1. Бақша өсімдіктерін өсіру (қарбыз, қауын, асқабақ) Жалпы ақпарат. Бақша өсімдіктері



бет1/26
Дата11.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#6802
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
1. Бақша өсімдіктерін өсіру (қарбыз, қауын, асқабақ)
1. Жалпы ақпарат. Бақша өсімдіктері – бағалы азықтық және диеталық өнім, оларға қарбыз, қауын және асқабақ жатады.

Қарбызыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қарбыз жемісі құрамында көмірсутегі көп мөлшерде болады, басымырағы – қант (8-14%). Бұдан басқа жемісте 1,5 %-ға дейін ұлпа өзектері мен гемицеллюлозалар, А, В, С, РР дәрумендері болады. Қарбыз жемісін негізінен жаңа піскен күйінде және көп жағдайда қарбыз балын, повидло, кондитерлік өнімдер, цукаттар, кәмпиттер және т.б. дайындау үшін, сондай-ақ тұздау үшін қолданады. Құрамында 50 %-ға дейін май болатын дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май дайындайды.

Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Қауынды да жаңа піскен күйінде жеңсік ас ретінде қолданады. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады. Жемістерін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларында қолданады және жүрек-қантамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану ұсынылады. Ежелден-ақ қауын шырынын ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы қолданады.

Асқабақ – бір және көпжылдық шырмауық тұқымдастардың асқабақтар отбасына жатады. Олардың 20-ға жуық түрі бар, соның ішінде 3-еуі бақша өсімдіктеріне жатады: іріжемісті асқабақ, тығызқабықты асқабақ (қарапайым асқабақ) және бұлардың бір түріне кәді мен патиссондар жататын жұпар иісті асқабақ болып табылады. Асқабақ сабағының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді, жапырақтары – ірі, жалпақтау болып келеді, гүлдері – сарғылт-қызыл түсті, бөлек жынысты болып келеді. Асқабақ жемісі өзінің тіл үйірер дәмімен, құрамында көмірсутегінің көп болуымен және емдік-диеталық қасиеттерімен бағаланады. Оның құрамында ақуыздар, каротин, C, B1, B2, PP дәрумендері, пектиндер өте көп. Пайдалы қасиеттері мен дәмін жоғалтпай, бір жылға дейін сақталады.

2. Өсіру технологиясы. Қарбызға арналған жер суық желден қорғалған болуы керек. Өсімдік органикалық заттарға бай құмды және құмайт топырақты жерлерде жақсы өседі. Жерді егін егуден 7-10 күн бұрын дайындайды. Егілетін аймақ 10 гектардан кем болмауы керек.

Қарбыз бен қауын өсіруге арналған жерлерді асқабақтық өсімдіктерді өсіруге арналған жер секілді дайындайды. Жоғары көлемде өнім жинаудың міндетті шарттарының бірі – жерді терең жырту (немесе қазу). Жерді тереңірек өңдеу өсімдіктің жақсы өсуі мен олардың жемісті мол салуына мүмкіндік береді.

Қарбыз бен қауынды Қазақстанның оңтүстік аймағының қолайлы климаттық жағдайында өсіреді. Тұқым отырғызуды 8 - 10 см. тереңдіктегі топырақ 15 - 17° С –ге дейін қызған кезде сәуір айының соңына қарай бастайды (кеш түсуі мүмкін көктемгі үсік есепке алынады). Жекелеген кішігірім, желден жақсы қорғалған, күн түсетін учаскелерде және аулаларда тұқым отырғызуды 5 - 6 күн ерте бастауға болады.

Ашық учаскелерде тұқым егуді кулиспен отырғызған дұрыс. Қарбыз бен қауынды бұлай отырғызу барлық аймақтарда мол өнім алуға мүмкіндік береді. Кулистік өсімдіктердің жұптасқан қатарын (жүгері, қонақ жүгері) әрбір 10 - 15 м сайын басым болатын желдің бағытына көлденең отырғызады.

Қарбыз бен қауын өсіру үшін 2-3 жыл сақталған тұқымды пайдаланған дұрыс. Былтырғы егіннен қалған ұрықты 2 сағат бойы 40 - 50° С. қыздырып барып отырғызады. Егінді кеш еккен кезде оны көктетіп барып отырғызған жөн. Ұрықты термикалық өңдеуден өткізеді. Ол үшін ұрықтарды ыстық суға (60-65°С) 3 - 4 минутқа салады, одан кейін 3 - 4 күн бойы 25°С температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын астында ұстайды. Қарбызды дәннің ұрығы пленкалы қабығынан оңай бөлінетін болғанда, ал тұқым жарнағы оны жеңіл үйкеген кезде түсіп қалатындай болған кезде отырғыза бастайды.

Тұқым отырғызуды ұялық тәсілмен, бір ұяшыққа 5-6 ұрықтан сала отырып егеді. Ұяшықты сортына қарай қарбыз үшін 2 x 0,3 м. қауын үшін 1,5 x 0,3 м. болатындай етіп отырғызады. Егу нормасы тиісінше гектарына 4-5 және 3-4 кг. Тұқым жерді жарып шыққаннан кейін әр ұяда тек бір ғана мықты әрі жақсы дамыған өсімдікті қалдырады.

Нағыз егіндік жапырақтары шыққаннан кейін көшеттер көтеріледі. Қатараралық өңдеуді кетпенмен немесе көпсіткішпен іске асырады. Өсімдікті көпсіте отырып, оны көпсіген ылғал топырақпен жабады.

Кеберсіген топырақты 2-3 рет суғарады. Алғашқы суғаруды тұқымның өсуі алдында не тұқым шыға салысымен жүзеге асырады, екіншісін –сабақтары шыққан кезде, үшіншісін – жеміс пісуінің алдында. Суғару жыртылған жер жанында өсіп жатқан өсімдіктер бойынша жасалады, алайда судың көп мөлшерде болмауын қадағалау керек.

Қарбыз бен қауынды ыстық күндері піскендерін іріктеп жинайды. Дақылдарды жинауды ауа-райы суымай тұрғанға дейін аяқтайды.

Қарбыздар мен қауындарды қолайлы жағдай жасай отырып, қоймаларда, қораларда, гараждарда сақтауға болады.

Асқабаққа тоқталатын болсақ, ол кез-келген құнарлы заттары жеткілікті топырақта өсе береді. Учаскенің көлеңкелі не жарық түскіш болғанына мән берілмейд. Олар барлық жерде бірдей өседі.

Асқабақтарды сәуір айының ортасында отырғызады. Тұқымды 10 см тереңдіктегі қуысқа 3-5 данадан салады. Әр қуысқа суперфосфат тыңайтқышын топырақпен араластырып 7-9 грамнан салады. Алғашқы жапырақтар шыққан кезде, әр қуыста бір-бір өсімдіктен қалдырып, сирету жасайды. Ал дақылды жинауға дейінгі қалған уақытта отау мен топырақты қопсытумен айналысады. Жеміс піскен кезде жинауды бастайды. Ауа-райы суымай тұрғанда, асқабақтарды жинап алу шарт, өйткені аз да болса үсіген асқабақтар сақтауға жарамсыз болып қалады.



6. Сату. Сіз өзіңіз оларды базарда сата аласыз, не өткізе аласыз.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

Тұқым сатып алу – 1 қорап (10 дана) * 500 теңге * 10 қорап = 5 000 теңге.



7.2. Табыс:

  • Қарбыздарды сату - 1 кг. - 40 теңге * 5 - 6 кг. (1 қарбыздың орташа салмағы), 40 қарбыз 8 000 теңге тұрады.

  • Қауындарды сату - 1 кг. - 60 теңге * 5 - 7 кг. (1 қауынның орташа салмағы), 40 қауын 12 000 теңге тұрады.

  • Асқабақтарды сату - 1 кг. - 80 теңге * 3 - 5 кг. (1 асқабақтың орташа салмағы), 40 асқабақ 9 600 теңге тұрады.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.ogorodnick.ru/bahcha.php

http://www.treeland.ru/article/garden/teplic/mainculture/

http://viirashchivanie.habar.biz/index.php?pg=55

http://fermer.vo.uz/publ/5-1-0-53

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бақша өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Каталог: kaz -> files
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
files -> Шілікті ауылдық округінде 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы Шілікті ауылдық округінің әкімі өз жұмысын Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару»
files -> «Бекітемін» СӨСҚПҰО директоры Ж. Е. Баттақова 2014 ж
files -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
files -> Кулитурна-массовые мероприятие
files -> Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім
files -> «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет