1 арнайы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарында



Дата16.02.2022
өлшемі17,85 Kb.
#132061
Байланысты:
3Тапсырма дұрысы
тарих 13, 10-synyp aza-debieti shashty-gimesindegi-ltty-ndylytar prezentacija

1.Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері Білім алуда ерекшеқажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептің оқутәрбие процесіне кіргізу кезеңдері:
1-кезең – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (ПМПК) жүзеге асырылатын мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және білім беру ұйымдарына жолдау.
2-кезең – мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту үшін ата-аналардың білім беру ұйымын таңдауы. ПМПК мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған неғұрлым ыңғайлы және оңтайлы жағдайларды ұсынады, алайда «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49 бабы «Ата-ананың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» негізінде бұл жағдайларды таңдау ата-аналарға берілген.
3-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына орналастыру. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың және олардың атааналарының мүмкіндіктерін есепке ала отырып білім алудың вариативті жағдайын жасау үшін оқыту келесідей ұйымдастырылады:
1) арнайы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарында;
2) жалпы білім беретін мектепте (бала бақшада) ашылу мүмкіндігі бар:
а) мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне әлеуметтік кіріктіруді жүзеге асыратын арнайы сыныптары, сонымен бірге сыныптар қажеттіліктердің түріне қарай толымдалуы және оқыту арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс;
б) мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне кірістіруді толығымен жүзеге асыратын инклюзивті білім беру сыныптары.
Арнайы сыныптар және инклюзивті білім беру сыныптары белгілі мектептерде білім басқармасының жергілікті органдарымен келісімі бойынша құрылады және төмендегі іс-шаралармен:
- түрлі категориядағы мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алу қажеттілігі туралы ПМПК статистикалық деректеріне;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың жекелеген санаттарына білім алуда бірдей мүмкіндіктер мен қолайлы жағдай жасау мақсатында жалпы білім беретін мектептердің мамандануына негізделеді. Бұл жағдайларға келесілер жатады:
- балаларды мектепке көлікпен жеткізуді қоса алғанда, балалардың кірігуі үшін кедергісіз қолжетімді орта құру;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың көмекші және теңгеруші техникалық құралдармен қамтамасыз ету
; - білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
4-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ұйымдарда оқытудың білім беру және түзету-дамытушылық процесін ұйымдастыру. Аталған кезеңде маңызды қызметті психологиялық-педагогикалық консилиум жүзеге асырады және ол келесі міндеттерді қамтиды:
– инкюзивті білім беретін сыныптарды толымдау;
– мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету;
– мүмкіндігі шектеулі балалардың даму мен оқу жетістіктерінің психологиялық-педагогикалық мониторингісін жасау.
5-кезең – мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім беру ұйымдарында білім алу және түзету-дамытушылық процесі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім беру ұйымдарында білім алу және түзету-дамытушылық процесінің жүзеге асырылуы:
– Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес үлгілік оқу бағдарламалары және үлгілік оқу жоспарлары (инвариантты және түзету компоненттері). Сонымен қатар тәжірибеде баланың ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленген жеке (арнайы) оқу бағдарламаларының да қолданылатыны туралы атап өту қажет. Жеке оқу бағдарламалары ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді;
– мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық консилиумның мамандары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) базасындағы ресурстық орталықтардың, ресурстық орталық (РО) және арнайы (түзету) мектептері мен бала бақшаларының мамандары.
2.Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмек Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады:
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу;
- жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом);
- білім берудің барлық деңгейлерінде «кедергісіз» орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
- жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялықпедагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру;
- арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру;
- жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту.
Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады:
- жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту;
- инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру.
Есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған, психикалық дамуының тежелуi, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды арнайы сыныптар жағдайында түзете-дамыту қолдау осы санаттағы оқушылардың нақты ерекшеліктері ескерілген олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағанттарндыруды кешенді тәсілмен қамтылады. Кешенді тәсілдер компоненттері арасынан:
− оқу процесін мейлінше жекелендіруге және педагогикалық қорғау тәртібін қамтуға мүмкіндік беретін сыныпты ең көп толықтыруды;
− дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес эмоционалды, сенсорлы, моторлы және когнитивті дамуын ынталандыруды қамтамасыз ететін пәндік-кеңестік және әлеуметтік ортаны;
− дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың қажеттіліктерін ескеретін арнайы дидактикалық материалдарды қолдануымен Арнайы және бейімделген бағдарламалар, оқулықтар бойынша оқытуды;
− бұзылған қызметін жоюға және/немесе теңелтуге бағытталыған, әр санаттағы оқушылардың өзіндік түзету бағытындағы Арнайы пәндерді оқу жоспарына енгізуді;
− мамандармен (логопедпен, арнайы педагог-дефектологпен, психологпен, ЕДШ инструкторымен) жеке және топтық түзету сабақтарын;
− арнайы педагогикалық технологияларды, техникалық құралдарды (мысалы, дыбысты күшейтуші аппаратура, оқу машиналары) мен АКТ-ны қолданылатын барлық оқу-тәрбие процесінің түзету бағытын;
− арнайы сыныптарды оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға педагогтердің кәсіби дайындығын;
− балалардың үйлесімді қарым-қатынас жасауға бағытталған мүмкіндіктері шектеулі және дені сау балалардың әлеуметтік өзара әлеуметтік қарым-қатынастарды ұйымдастыру атау керек.
Әр санаттағы оқушыларды оқыту процесінде түзете-дамыта қолдауды қамтамасыз ету үшін кешенді тәсіл ағзаның сақталған және бұзылған қызметінің сабақтасу ерекшеліктерін ескерілуімен іске асырылады. Арнайы сыныпта білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу процесі арнайы мектептер типіне сәйкес ҚР ББҒМ бекіткен оқу бағдарламалары (бағдарламалар мәтіндері ҚР ББҒМ сайытында) мен оқу жоспарлары негізінде іске асырылады. Даму кемтарлығы бойынша саны көп оқушылар психикалық дамуының тежелуi бар оқушылар санатына жататыны белгілі болып отыр. Еліміздің жалпы білім беретін мектептеріндегі арнайы сынаптардың басым бөлігі осы санаттағы оқушылар үшін жұмыс жасап отыр.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың білім алу құқықтарын іске асыру саласындағы басты міндет ретінде көрсетілген санаттағыбалалардың білім алулары үшін, олардың психикалық, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті жағдай жасау қарастырылады. Қарастырылып отырған санаттағы оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес қажетті жағдайлар арнаулы білім ұйымдарында ғана емес, жалпы білім беру мектептерде де жасалуы мүмкін. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды табысты оқыту мен тәрбелеудің қажетті шарты болып, балалар қауымдастығында олардың теңдәрежелі кірігуіне және тұлға ретінде өзін-өзі таныта білуді қамтамасыз ететін бейінді орта құру. Сипаттауына осы әдістемелік нұсқаулықтар арналған,бейінді орта ретінде, оқу-тәрбие процесінің материалды-техникалық, оқу-әдістемелік, кадрлық қамтылуы қарастырылады. Әдістемелік нұсқаулықтарда арнайы сыныптарда оқу-тәрбие және түзетедамыту жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар жалпы білім беру (инклюзивті) жағдайында есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған, психикалық дамуының тежелуi, ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін жасалған арнаулы жағдайлар мен білім беру қызметінің сапасын бағалау өлшемшарттары бола алады.
Пайданылған әдебиеттер:
1.ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ
ӘДІСТЕМЕСІ-М. Оспанбаева.,Алматы 2019
2.ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ Елисеева И.Г ,Ерсарина А.К.,Алматы 2019

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет