1 жшс «Бөрте Милка» өндірісінің құрылымымен танысу



бет1/11
Дата06.09.2022
өлшемі190,54 Kb.
#148821
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Құрт алу технологиясын қарастыру
макалаа, 1 лекция, Марзия, Райхан БЖБ және ТЖБ жасау үлгілері» (2), Презентация Microsoft PowerPoint, ??ðûëûñû. Çåðòõàíàëû? æ?ìûñ «Ñ?éåêò³? õèìèÿëû? ??ðàìûí»ê?ðíåê³ , Африка, Америка және Океанияның дәстүрлі өркениеттері, 192534

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

8

1 ЖШС «Бөрте Милка» өндірісінің құрылымымен танысу

10

2 ЖШС «Бөрте Милка» өндіріс орнының техника қауіпсіздігімен танысу

13

3 ЖШС «Бөрте Милка» өндіріс орнында құрт өндіру технологиясында қолданылатын шикізаттарға сипаттама

15

4 Жеке тапсырма. Құрт өндіру технологиясын қарастыру

23

5 Құрт өндіру технологиясында қолданылатын құрал-жабдықтарды қарастыру

27

6 ЖШС «Бөрте Милка» өндіріс орнында құрт қаптау және сақтау қоймаларының жұмысына сипаттама беру

29

Қорытынды

30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

31






КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстанда азық-түлік сапасына деген талап үлкен. Азық-түлікті өндіру барысында оның экологиялық тазалығы, қауіпсіздігі, пайдалануға ыңғайлы болуына көп көңіл бөлінуде.
Сүт өндірісі дүние жүзінде соңғы 30 жыл ішінде едәуір көбейді. Сонымен бірге санитарлық сапасына деген талап та өсті. Сүт өнімдерінің бәсекелестігін жоғарлатуға татымдылық дәрежесінің жақсаруы, тауарлық түрі, сақтау кезіндегі төзімділігінің әсері зор. Осы мақсатпен бағалы сүт қышқылды бактерияларды пайдаланып, өнімнің жаңа түрлері өндірілуде.
Сүт өнімдерін анықтайтын негізгі факторлар: аймақтық ерекшеліктер, әртүрлі категориядағы халықтық тамақтанудың үйлесімді талабы. Сүт өнімдерін пайдаланудың жалпы балансы үлкендер үшін-20%, балалар үшін 50-60% дейін болады [1].
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты ауылдық жерлерде көптеген фермерлік жеке қожалықтар, акционерлік қоғамдар және сүт өнімдерін өңдейтін құрылымдар пайда болып, дүние жүзі елдері мен мемлекеттері арасында, соның ішінде республикамызда да, шаруашылықтық, экономикалық және басқа да байланыстар кеңейіп өріс алуда. Кейінгі 10 жыл ішінде сүт сусындарына, биойогурттарға, сүт өнімдеріне деген сұраныс өсуде. Жаңа тағамдардың көптеп өндірілуіне қарамастан, сүт нарығы өзінің бірқалыптылығын сақтап келе жатыр. Сүт саласындағы ғылымның даму бағыты үшін сапа мәселесін шешу, сүт өнімдерінің экологиясы, сапа жүйесін енгізу арқылы отандық өнімдерді бәсекелестіру тәсілдері және халықаралық стандарт талабына сай сертификациясы жүргізілуі тиіс [2].
Сүт өнімдері арасында сүйікті және кең қолданылатын өнім сүт қыш-қылды өнім болып табылады. Өз кезегінде ұлттық тағам құрт деп жүргеніміз де, осы сүттің ашытылған қышқылды өнімдерінен алады. Сүт қышқылды өнім-сүт шикізатын айран саңырауқұлақтарымен, таза сүт қышқылды бактериялармен ұйыту арқылы дайындалатын сүт өнімі. Сүт қышқылды өнімдер өндірісінде шикізат ретінде пастерленген, стерильденген, піскен сүт, сүт және кілегей қоспалары, көк су, пахта, құрғақ және қою сүтті және т.б. қолданады.
Біздің елімізде соңғы жылдары ұлттық қышқыл сүт өнімдерге сұраныс кеңеюде екені және де тағам өнімдерін өндірудің үлкен маңызы мен тез дайын-далып ұзақ мерзім сақталуы, сонымен қатар емдік және профилактикалық тамақтануда қышқыл сүт дәмді сусындарды қолданылуы А.А Сапарбекованың [3] мақаласында көрсетілген.
Қазақстанның сүт қышқылды өнімдер үлесіне нарықтың 6% тиеді, яғни жылына шамамен 48 млн литр. Қазақстандағы сүт және сүт қышқылды өнімдер импортының үлесі 20% құрайды [4].
Күн сайын дамып жатқан сүт өндірістегі қондырғылар, сүт қышқылды өнімдердің алуан түрлі ассортименті халықты қуантуда. Өндірістегі сүт қышқылды өнімдерді алуда түрлі ашытқы бактериялармен, өндірудегі өзгешелігі тауардың сапасына әлбетте әсер етеді.
Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Себебі, сүт ағзаға түсетін қоректік заттардың жалпы көлемін ғана арттырып қоймай, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздармен, сондай-ақ дәрумендермен біріге отырып, ағзаға сіңу үшін өте қолайлы жағдай туғызады.
Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады.
Сүт өнімдерден адам денсаулығына пайдалылығының дәлелі, құрт – кальцийдің көзі. Сондай-ақ құрт ақуызға өте бай. Содықтан ол құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлемент-тері бар. Сол сияқты сүттен жасалатындықтан, бізге белгісіз пайдалы жақтары аз емес екені белгілі. Себебі, сүт әлі күнге дейін толық зерттелмеген сұйықтықтардың бірі болып табылады.
Бұл өндірістік практиканың мақсаты- құрт алу технологиясын қарастыру тақырыбындағы есепті жазу үшін ақпаратты жинау және танысу.
Осыған байланысты келесі міндеттер шешілді:

  • ЖШС «Бөрте Милка» өндірісінің құрылымымен танысу;

  • ЖШС «Бөрте Милка» өндіріс орнының техника қауіпсіздігімен танысу;

  • ЖШС «Бөрте Милка» өндіріс орнында құрт өндіру технологиясында қолданылатын шикізаттарға сипаттама;

  • Жеке тапсырма. Құрт өндіру технологиясын қарастыру;

  • Құрт өндіру технологиясында қолданылатын құрал-жабдықтарды қарастыру;

  • ЖШС «Бөрте Милка» өндіріс орнында құрт қаптау және сақтау қоймаларының жұмысына сипаттама беру.

Өндірістік практика есебі 32 беттен, 3 суреттен, 4 кестеден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет