1 Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,77 Kb.
#85619
  1   2   3
Байланысты:
тарих
тарих

1)Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары
Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО – дағы экономиканы либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ. 80- ші жылдарының соңында (1988 ж) басталды. Алайда олар КСРО – ның құлауына байланысты 1991 жылы үзіліп қалды. Менің ойымша, шаруашылық қызметтерін либералдандыру, еңбек ұжымдарына жалға беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару жүйесін және жалпы одақтық бағдарлама шеңберінде материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді орталықтандыру сол кезеңнің өзінде республикаралық шаруашылық байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының коперативтік салаларындағы әр түрлі өндірістік технологиялық байланыстар арасындағы келісімдік – құқықтық қатынастарды бұзды.
Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік – техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына, инфляцияның өсуіне және ақша – кредиттік жүйенің дағдарысына алып келді де, бұл жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да эконмикасында көрініс тапты.
КСРО мемлекеттік ститистикалық комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989 жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды (ұлттық табыс 3,6 пайызды) өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық өнімі – 2,8 пайыз (44,40-б.) төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды, оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кеміді.
1991 жылы Қазақстан экономикасы КСРО – ның экономикасымен үйлесімді дамыды, яғни құлдырау жалғаса түсті.
Егеменді Қазақстан Республикасындағы эконмикалық қайта – құрулар 1992 жылдан басталды. Олар кезең – кезеңімен жүргізілді.
Реформалардың алғашқы кезеңі – 1992-1993 жж қамтыды, яғни Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған уаықттан бастап өз валютасын енгізгенге дейінгі аралықта. Осы жылдардағы елдің экономикасы Ресей федерациясындағы экономикалық және саяси өзгерістерге толық тәуелді болды. Реформалар өзінің жартылайлығымен, шешімдер мен әрекеттердің қарама – қайшылылығымен, ақша – кредиттік және бюджеттік саясаттың жүйесіздімен сипатталынды. [19,17-б.]
Бұл кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуының өзгешілігі 1990 – 1991 жж құрылымдық дағдарыстан жүйелі әлеуметтік – экономикалық дағдарысқа өтуінен болып табылады. Осы жағдайды бірқатар авторлар тарнформациялық деп әділ атаған еді. (44, 46-б.) Ол өзінің бұрын соңды болмаған дәрежедегі тереңдігімен және қамту көлемінің кеңдігімен ерекшеленді.
Жалпы алғанда, бұл кезеңді Қазақстандағы экономикалық реформалардың негізгі бөлігінің аяқталу кезеңі деп қарастыруға болады. Эконимкалық қайта құрулардың және дамудың бұл кезеңінің негізгі нәтижесі ретінде мына жайларды айтуға болады:
1. Бұрынғы шаруашылық жүйе ыдырауының және әлеуметтік – эконмикалық формацияның радикалды трансформациясының жағымсыз салдарын негізінен жеңуі. 90-жылдардың басында Қазақстан респуликасы тап болған өткір проблемалардың басым көпшілігі, үлкен немесе аз көлемде болса да шешімін тапты; рноктық типтегі экономика қалыптасты; ол өз кезеңінде елдегі қаржы – экономикалық ақуалды тұрақтандыруға қол жеткізу негізінде әрі қарай өсу үшін алғы шарттар жасады.Осының негізінде 2000-2003жж ІЖӨ нің тұтас өсуі — 42,3 пайызды құрады, бұл жағдай Қазақстанға экономиканың даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік берді.
2. Қазіргі заманғы рыноктық шаруашылық стандарттарына бара- бар нормативтік – құқықтық базаның қалыптасуының аяқталуы. Құнды қағаздар рыногы, қаржы жүйесі, еңбек рыногы, салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынас және экономиканың басқа да көптеген салаларында дамытылған заңдар қабылданды және жұмыс істеуде.
3. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру және экономиканың қуатты жекеменшік бизнеспен араласқан типін құру сияқты процесстердің негізгі бөлігінің аяқталынуы. Жүзеге асырылған институтционалды қайта құрулардың негізінде рыноктық және өндірістік инфраструктура компанияларының кең көлемдегі ортасы қалыптасты, ұсақ және орта бизнес белсенді түрде дамыды. Қызмет көрсету саласының тез өсуімен ел эконмикасы құрылымындағы диспронорция реттелді.
4. Мемлекеттің қаржы саласындағы барлық негізгі бағыттарда орнықты тұрақтылыққа қол жеткізілді; мемлекеттік қаржылар облысында, ұлттық валюта бағамында, банктік жүйенің орнықтылығы мен ливидтылығында, ҚҰБ алтын валюталық резервтерінде, инфляция динамикасында, ақша рыногында және мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы пайыздық мөлшерлерінде. Қаржы тұрақтануы тұрғындардың бос қаржыларының маңызды көлемін айналымға түсіруге және экономиканың нақты секторын банкілердің көлемді түрде кредиттеуінің өсіруіне мүмкіндік берді. 1998 жылдан 2002 жылға дейін тұрғындардың банктердегі салымдары 10 сеге өсті. [ 38, 54-б]
5. Эконмикада инвестициялық — өндірістік процестердің белсенді әрекет етуі. 90 жылдардың соңына қарай ЖІӨ динамикасы көлемінде, өнеркәсіп өндірісінде, инвесттициялық қызметте, және бірқатар басқа да маңызды көрсеткіштерде үлкен көлемдегі прогресс байқалады. Экономиканың барлық салаларында — өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, транспорт және байланыста, саудада және т.б даму процессінің жүзеге асырылуы республиканың комплексті және жүйелі даму сипатын дәлелдейді.
6. Нақты құрылымдық қайта құруларға жүйелі түрде бейімделуі. Рыноктық институттар және шаруашылық механизмдерін қалыптасыру облысында бірқатар нақты қадамдардың жасалынуы нәтижесінде Қазақстан экономиканы реформалау қарқыны бойынша ТМД елдерінің басым көпшіліген басып озып кетті. Атап айтқанда Қазақстан ТМД елдері арасында мынадай іс – шараларды алғашқы болып енгізді: зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепілдеу жүйесі, ҚҰБ линиясы бойынша Дүниежүзілік банктегі қарызды мерзімінен бұрын жабу, Ұлттық қорды қалыптасыру, ұлттық валятаның девальвациялануының салдарынан орын алған банктердің салушлар мен зейнетақы қорларының бағамдық шығындарының орын толтыратын мемлекеттік компенсация, авто иелерінің міндетті сақтандыру жауапкершілігі т.б. Қазақстан ТМД елдері ішінде инвестиция тарту көлемі жағынан сөзсіз лидерлік жағдайға көтерілді. Мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыны басқаруда бүгінгі заманғы оптимизация әдістерін белсенді түрде қолдануда:шетелдік рыноктарға құнды қағаздарды шығару, қайта сақтандыру т.б іс – шаралар.
Тәуелсіз Қазақстанның 10 жыл ішінде жүргізген экономикалық реформасынан қортындылайтын болсақ, жалпы нәтижелері республика алдында тұрған күрделі міндеттердің табысты атқара алғандығын дәлелдейді. Жүргізілген көлемді қайта құрулардың нәтижесінде негізінен шаруашылық жүйе реформаланды, либералды ашық рыноктық экономика принциптеріне негізделген экономикалық қатынастар жүйесі қалыптасты, рынок стандарттарына және ұлттық экономикалық орта ерекшеліктеріне сәйкес комплексті басқару жүйесі құрылды және әрі қарау даму үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет