1. Ақпарат деген не?



Дата07.02.2022
өлшемі17,6 Kb.
#82781
Байланысты:
1 лекция с.ж


1.Ақпарат деген не?
-"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген үғымдарды білдіретін «informatio» сөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмыста ғылымның әр түрлі: философия, экономика физика, математика, информатика т.б. салаларында кеңінен енді. "Ақпарат" деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу нәтижесінде пайда болады. 
2. Ақпараттың қандай түрлері бар?
-Ақпарат түрлерін жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Бірінші критерий ретінде көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу сияқты адамның ақпаратты қабылдау түрлерін атауға болады. Қабылдау түрлеріне байланысты ақпаратты негізгі үш топқа бөлеміз:
Мәтін, кескін, графика, сурет, фотосурет, анимация, бейнефильм секілді көру арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны визуалды ақпарат деп атайды.
Дыбыс, сөз, әуен сияқты есту арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны дыбыстық ақпарат деп атайды.
Арнайы техникалық құралдар көмегімен адамның сенсорлық жүйесі арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны сенсорлық ақпарат деп атайды.

3. Ақпараттық процесс деген не?


- Қандай да бір нәтижеге жету мақсатындағы ақпаратқа қатысты іс-әрекеттер тізбегінің жиынтығы ақпараттық процесс деп аталады.
4. Ақпараттандыру мен компьютерлендіру ұғымдарының айырмашылығы қандай?
- ақпараттандыру – ақпараттық-техникалық құралдарды (мысалы, компьютерлiк техникаларды) бағдарламалар,әдiстемелiк құралдар кешенiмен жабдықтау. Көп жағдайда пайдаланушылар ақпараттандыруды„компьютерлендіру” ұғымымен бірдей түсінік ретінде қарастырады. Компьютерлендiру - бiлiм беру жүйесiн компьютермен жабдықтау. Бұл екi ұғымды бiрi-бiрiнен бөлiп қарауға болмайды. Бiрақ, компьютерлендiру ұғымы ақпараттандыру ұғымының құрамына кiредi
5. Ақпаратты ұсынудың қандай әдістері бар?
- Ақпаратты ұсынудың бірнешеәдістері бар. Ауызша, жазбаша және сурет, графика, бейнемәлімет, дыбыстық мәлімет арқылы көрнекілік негізде ұсыну т.б. Ақпаратты ұсыну үшін алдымен жинақталған, өңделген, сақталған ақпарат болуы керек. Адам ақпаратты іздеу, жинау, сұрыптау, өңдеу, сақтау арқылы ғана ой-елегінен өткізіп ұсына алады. Сонымен қатар, баспа құралдары, техникалық құралдар арқылы да ақпаратты тарата аламыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет