатын, күнделікті немесе уақытша жұмыс істейтін орын.
Ингаляциялық улану жағдайының коэффициенті - 20˚С температурадағы зиянды заттардың максималды шекті концентрациясының тышқандардың 2 сағаттық әсерінің орташа өлім концентрациясына қатынасы.
Жіті әрекеттің аумағы - зиянды заттардың орташа өлім концентрациясының бүлінбеген ағза дәрежесінің биологиялық көрсеткішінің ауысуының минималды (шекті) концентрациясына қатынасы.
Созылмалы әрекеттің аумағының – бүлінбеген ағза дәрежесінің биологиялық көрсеткішінің ауысуының минималды (шекті) концентрациясының 4- сағаттық созылмалы тәжірибеде зиянды әсер ететін минималды концентрацияға қатынасы.
Бірбағыттағы әрекет – қандай да бір қоспа компоненттерінің бірдей организм жүйелеріне әсері. Мысалы, көмірсутегі қоспаларының нашақорлықтық әрекеті.
Тәуелсіз әрекет – қоспа компоненттері әр түрлі организм жүйелеріне әсерін және олардың улы эффектілері бір-бірімен байланысты болмайды. Бұл жағдайда олардың қажетті шекті концентрация мөлшері қалпынша өзгермей қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |