«Кинематика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау №1
1-нұсқа
№1. Денені қай жағдайда материялық нүкте деп қарастыруға болатын мысалдарды анықтаңыз (1 балл)
№2. Серуенднуші адам алдымен оңтүстік бағытқа қарай 5 км, содан соң шығысқа қарай тағы да 12 км жүреді. Орын ауыстырудың модулі неге тең. (2 балл)
№3. Үдеу проекциясының уақытқа тәуелділік графигі бойынша сол дене қозғалысының жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигін құрыңдар. Бастапқы жылдамдық нөлге тең.(2 балл)
а (м\с2)
0 10 20 30 t(c)
№4.Дене шеңбер бойымен қозғала отырып, 5 с ішінде 2π радианға тең жол жүрсе, шеңбер радиусын 10 м деп ала отырып, дененің сызықтық жылдамдығын анықтаңыз. (3 балл)
В) Дене радиусы 4 м шеңбер бойымен 500 см/с жылдамдықпен қозғалады. Анықтаңыз: 1)айналу периодын; 2) центре тартқыш үдеуді.
№5. Төмендегі графикте автокөлік жылдамдығы қысқа уақыт аралығында қалай өзгеретіні бейнеленген (4 балл)
А) Жолдың әрбір бөлігі сәйкесінше A, B, C, D және E деп белгіленген.
Графиктен автокөліктің тыныштықта тұрған бөлігін анықтап жазыңыз.
Графиктен автокөліктің тұрақты жылдамдықпен қозғалған бөлігін анықтап жазыңыз._________________________
Қозғалыс кезінде автокөлік баяулайды. Автокөліктің жалпы жүрген жолын анықтаңыз.
Автокөлік жылдамдығы 16 м/с-тан 8 м/с-қа дейін 4 секунд ішінде азайды. Дененің үдеуін анықтаңыз.
Барлығы 12 балл ________
Достарыңызбен бөлісу: |