1 Материалдардың түрі



бет1/6
Дата24.02.2023
өлшемі123 Kb.
#169981
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 Дидактикалық материал Жартылай өткізгіштер
т, 4 Қалаптастырушы бағалау

1 Материалдардың түрі
Электр тоғын өткізу қабілетіне немесе меншікті кедергілердің шамаларына байланысты барлық материалдар өткізгіштер, жартылай өткізгіштер және диэлектриктер (изоляторлар) болып үш топқа бөлінеді: электр тоғын жақсы өткізетін материалдар – өткізгіштер, яғни металдар  , электр тоғын нашар өткізетін материалдар – диэлектриктер   және өткізгіштігі металдар мен диэлектрик арасында жататын материалдар–жартылай өткізгіштер 
Бөлме температурасындағы бірнеше өткізгіштер, жартылай өткізгіштер және диэлектриктердің сипаттамалары:
Өткізгіштер:
Алюминий
Жез
Мыс (күйдірілген)
Жұмсақ болат
Жартылай өткізгіш: (270С)
Кремний
Германий
Диэлектриктер
Шыны
Слюда
Поливинилхлорид
Резеңке
Жалпы алғанда, температурамен шектелген ауқымында температураның көтерілуіне байланысты өткізгіштердің кедергісі ұлғаяды, диэлектриктердің кедергілері өзгеріссіз қалады, ал жартылай өткізгіштердің кедергілері керісіншетөмендейді.
Осы үш материалдардың әрқайсысын кедергілері бірдей болатындай етіп алса, онда олардың зат мөлшерлері әртүрлі болатыны сөзсіз, 8.1–суретте көрсеткендей, температураны  –тан  дейін өзгертсе, сонда үшеуінің детемператураға байланысты меншікті кедергілерінің өзгеруі үш түрлі екені көрінеді. Жартылай өткізгіштердің температурасы бөлме температурасынан жоғары, онда олардың меншікті кедергілері төмендейді, сөйтіп, белгілі біртемпературада олар күшті өткізгішке айнала алады.

9.1–cурет
Сондықтан, кремний және германиймен жұмыс істегенде құрамының тазалық дәрежесіне байланысты температуралары нақты ауқымындардан көп ауытқымай, дәлірек айтқанда, кремний үшін  , германий үшін аралықтарында жатуы керек.
Температурасы қалыпты бөлме температурасынан төмендеген кезде жартылай өткізгіштердің кедергісі арта бастайды да, тым төмен температураларда өткізгіш изоляторға айналады.
Металдар мен жартылай өткізгіштер электр өткізгіштік қабілеттерімен қатар электр өткізгіштік қабілеттерінің температураға тәуелділігімен де ерекшеленеді. Металдарда электр өткізгіштік, әдетте, температураға байланысты сызықтық заңымен төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет