1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



бет1/71
Дата29.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#182995
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org


1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400

1.Атауы: Аксолотльдің бауыры


2.Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400
3.Боялуының толық түсінігі: жасушалардың ядролары гематоксилинмен көк
түске боялған, ал жасуша цитоплазмасы эозинмен яғни қызғылт түске
боялған. Жалпы, гематоксилин негіздік бояу болып табылады. Боялу
қабілетін базофилия деп атайды,ал олармен байланысып, көк немесе күлгін
түске боялатын жасуша құрылымдары - базофильді деп аталады. Эозин -
қышқылдық бояу болып табылады. Боялу қабілетін оксифилия деп аталады.
Бояуды сіңіріп қызғылт немеме қызыл түстес реңдерге боялатын
құрылымдар оксифильді немесе ацидофильді деп аталады. Жасуша
цитоплазмасының ацидофильді боялатын құрылымдары митохондрия, сілтілі
ақуызды секреторлық гранулдар, эритроциттердің сілтілі ақуызы-гемоглобин
т.б жатады.
4.Құрылыс ерекшеліктері:
1-көпбұрышты бауыр жасушалары
2-жасуша ядросы
3-цитоплазма
4-жасуша шекарасы
5-капилляр
Көпбұрышты бауыр жасушалары —дөңгелек келген бір, екі не одан да көп
ядролары жасуша цитоплазмасының орта шенінде орналасады. Гепатоцитте


қан протеиндерін (альбуминдер, фибриноген, протромбин) жасайтын


гранулалы эндоплазмалық тор, өт пен гликогенді түзуге қатысатын
агранулалы эндоплазмалық тор, аталған процестерді іс жүзіне асыруға
қатысатын Гольджи кешені, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар өте
жақсы жетілген.
Жасуша ядросы-хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Оның екі
жарғақшадан тұратын қабығы бар. Ядро жарғақшасының шұрықтары өте
көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың
белсенді тасымалы іске асады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор
өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.
Цитоплазма - плазмалық мембрана арқылы бөлінген жасушаның ядросын
қоршап жатқан қоймалжың зат. Цитоплазмада гиалоплазма, органеллалар
және тұрақсыз қосылыстарды ажыратады. Цитоплазманың серпімділік,
жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше
қасиеттері бар. Айналмалы қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді.
Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы органоидтар да қозғалады.
Жасуша мембранасы - жасушаның сыртын қаптайды, май, көмірсулық және
нәруызды заттардан түзіледі. Жарғақшаның қызметі: жасушаның ішіндегі
барлық қоректік заттар өткізеді, қажетсіз өнімдерді шығарады. Себебі
плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерін саңылау дейді. Заттардың
барлығы саңылаулар арқылы өтеді.
Капилляр - ең жіңішке және тым жұқа қабырғалы тамыр болып саналады.
Олар қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады.
5.Қызметі: құрылысы күрделі болатын бұл құрамдастар бірін-6ipi
толыктырып, жасушаның өз муддесіне лайық және тұтас организмнің
тіршілігін камтамасыз ететін кызметтерді аткарады. Ас қорытуға қажет өт
бөледі. қуат көзі — гликоген қорланады, қан плазмасының протеиндері
(фибриноген, альбуминдер, протромбин) түзіледі, майды өндеуге, жасушалар
жарғақтарына тым қажет холестерин алмасуына қатысады.
6.Орналасуы: бауыр


1.Атауы: Бекітілген жасушалардың пішіндері .


4.Құрылыс ерекшеліктері:
1 – ішек эпителийі цилиндр тәрізді жасушалары; 2 – бүйрек өзекшелері куб
тәрізді жасушалары ; 3 –мезотелий жалпақ жасушалары ; 4 –бокал тәрізді
безді жасуша ; 5 –дөнгеленген адам қаны жасушалары: а – яддосыз
эритроциттер; б –бұршақ тәрізді ядросы бар моноцит; в – ядросы
сегменттелген түйіршікті лейкоцит; г – дөнгеленгне ядросы бар лимфоцит; 6
– таяқша тәрізді ядросы бар, ұршық пішінді жасуша (тегіс бұлшықет
жасушасы); 7 – ширақша (жгутик) жасушалар (сперматозоидтар); 8 – өсінділі
нерв жасушалары; 9 – сіңір жасушасы.
Жасуша пішіндері
Адам организміндегі тіндер мен ағзаларда пішіндері, құрылысы, химиялық
құрамы және заттек алмасу сипаты бойынша әртүрлі болып келетін
мамандырылған жасушалар орналасқан. Адамда осы жасушалардың 200-ден
астам түрлері кездеседі. Жалпы құрылым принципі бойынша жасушалар
бірдей болғанымен, олар бір-бірінен азды-көпті ерекшелінеді. Кез-келген
жасуша: жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядродан тұрады. Құрылысы
күрделі болатын бұл құрамдастар бірін-бірі толықтырып, жасуша тұтас
организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін функцияларды атқарады.
Жасушаның сыртқы пішіндерінің әртүрлілігі – олардың атқаратын
функциясына байланысты болады. – шар тәрізді (дөнгеленген) – сопақша
(овальные) – көпқырлы (полигональные) – ұршық тәрізді – өсінділі –
пирамида тәрізді – жұлдызша тәрізді және т.б..


1 Атауы: Бақаның қаны.


2.Бояуы: Гематоксилин ж/е эозинмен боялған.
3.Боялуының толық түсінігі: жасушалардың ядролары гематоксилинмен көк
түске боялған, ал жасуша цитоплазмасы эозинмен яғни қызғылт түске
боялған. Жалпы, гематоксилин негіздік бояу болып табылады. Боялу
қабілетін базофилия деп атайды,ал олармен байланысып, көк немесе күлгін
түске боялатын жасуша құрылымдары - базофильді деп аталады. Эозин -
қышқылдық бояу болып табылады. Боялу қабілетін оксифилия деп аталады.
Бояуды сіңіріп қызғылт немеме қызыл түстес реңдерге боялатын
құрылымдар оксифильді немесе ацидофильді деп аталады. Жасуша
цитоплазмасының ацидофильді боялатын құрылымдары митохондрия, сілтілі
ақуызды секреторлық гранулдар, эритроциттердің сілтілі ақуызы-гемоглобин
т.б жатады.
4.Құрылыс ерекшеліктері:
1-эритроцит; 2-лимфоцит; 3-моноцит; 4-гранулоцит; 5- тромбоциттер




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет