1. ҚАзіргі экономикалық теорияның зерттеу пәні және әдістері экономика – гректің «ойкос, экос»



бет1/3
Дата18.09.2023
өлшемі19,07 Kb.
#181425
түріАнализ
  1   2   3
Байланысты:
Лекция №1
labaratory, Снимок экрана 2022—09—13 в 00.19.20, Øåøåíä³ê ?íåðä³? ïàéäà áîëó òàðèõû

1.
ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Экономика – гректің «ойкос, экос» – үй, үй шаруашылығы және «номос» – заң, заңдылық
Экономика – бұл шаруашылықты басқару ережелері мен заңдылықтары.
Экономикалық теория – адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Ғылыми абстракция –– бұл зерттеліп отырған құбылыстардың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу. Экономикалық теорияның бұл әдісі заңдылықтарды құруда экономикалық құбылыстарды жеңілдетіп көрсетеді.
Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөліктерге бөліп талдап көрсету.
Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету.
Индукция– бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.
Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту.
Эксперимент – бұл сараптама жүргізу.Экономикалық құбылыстарды аса қолайлы жағдайларда жасанды түрде сипаттау және оны әрі қарай тәжірибе жүзінде қолдану.
Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
Аналогия - бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономикалық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.
«Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбылысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру. Бұл экономикалық құбылыстар арасындағы
Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. Экономикалық заңдар қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың даму заңдары болып табылады.
Экономикалық категориялар – бұл экономикалық құбылыстардың аса маңызды жақтарын және қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен логикалық түсініктер (мысалы, сұраныс, ұсыныс, тауар, баға, пайда, қаржы, несие, меншік, нарық, жалақы, бәсеке, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет