Тақырыбы : Ұлттық валюта- төл теңге
Мақсаты:
1.Ұлттық валюта тақырыбын қорытындылау,өзге мемлекеттің валютасымен таныстыру.
2.Қазіргі нарықтық экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттерді реттеуге үйрету. экономикалық терминдерімен таныстыру,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу,ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету,тілді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Компьютер, есептер жазылған слайд жиынтығы,сөзжұмбақ жазылған кеспе қағаздар,Ұлттық валюта теңге.
Әдісі:диспут, әңгіме.
Сабақ түрі: «экономикалық саммит»
Қымбатты оқушылар! Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 21 жылдан асты. Тәуелсіздікке арналған іс-шаралар мектебімізде жалғасып жатыр. Сендер тәуелсіздік туралы не айтасындар?
М. Шаханов « Төрт ана »
Тағдырынды тамырсыздық іңдетінен қалқала, Ауыр әрі, қасіретті болса да.
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға, Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Әр адамда өз анасынан басқа да, Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер,
Ғұмырына етер мәңгі астана. Өзге ананың ұлылығын танымас,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Болу керек құдіретті төрт ана, Төрт анадан сенім таба алмаған.
Туған жері-түп қазығы, айбыны Тамырсыздық басы қайда қалмаған
Туған тілі-мәңгі өнеге айдыны. Төрт анасын сыйламаған халықтың,
Жан байлығы, салт дәстүрі-тірегі, Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қадамыңа шуақ шашар үнемі, Қасиетті төрт ана- тағдырыңның тынысы,
Және туған тарихы, Төрт ана үшін болған күрес- күрестердің ұлысы.
Еске алуға қаншама,
Диас: Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан!
Балғын: Ата-бабам аңсаған,
Күрес салып шаршаған,
Тәуелсіздік таңы атты-
Бақыттымын мен содан!
Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар!
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік, балалар!
Аружан: Қазақстан- елім менің,
Қазақстан- жерім менің.
Саған арнап айтылады,
Әнім менің.
Қазақ жері- Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан,
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен- Қазақстан.
Достарыңызбен бөлісу: |