1. жалпы мәліметтер



бет1/3
Дата05.10.2023
өлшемі163,66 Kb.
#183816
  1   2   3
Байланысты:
БӨТ МДОжТ
DOC-20230912-WA0011., 5, Айгөлек журналы





1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушысы: п.ғ.к., профессор Қаңтарбай С.Е
электронды почта: shynar.aytmaganbetova@bk.ru
аға оқытушы, магистр Айтмаганбетова Ш.К.
Кабинет №408


Пәннің қысқаша сипаттамасы: Критериалды бағалау технологиясының ғылыми негіздері. Оқыту үрдісінде бағалау түсінігі. Оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі. Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы. Критериалды бағалаудың басты қағидаттары. Критериальді бағалау технологиясының моделі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру. Баға қою механизмі. Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерінің арақатынасы. Оқыту нəтижесін бағалаудың заманауи құралы.
Оқыту мақсаты: студенттердің критериалды бағалау технологиясы туралы білімдерін белгіленген критерийлер негізінде оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіре алу дағдылары мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
А) критериалды бағалау технологиясының ғылыми негіздерін, критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымын, ерекшеліктерін, басты қағидаттарын, критериальді бағалау технологиясының моделін білу;
В) меңгерген білім, білік және дағдыны іс-жүзінде қолдану, баға қою механизмдерін тәжірибеде іске асыру;
С) оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін және оқыту нəтижесін бағалаудың заманауи құралдарымен жұмыс істеу реттілігін талдау;
Д) Оқу нəтижелерін бағалаудың негізгі өлшемдерін сипаттау;
Е) Өз жетістіктерін бағалау, өзінің іс - әрекетін сыни тұрғыда бағалау
Қосымша: ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушы болған жағдайда білім беру және дамытудың оңтайлы әдістерін қолдану, оқыту нәтижелерін икемдеу.


Пререквизиттері: Педагогика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Постреквизиттері: 21 ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуы, Арнайы білім берудегі инновациялар, Арнаулы түзету мектебінде зияты зақымдалған балаларға пәндерді оқыту әдістемесі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет