СОӨЖ шеңберіндегі 1-ші сабақ:
1.Жорықта медициналық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері.
Туристік жорықтарда, көмек көрсету пунктерінен шалғай орналасқан жерлерде жүрген кезде қатысушылардың әр қайсысы жанындағы жолдастарына сынық, күйік, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек. Дәрі – дәрмек қорапшасының ішінде төменде көрсетілген дәрі – дәрмектер болу керек:
1) ауруды сездірмейтін дәрілер және қоздырушы заттар (анальгин, парацетамол, кофеин, кардиомин, валидол, но-шпа, т.б.);
2) қан тоқтатушы және дезинфекциялаушы дәрілер (сутек асқын тотығы, йод, антибактериалды спрей, левомеколь мазь, т.б.);
3) антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин, эритромицин, т.б.);
4) сыртқы дәрілер (зеленка, синтомицин майы, марганцовка, нашатырь мен медициналық спирт, лейкопластырь);
5) орау материалы (бинт, метрлік марля, мақта, т.б.);
6) саймандар (термометр, қайшы, бұрау, шприцтер, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |