Кезеңдері
|
Ресурстар
|
Сабақтағы іс-әрекет
|
Дифференция
|
Бағалау
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
|
Интерактивті тақта, слайд, жүрек суреті.
|
Сабақ амандасумен және сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Бір-біріне қуаныш сыйлайтын тілектер айту.
|
|
|
Қызығушылықты ояту кезеңі
5 минут
|
Bilimland.kz.
Оқытушы фильмдер «Вирустар дегеніміз не?
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11875-virustar_degenimiz_ne
|
«Жаңа білімге көпір салу»
Видеофильммен танысады.
Қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушыларға блиц сұрақтар қойылады:
Вирустар дегеніміз не, қандай сипаттама берер едіңіздер?
Вирустық аурулармен кімдер ауырады?
Табиғатта вирустардың қандай түрлері кездеседі?
Құтыру вирусын микроскоппен анықтаған қай ғалым?
Вирустардың өлшемдері бірдей болады ма, мысал келтір.
Вирус жасушаның ішіне қалай кіреді?
Вирустанушылардың қызметтері қандай?
Вирустан қорғану жолдарын ата?
|
Тұлғааралық интеллектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады.
|
Үш шапалақ.
|
Бағдарлау-мотивациялық кезең
20 минут
|
Биология оқулығы, «Bilimland.kz»
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/12614-virustar
|
Жаңа тақырып бойынша «Bilimland.kz» материалдарымен танысу. Дәптерлеріне түртіп жазып алу.
Вирустар тек басқалардың арқасында өмір сүреді
Вирустардың құрылысы мен жіктелуі
Вирус пішіндері
Тұмау вирусының құрылыcы
Вирустар қалай таралады?
Вирустар қандай ауруларды тудырады?
«Алты қалпақ» әдісін пайдалана отырып оқушылар:
Ақ (ақ бұлттар) – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру (Вирустар мен фагтарға сипаттама).
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
(Адам вирустар тудыратын ауруды жұқтырған жағдайда қандай күй кешеді?).
Қара (тұман) – негативті ойлау (Вирустар табиғатқа қай жағдайда да зиян. Күресу шаралары).
Сары (күн) – оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар (Вирустардың табиғатқа тигізер пайдасы бар, өйткені.....).
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар (Вирустарға байланысты бес жол өлең немесе оларға қатысты аурулар туралы мақалдар айту).
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды (Вирустардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы).
|
Оқушылар білімдерін толықтырады.
|
Фактілерді
баяндайды.
Мадақтау.
Үш шапалақ
|
Операция
лық-орындаушы
лық кезең
15 минут
|
«Bilimland.kz» №3917 Вирустар
http://itest.kz/lekciya_ii_tarau_virustar_tirshilikting_zhasushsyz_turi
iTest
|
№1, 2, 3 жаттығулар және тестті орындау.
|
Қабілетті оқушы мен деңгейі төмен оқушыны анықтау.
|
|
Рефлексиялық бағалау кезеңі
2 минут
|
Бағдаршам суреті және қызыл, сары, жасыл жапсырма қағаздар.
|
«Бағдаршам»
– түсінген жоқпын;
– әлі де практика қажет;
– барлығы түсінікті.
Оқушылар «Бағдаршам» түстері арқылы сабаққа баға береді.
|
Оқушының сабақты қандай деңгейде ұғынғандығын анықтау.
|
Сабақты бағалау.
|
Үйге тапсырма беру
1 минут
|
«Көзбен көретін айғақтар» тапсырмасына тақырыпқа қатысты фотосуреттер әкелу.
Үй тапсырмасын келесі сабақта осы арқылы бекіту.
|
Д.И. Ивановский
И. Ивановский
Ф. Гамалея
Ф. д'Эрелль
У. Стенли
И. Ивановский
У. Стенли
Ф. Гамалея
Ф. Туорт