№1
1. Пәннің қысқаша сипаттамасы: қоғамдық-гуманитарлық циклі пәндерін оқытудағы кәсіби құзыреттілік курсын оқу барысында кәсіп,құзыреттілік, қоғамдық-гуманитарлық пәндердің маман дайындаудағы алатын орны туралы, кәсіби құэыреттіліктің теориялық негіздерін және практикалық мәнін біліп, түсінеді. Пәнді меңгеруде мүмкіндігінше диалог,индукция,дедукия әдістері қолданылады.
Оқыту мақсаты: қоғамдық-гуманитарлық циклі пәндерін оқытудағы кәсіби құзыреттіліктің теориясы мен әдістемесін меңгеріп, жүзеге асыру.
2.
№2
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. кәсіби құзыреттіліктің 4 түрі бар: 1. Арнайы құзыреттілік, 2. Әлеуметтік құзыреттілік, 3. Тұлғалық құзыреттілік, 4. Дара құзыреттілік.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
2. жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады:
-креативтілік
-белсенділік
-әлеуметтік жауапкершілік
-ой- өрісінің кеңдігі
-танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
№3
1. Пәндік құзыреттілік – білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалар жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.
№4
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни студенттермен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі.
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігіне байланысты зерттеушілер О.А. Абдулина, Ю.К. Бабанский, В.В. Краевский, Р.В. Овчарова, И.Ф. Харламовтар болса, мұғалімнің мәдениетіне байланысты зерттеу Б.С. Гершукский, Ш.Таубаева сияқты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Аталған ғалымдардың еңбектеріндегі маманның кәсіби құзыреттілігіне берілген анықтамаларды саралай келе, педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей деп танып отырмыз. Олар: педагогтың бойынан табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер.
Б.Т.Кенжебеков
|
ЖОО жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. П.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Қарағанды, 2006ж.
|
Кәсіби құзыреттілік маманның жеке тұлғасының іс-әрекетті орындауға деген қабілеті мен даярлығының, ішкі техникалық қасиеттері мен күйінің күрделі жүйесі болып табылады.
|
К.С.Кудайбергенова Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өзіндік дамуында. Әдістемелік құрал – 2006 ж.
№5
Достарыңызбен бөлісу: |