ГЛОССАРИЙ
1.Дискриминация - [ лат. Discriminatio - алалау, болектеу] – этникалық,
нәсілдік, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ
мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу
процесі.
2.Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың
жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп,
сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық
революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып,
елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен
мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап,
еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары,
әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен
қарым-қатынасы айқындала түсті.
3.Реформа (лат. reformate — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған
әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде
қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту.
4.Буржуазия – (французша bourgeoіsіe — қала тұрғындары) —
елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Оның табыс көзін
өндіріс пен саудадағы және қаржы-кредит салаларындағы кәсіпкерлік қызметі
құрайды. Буржуазия 16 ғасырдағы революциялар мен реформалар
кезінен қалыптаса бастап, өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың дамуына
және демократияның орнығуына ықпал етті. Қазіргі дамыған елдерде ірі
өнеркәсіп және қаржы Буржуазиясы билікке араласу мүмкіндігіне қол
жеткізген. Дамушы елдерде Буржуазияның қалыптасуы қоғамдағы саяси,
экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты болады. Социалдық
құрылысқа көшкен елдерде Буржуазия тап ретінде жойылған. Социалдық жүйеден
бас тартып, нарықтық экономика мен азаматтық қоғам құруға бағыт алған
елдерде ірі меншік иелері мен кәсіпкерлікпен шұғылданушылар тобы
қалыптасуда.
5.Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң
шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік
болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.
Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен,
демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне
негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
6.Коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә)
кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір
салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта
өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым,
онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам
(таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке
институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы,
экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік
қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл
адамзаттың бірлігін қарастырады.
7.Буржуазиялық революция - әлеуметтік революцияның бір түрі. Өндіруші
күштермен және феодалдық экономикалық, саяси құрылыстың арасындағы
қайшылыкты шешу.
8.Индустриализация - ауыл шаруашылығы және өсімдік өндірісі кең дамыған
экономикалар мен қоғамдарды негізі өндеуші және осымен байланысты
өндірістін өндіру саласы болып табылатын экономикалар мен қоғамдарға
айналдыру.
9.Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo – сатамын) —
1. бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа
(мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға,
белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;
2. салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие
кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі,
өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен
өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер
(картельдер, синдикаттар,
концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады.
10. Геноцид - [грек,genos- тек, тайпа және лат. caedo- өлтіру]
- халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір
ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе дінитоптың өкілдерін түгелдей немесе
жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді. Мынадай әрекеттер геноцид болып
есептеледі: осында топ мүшелерін өлтіру; оларға ауыр дене зақымын келтіріп,
жүйкесін бұзуы; 3) оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін
туғызатын жағдайлар туғызу; 4) осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға
бағытталған шаралар; 5) бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа
топқа беру. Геноцидтің өзімен қатар, оны ұйымдастыруды мақсат түту
қастандығы, геноцидті ұйымдастыруға тікелей және жариялы түрде
арандатушылық, геноцидке бірге қатысу да жазаланады.
11.Апартеид (африкаансша: apartheid — бөлек өмір сүру) — нәсілдік белгілеріне
бола байырғы тұрғындарды арнаулы қамаушада, оқшауландырып ұстау арқылы
саяси, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық құқыларынан айыратын нәсілдік
кемсітушіліктің шектен шыққан түрі.
12.Депортация (лат. deportatio - шығару) - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп
шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел
азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
13.Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы
мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның
шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің
сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми
қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен
мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде
қарастырады.
14.Еуропа одағы (ЕО) – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.
15.Халықаралық келiсiмдер - орындалуы міндетті, халықаралық қауымдастық
мүшелерінің арасында, мейлі ол егеменді мемлекеттер болсын немесе
халықаралық үйымдар болсын кез келген келісім-шартқа отыру.
16.Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-
ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы
қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің
бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету
үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып
табылады.
17.Интервенция (лат. interventio қол сұғу, араласу) — бір не бірнеше
мемлекеттің басқа мемлекетке басып кіруі, оның ішкі істеріне қол
сұғуы. БҰҰ Интервенцияғa қарсы шыға отырып, оған халықаралық құқық
бұзушылық деп қарайды. Әр мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен аумақтық
дербестігіне қарсы қарулы қауіп төндіру, т.б. араласу халықаралық құқықты
және БҰҰ жарғысын бузу болып табылады.
18.Антанта (франц. Entente, Entente cordіale–“келісім”)–Англия, Франция мен
Ресей мемлекеттерінің әскери одағы. Бастапқыда “Үштік келісім” деп
аталды.
19.Отаршылдық - өз елінің шет жағында бос жатқан жерлерді қоныстану және
шаруашылық үшін игеру («ішкі отаршылдық»), сондай-ақ басқа елдерде қоныстар
салу («сыртқы отаршылдық»). Отаршылдық іс көбіне жергілікті тұрғындарды
күшпен бағындыру және ығыстыру саясатымен (кейде қырып-жоюмен) ұштасады
және басқа аумақтарды тартып алу үшін қолданылады.
20.Конвенция - лат. Conventio - келісім) кез
келген саладағы адамдардың мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде,
жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша
қабылданған ережелер мен қағидалар; 2) келісім бойынша уағдаласушы
жақтардың құқықтар мен міндеттемелерін айқындайтын құжат, мысалы,
арнайы мәселе бойынша халықаралық келісім-кедендік конвенция, зияткерлік
құқық туралы бүкіләлемдік конвенция және т.б.; 3) субъектілердің келісімі
мен уағдаласуы негізінде ережелер, белгілер, символдар, тілдік және басқа
да жүйелер енгізуді үйғаратын танымдық шара.
21.Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды
ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы
қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі
түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін
болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік
қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам
заңды тұлғаболып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал
мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.
22.Капитал - (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты
нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын
нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚
өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша
құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚
іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
23.Қайта жаңғыру дәуірі Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта
ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени
қозғалысты — Қайта жаңғыру дөуірі мен Реформацияны қамтиды.
24.Мануфактура — еңбек бөлінісіне негізделген бірлестік.
25.Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО,
АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен
құрылған халықаралық ұйым.
26.Капитуляция (латынша capіtulatіo, capіtulo – келісім жасаймын, тарауларға
бөлемін, латыншаcapіtulum – тарау, бөлім, баб) – құқық теңсіздігімен
сипатталатын келісімшарттардың ерекше түрі.
27.Контрибуция (лат. contrіbutіo) – жеңген елдің жеңілген елден бітім
шарты бойынша алатын салығы.Контрибуция шын мағынасында жеңілген
елді салық төлеуге күшпен көндіру, тонау болып табылады.
28.Халықаралық терроризм -"мемлекет басшыларының, топ адамдардың, жалпы
халықтың үрейін үшыру мақсатында адамдарға немесе жекеменшікке бағытталған
бір мемлекет өкілдерінің екіншісіне қарсы акті жасау, үйымдастыру, жүзеге
асыруға жәрдемдесу, қаржыландыру немесе қолдау көрсетуі немесе оған жол
беру әрекеттері (БҰҰ-ның адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы
қылмыстар Кодексінің жобасындағы анықтамаға сәйкес).
29.Экоцид - Өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер
немесе су ресурстарын улау,сондай-ақэкологиялық апатты туғызған немесе
туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау — он жылдан он бес жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
30.Демократия-(грек demos-халық және kratos-билік) қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі тиімдерінің бірі
31.Дипломатия-мемлекетпен үкімет басшыларының, мемлекеттің сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әркеттері.
32.Жарлық-мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі.
33.Жұт- белгілі бір аймақтағы ауа райының аса қолайсыз құбылыстарының салдары, ел басына түсетін табиғи ауыртпалық кесапат.
34.Инфляция,лат.тіл., вздутье (қабару,қампаю,мыс: бағаның көтерілуі),чрезмерный (тым шектен шығарушылық)-айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни оның сатып алу қабілетінің құлдырауы, бұл құнсыздану барлық тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінен болады.
35.Идеология-қоғамдағы топтармен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси, провалық,философиялық, моральдық, діни этикалық, эстетикалық көзқарастардың жиынтығы.
36.Реформа, фр.тіл.-жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер жасау.
37.Тоталитаризхм, лат.тіл.,- қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық-бюрократиялық мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылым.
38.Округ-патша үкіметінің 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» бойынша Орта жүзде енгізілген әкімшілік-территориялық бөлігі.
39.Коалиция, лат.тіл.,- ортақ мақсаттағы мемлекеттердің одағы немесе партиялардың жасаған бірлестігі.
40.Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.
Достарыңызбен бөлісу: |