Зиянды заттар жєне кєсіптік ауруларды ескерту


Токсиндер Көпшілікті ауаның қазіргі күйі толғандырады екен



бет83/104
Дата31.12.2021
өлшемі1,8 Mb.
#129046
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104
Байланысты:
УМКД Биогеохимия
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Токсиндер

Көпшілікті ауаның қазіргі күйі толғандырады екен. Жағдайды жақсарту мақсатында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды бақылау Департаменті былтырғы жылы Қазақстандық көлік және коммуникация акадаемиясына қаламыздағы көліктерден шығатын газ құрамын анықтау және бағалау жүйесінің жобасын жүзеге асыруды тапсырды.

- Сараптама нәтижесі дәлелдегендей олардың құрамында 200-ге дейін әр түрлі химиялық зиян заттар кездеседі, ең бастылары көміртегі оксиді, көміртегі, азот оксидтері, саж, формалдегид және т.б. болып табылады.

– Егер де көлік-транспорт станцияларының экологиялық жағдайын жақсартсақ және көлік жанармайларын пайдаланғаннан кейін шығатын қалдықтар мен токсиндер төмендесе, көліктердің қоршаған ортаға кері ықпалы тиюі күрт төмендер еді. Сол себептен, мәселені толыққанды және жан-жақты шешу мақсатында, біз АҚШ, Жапон, Ресей, Еуроодақ секілді дамыған мемлекеттердің атмосфера ауасының ластануын азайтуда қолданылатын ең үздік тәжірибелерін зерттедік және енгіздік. Мысалы, американдық Калифорния штатында 1963 жылы-ақ көліктердің көбею мәселесі туындаған. Сол кезде, таза ауа федералдық заңы қабылданды, кейіннен көліктердің қоршаған ортаға экологиялық әсерін шектейтін қатаң заңды тараулармен толықтырылды. Қалыпқа және стандарттарға сәйкес болуын қадағалайтын қатаң бақылау, Калифорнияны ластанғаннан ең экологиялық таза Американың штатына айналдырды.

Алматы қаласына біртіндеп экологиялық тазалау жүйесін ендіру үшін, ғалымдар Алматы көліктерінен шыққан токсикалық газдарды бағалайтын және бақылайтын тәуелсіз қосымша және орталық сынақты түрде станса құрды ұсынды. Енгізілген компьютерлік бағдарламаның сынақтары дербес режимде жұмыс жасайтын болады, токсикалық көрсеткіштің барлық сипатын көрсетіп, нақты қай көлік екенін сараптап, бланк күйінде қорытындылары орталық станцияға жөнелтіп отырады. Егер, олар рұқсат етілуге жетпейтін болса, көлікті пайдалануға бір жыл мерзім беріледі. Жобада көпқұрамды қолайлы жағдай жасалған. Яғни, қазір тәжірбиеленіп жүргендей СО және СН құрамын анықтайтын ғана емес, басқа да көліктен шығатын бес газдың құрамын өлшегіш құралдары шығарылмақ. Сонымен қатар, көліктің артқы жағын тексергенде толық мәлімет алынбайды, сол себептен двигательдің әр түрлі режимін тексеретін құрылғы болады.

Балама ТЖО-ның, диагностика орталығы жұмысының жаңашылдығы, сараптама орталығы көлікті тексерген кезде жүргізушімен ешқандай байланыста болмайды. Және де, сараптаманың нәтижесін жалған жасауға немесе қайта өңдеу мүмкін емес. Осының арқасында, көліктерден бөлінген газдағы токсинді тексеру механизмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сиппатта болады. Осы сияқты тәуелсіз тексеру елімізге экологиялық таза емес көліктерді кіргізбеуге және ескі көліктерді біртіндеп алып тастауға мүмкіндік береді. Жүйені жүзеге асыру Қазақстанның алғаш озық оймен және нәтижелі әлемдік стандартқа біртіндеп енуіне жол ашады. Бұл, қаламыздың тазалығын сақтап қана қоймай, ТМД елдерінің ЕВРО-1-ЕВРО-4 стандартын қалыптастырудың бастамасы болмақ. Осы жылдың сәуір айында қала әкімшілігі, қалаға келетін жанармай туралы мониторинг өткеннен кейін, ҚР Үкіметіне мұнай өнімдерінің ерекше түрлерін мемлекеттік басқару туралы Заңына толықтырулар ендіруге ұсыныс хаттар жіберді. Хаттардың мазмұны, көлік моторларына арналған жанармайлардың жасалуынан пайдалануына дейін қатаң бақылауға алынуы жайлы болды. Токсинді көп бөлетін көліктерді Қазақстанға ендірмеу туралы Әкімшілік кодекске өзгерту енгізуді ұсынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет