1 жшс «Бөрте Милка» өндірісінің құрылымымен танысу


ЖЕКЕ ТАПСЫРМА. ҚҰРТ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚАРАСТЫРУ



бет7/11
Дата06.09.2022
өлшемі190,54 Kb.
#148821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Құрт алу технологиясын қарастыру

4 ЖЕКЕ ТАПСЫРМА. ҚҰРТ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚАРАСТЫРУ
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі -құрт.
Құртты пісіріліп майы алынған айран­ды қайнату арқылы дайындайды. Қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт қайнатқышпен әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, аралас­ты­рып отырады. Әбден қойытылған құртты кенеп қапқа құйып, іліп қояды. Сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, сығып немесе алақанда айналдырып тақ­ташаға, шиге, өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай, біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет ауда­рып отырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алынған құрт жыл бо­йына, кейде екі-үш жылға дейін сақтала береді. Құрттың құрамы тағамдық био­логиялық қоспалар мен мақтауы күшті түрлі дәру­мендерден құралған. 100 г сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрт­тікі – 370,1кк. 100 грамм құртта 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосын­дылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәру­мендері бар. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі. Сон­дай-ақ «кепкен құртты мүжі­ген баланың тісі сау, сүйегі берік бола­ды» дейді дәрі­герлер [18].

Кесте 4 – Минеральдық заттардың күнделікті адамға қажеттілік нормасы





Микроэлементтер

Күнделікті қажеттілік нормасы




Медь, мг

1,0-2,0

1,5-2,5

Марганец, мг

2,0 - 3,0

2,0 - 5,0

Фтор, мг

1,5-2,5

1,5-2,5

Хром, мкг

50 - 200

50 – 200

Молибден, мкг

50-150

15 – 250

Кальций, мг

1100

1200

Фосфор, мг

1650

1800

Магний, мг

250

350

Темір, мг

18

18

Құрт өнімін тұтыну адамды күнделікті минеральдық мөлшерді 3 кеcтеде қамтиды [19].


Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады.
Сөйтіп сүтті ашытып – сусын, қайнатып – құрт-ірімшік, тағы басқа тағамдар дайындаған. Бұл баға жетпес тағамдар талай ғасырлардан бері өз мәнін жойған жоқ, жоймайтын да тәрізді. Өйткені қымыз ашыту, шұбат ашыту, құрт, ірімшік қайнату секілді бұрын қолмен атқарылатын жұмыстары механикаландырылған. Қазір осы бір бағалы ұлттық тағамдар технологиялық жолмен дайындалып, халқымыздың дастарханын бұрынғыдан да молайта түсуде.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударып кептіреді. Осындай әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.
Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады. Құрттан жасалатын немесе кұрт қосылатын тағамдардың бірнеше түрлері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет