1. Пікірталаста ой мен сөздің бірлігі жеңіске жеткізетін құрал. Бәрінен бұрын пікірталастың тақырыбына қатысты ұғымдарды анықтап алып, қажетті сөздер мен терминдерді дәл тауып қолдану қажет



Дата16.11.2023
өлшемі274,1 Kb.
#191543
Байланысты:
мәтін


1. Пікірталаста ой мен сөздің бірлігі – жеңіске жеткізетін құрал. Бәрінен бұрын пікірталастың тақырыбына қатысты ұғымдарды анықтап алып, қажетті сөздер мен терминдерді дәл тауып қолдану қажет. Әсіресе ғылыми терминдерді шектен тыс қолданбаған жөн.

2. Пікірталасқа түскендердің бәріне бірдей қолданылған сөздер түсінікті болуы қажет. Кейде көпмағыналы сөздердің әсерінен түсінбестіктер орын алуы мүмкін. Сондықтан көпмағыналы сөздерді дұрыс іріктеп қолданбау сөйлеудегі қателікке ұрындырады. Сондықтан кейбір жағдайларда сөзді қандай мағынада жұмсап тұрғаныңды айтып қойған да жөн. Сөз мағыналарымен жұмыс істеу мақсатында түсіндірмелі және этимологиялық сөздіктерді жиі қолдану қажет.


3. Пікірталаста барлық пікірге бірдей қарсы шыға беруге болмайды. Кейде қарсыласыңның келтірген дәлеліне келіскен де дұрыс. Бірақ келісе отырып, ол дәлелдердің пікірталас тақырыбына тікелей қатысы жоқ екендігін түсіндіре алу қажет. Сөйтіп, өз көзқарасыңның дұрыстығын қорғай алу қажет. Егер қарсы жақтың келтірген дәлелдері ақылға сыйымды, орынды болса, оған қарсы шығудың керегі жоқ. Қасарысқан қыңырлық еш уақытта пікірталасқа нәтиже бермейді.


4. Пікірталас мәдениетінде қарсыласыңды құрметтеу, пікірін сыйлау, оны сабырлықпен тыңдай білу керек. Оның дәлеліне нанымды дәлелдермен тойтарыс беруге болады, бірақ дөрекі сөздермен, мазақ күлкімен жәбірлеуге, дауыс көтеріп ұрысуға мүлдем болмайды. Өзгелердің көзқарасын құрметтей білу – ойлы, ақылды, білімді адамдардың ісі.


5. Пікірталаста қызбалыққа салыну орынсыз. Эмоцияға берілген адам қарсы жақтың пікірін түсінуге, тыңдауға құлықсыз болады. Керісінше, салқынқанды, сабырлы, өзін-өзі ұстай алатын адам әр уақытта жеңіске жетеді. Себебі ол анық, айқын, байыпты ойлай алады. Сондықтан сабырлылықты пікірталаста сақтай білу – сайысшы үшін маңызды қасиет.


6. Көпшілік алдындағы сөз секілді, пікірталастағы сөздің күші – әсер ету мүмкіндігінде. Ол неғұрлым айқын, неғұрлым нақты болса әсер ету күші де соғұрлым күшті болады. Сөздің дұрыстығы, дәлдігі, жатықтығы, тазалығы – ой айқындылығының басты шарттары. Сондықтан пікірталас мәдениетінің басты талабы сөздерді мағынасына сай орынды жұмсай білу керек.


7. Пікірталаста ойды анық жеткізудің басты тәсілі – сөздің грамматикалық құрылысын меңгеру. Грамматиканың заңдылықтарын игеру сөйлемді мақсатына сай құру үшін керек. Ойды жеткізу тәсілдерін мәтінмен жұмыста үйренуге болады.




Пікірталас – сөйлеушінің аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері.
Пікірталастың ережелері
Пікірталас басында спикерлермен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Бұл ережелер өзара сыйласымдық, төзімділік, жанжалдардың алдын алу, тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау идеялары тұрғысынан құрастырылуы керек. Сондай ережелер үлгі ретінде төменде келтіріледі:
1. Әрбір қатысушыда өз пікірін айту мүмкіншілігі болуы керек.
Үйренушілер әрқашан да (топ ішінде, пікірсайыс кезінде) өз ойларын ортаға салып отыруы керек, өйткені пікірталастың нәтижесі сан-алуан, сан қилы пікірлердің тоғысуынан пайда болады.
2. Тыңдай білу керек.
Топ ішінде жақтастардың да, басқа топтардағы қарсыластардың да пікірлерін мұқият тыңдай білу керек.
3. Біреудің сөзін бөлуге болмайды.
Жақтастардың да, қарсыластардың да сөздерін бөлмеу керек. Бұл мәселеге пікірталасты жүргізуші асыра ден қоюы керек.
4. Үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру керек.
Мәселен, әрбір 10-15 минуттан кейін пікірталасты тоқтатып (2-5 минутке), спикерлерге өз ойларын немесе дәлелдерін пысықтау, толықтыру мүмкіндігін беру керек.
5. Пікірталас кезінде бастапқы пікірді өзгерту мүмкіндігі беріледі.
Үйренушілердің өз пікірін пікірталастың аяғына дейін ұстануы міндетті емес. Керісінше, пікірлерін өзгерту арқылы олар өздерінің икемділігін, ойларының ұшқыр екендігін аңғартады. Мұндай әрекеттерді «сатқындық» деп санаудың қажеті жоқ, өйткені пікірталастың басты мақсаттарының бірі - өзгеру мен бейімделу екендігін ұмытпау керек.
Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер
1. Тақырып
Пікірталаста қарастырылатын тақырып (мәселе) әлеуметтік маңызы бар өзекті проблема болуы тиіс. Бұл мәселе қатысушыларға белгілі бір дәрежеде таныс болып, олардың қызығушылығын тудырып, мүдделеріне сәйкес келуі керек. Бұдан басқа жағдайда спикерлердің бұл мәселе бойынша қызу талқы мен талас жүргізуі екіталай.
Тақырып бинарлы сұрақ түрінде келтірілуі керек. «Бинарлы сұрақ» дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі жауап беруге болатындай сұрақ.
2. Сұрақтар
Пікірталаста талқылау үшін алдын-ала сұрақтарды дайындап алған дұрыс, өйткені пікірталастың қалайша өрбитіндігі көп жағдайда осыған байланысты болады. Сұрақтар пікірталасты дамытуға бағытталуы керек, сол себепті де оларда даулы тұжырымдар, кеңінен тараған түсініктерге сәйкес келмейтін ұйғарымдар болуы керек. Сол арқылы пікірталас жанданады, қатысушылар сыни тұрғыдан ойлауды үдете түседі, пікірталасқа қатысушылар санын да осылайша өсіруге болады.
6. Сөйлеушілер
Сөйлеушілердің пікірталастың ережелерін қатаң түрде ұстанып, өз ұстанымдарын жақтап, қарсы жаққа дәлелді түрде сын айтуы үшін оларға келесідей біліктерді меңгеру керек:
- қарсыластарының көзқарасын жақсы түсініп, оны дұрыс баяндай білу;
- өз позицияларының ұтымды жақтарын нақты білу;
- өз пікірлерін басқаларға нанымды әрі сенімді түрде жеткізе білу;
- қатысушылардың қандай мәселелер бойынша келісімді екендігін нақтылап, дау туғызатын жәйттерді айқындай білу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет