Зоогигиена мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon жануар және hygieinos сау деген мағынаны білдіреді



бет2/9
Дата28.01.2018
өлшемі4,64 Mb.
#35370
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2 Ауаның ылғалдылығын анықтау



Жұмыстың мақсаты:

1) ауа ылғалдылығының жануар ағзасына әсерін зерттеу және негізгі гигрометриялық өлшемдерді анықтау.

2) мал қорасы ауасының ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың жұмыс істеу принциптерімен және құрылысымен танысу.

3) ауа ылғалдылығын өлшеу әдістемесін меңгеру.

2.2.1 Ауа ылғалдылығын өлшеуге арналған құралдар

Ауа ылғалдылығын анықтау үшін: гигрометрлер, психрометрлер және гигрографтарды қолданады. Қылды және металл гигрометрлер; психрометрлері Август (статикалық) және Ассман (аспирациялық); гигрографтар тәуліктік және апталық болады.

Ауаның ылғалдылығы оның температурасы сияқты, қораның дәл сондай нүктелерінде тәулігіне үш рет анықталады.

Ауаның ылғалдылығы үнемі өзгереді және әртүрлі өлшемдер немесе гигрометриялық көрсеткіштермен сипатталады.

Абсолюттік ылғалдылық (е) – берілген температурада бір м3ауадағы су буының мөлшері (г) немесе серпімділігі.

Максимальды ылғалдылық (Е) - берілген температурада бір м3 ауадағы су буының шекті серпімділігі немесе максимальды мөлшері (г).

Салыстырмалы ылғалдылық (R) – пайызбен берілген абсолюттік ылғалдылықтың максимальды ылғалдылыққа қатынасы:
R = e / E · 100
Қанығу тапшылығы (Д) - берілген температурадағы максимальды және абсолютты ылғалдылықтың арасындағы айырмашылық:

Д = Е – е
Шық нүктесі (Т) - ауадағы су булары қанығып, сұйық күйге ауысатын температура (суық беттерде ылғалдың шық түрінде шоғырлануы).

Құралдар: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін гигрометрді – жұмысы эфирде майсыздандырылған адам шашының салыстырмалы ылғалдылық артқанда ұзарып, төмендегенде қысқару қабілетіне негізделген құралдар. Салыстырмалы ылғалдылықты өлшегенде гигрометрді тігінен орналастырып, есепті тілшенің көрсеткіштері бойынша (%) орнатқаннан 3-4 сағат кейін немесе үнемі қолданғанда 20-30 минуттан кейін жүргізеді.

Ауаның абсолюттік ылғалдылығын психрометрлермен анықтайды. Әртүрлі температураларда ауаны қанықтыратын су буының серпімділік кестесінің көмегімен, арнайы формула бойынша салыстырмалы ылғалдылықты, қанығу тапшылығын және шық нүктесін анықтайды.

Августтың статикалық психрометрі бір штативке бекітілген бір-бірінен 4-5 см қашықтықта орналасқан бірдей екі термометрден тұрады.

Термометрлердің бірінің резервуары (ылғалды) кішкентай матаның кесегімен оралған, орауыш соңы ширақ жіппен байланып, иілген шыны түтік - пробирканың кеңейген ұшына салынған. Түтікті тазартылған (дистильденген) сумен толтырады. Капиллярлылығына байланысты, материал үнемі суланады да, термометр түйіршігінен су тұрақты буланып отырады. Бұл булану жылдамдығына пропорционалды жылу жоғалтуды туғызады. Ауа неғұрылым құрғақ болса, булану соғұрылым қарқынды жүреді. Осыған орай, дымқыл термометрде құрғақ термометрмен салыстырғанда температура көрсеткіші төмен болады. Екі термометрдің көрсеткіштерінің айырымашылығы есептеу негізіне алынады.

Өндірістік жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығын арнайы психрометрлік кестелер бойынша бағдарлап анықтауға болады.

Ауаның абсолютті ылғалдылығын Август психрометрінің (статикалық) құрғақ және дымқыл термометрлерінің көрсеткіштері бойынша келесі формуламен есептейді:


А = Е – α · ( Т1 – Т2 ) · В

мұнда А – ауаның абсолютті ылғалдылығы, г/ м 3 ; Е – дымқыл термометрдің көрсеткіші бойынша ауаның максимальды ылғалдылығы; α – ауа қозғалысы жылдамдығына тәуелді психрометрлік коэффициент; Т1 – құрғақ термометр бойынша температура, оС; Т2 – дымқыл термометр бойынша температура, оС; В – анықтау кезіндегі барометрлік қысым, мм. сын. бағ.


2-кесте – Психрометрлік коэффициенттер

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

Коэффициент


Ескерту

0,13

0,0013


Егер, ылғалдылықты анықтау қораның қозғалыссыз ауасында жүргізілсе (жабық желдету жүйесінде, сырттан күшті жел тұрмаса).

0,2

0,0011


Егер анықтау кәдімгі шарттарда ауаның әлсіз қозғалысында жүрсе (желдету жүйесі ашық).

0,4-0,5

0,0009


Ылғалдылық егер қорада ауаның қозғалысы аса байқаламаса (әлсіз желдің өті) немесе сыртқы ауада жел болмаған жағдайда анықталады.

0,8

0,0008


Егер қорада құрал маңында ауаның жасанды қозғалысы пайда болса. Сыртқы ауаның ылғалдылығын анықтауда – әзер байқалатын жел тұрса.

2,0

0,00074


Егер ылғалдылықты анықтау сыртқы ауада ауаның қоңыржай қозғалысында (әлсіз жел).


Ассманның аспирациялық психрометрі резервуарлары жылу радиациясынан қорғау үшін екі металл гильзамен, сондай ақ жақтауларының жылу өткізгіштіктен сақтау үшін талшықты қабаттамамен қапталған бірдей екі термометрден тұрады. Гильзалар жоғарғы ұшында шағын аспирациялық желдеткіші бар ортақ түтікке өтеді. Желдеткіш кілтпен оталатын серіппе арқылы қозғалысқа келтіріледі және қалпақшамен жабылады. Желдеткіш жұмыс істегенде ауа гильза арқылы төменнен ортақ ауа өткізгішке тұрақты 4 м/с жылдамдықпен сорылады.

Дәлдігі 0,10 С болатын құрғақ және дымқыл термометрлердің көрсеткішін 10-15 минуттан кейін есепке алады. Психрометр термометрлерінің көрсеткішін жазда өлшеу басталысымен 4-5 минуттан, ал қыста 15 минуттан кейін жазады.

Ассман психрометрі анықтаған абсолютті ылғалдылық келесі формула бойынша есептейді:
А = Е – 0,5 · ( Т1 – Т2 ) · В/755
мұнда 0,5 – тұрақты психрометрлік коэффициент; 755 – орташа барометрлік қысым (мм. сынап бағанасы).

Абсолютті ылғалдылықты анықтағаннан кейін салыстырмалы ылғалдылықты анықтауды (R) ертеректе келтірілген формула бойынша жүргізіледі. Қосымша есептеулерсіз ауаның салыстырмалы ылғалдылығы туралы тәуліктік және апталық деректерді тікелей гигрографтар көмегімен арнайы диаграммалық таспада алуға болады. Гигрографтың жұмыс істеу принципі арфалық жүйеде майсыздандырылған шаш шоғының ауа ылғалдылығының артуы немесе төмендеуіне байланысты ұзындығын өзгерту қасиетіне негізделген.



Шаш шоғы ұзындығының өзгеруі берілуі механизмі арқылы арнайы сиямен қайықша тәрізді толтырылған қауырсынды тілшеге беріледі, ол өз кезегінде көтеріліп-түсіп, барабанның айналмалы таспасына гигрограмманы сызады. Гигрограф таспасы көлденеңінен апталарға, күндер мен сағаттарға, ал тігінен 0 %- дан 100 % аралығындағы салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіштеріне бөлінген.

Сурет 2 – Психрометрлер.

А – Август (статикалық); б – Ассман (динамикалық)

3-кесте – Ылғалдылықты зерттеу нәтижелерін жазу



Қора______________________________


Зерттеу аймақтары

Термометр көрсеткіштері


Ылғалдылық

Шық нүктесі

0С

абсолютті

г/м3



максимальді,

г/м3



салыстырмалы,

%


қанығу тапшылығы, г/м3

құрғақ

дымқыл

еденнен 0,5 м биіктікте






















еденнен 1,2 м биіктікте






















төбеден 0,6 м арақашықтықта






















Орташа ылғалдылық























Сурет 3 – МВ-18 гигрометрі



1 – жүру бұрандасын ауыстыруға арналған гайка; 2 – жүру бұрандасы; 3 – майсыздандырылған шаш; 4 – жиек; 5 – шкала; 6 – тілі

Сурет 4 – М-21А типті гигрограф

1 – корпус; 2 – майсыздандырылған шаш шоғы (ылғалдылық көрсеткіші); 3 – түзету бұрандасы; 4 – қауырсыны бар тіл;
5 – сағаттық механизмді және диаграммалы таспалы барабан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет