1. Радиусы 0,5 м болатын дөңгелек 15 м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы қанша?



Дата29.01.2022
өлшемі16,45 Kb.
#115907
Байланысты:
тест 2


1.Радиусы 0,5 м болатын дөңгелек 15 м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы қанша?

2.Айналып тұрған дискінің шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдығы 4 м/с-қа, ал айналу осіне 10 см жақын орналасқан нүктелердің жылдамдығы 3 м/с-қа тең. Дискінің айналу жиілігі қандай?

3.Мәнерлеп сырғанаушы радиусы 50 м болатын шеңбер бойымен 12 м/с жылдамдықта қозғалады. Мәнерлеп сырғанаушының қозғалысы кезіндегі центрге тартқыш үдеуі

4.Центрге тартқыш үдеу еркін түсу үдеуіне тең болу үшін автокөліктің радиусы 40 м болатын дөңес көпірдің ортасынан өту жылдамдығы (g=10м/с2)

5.Материалық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып, бір айналым жасағанда жүретін жолы мен орынауыстыруы

6.Шеңбер бойымен қозғалатын дененің сызықтық жылдамдығын 2 есе жоғарылатса және айналу радиусын 3 есе азайтса, дененің үдеуі қанша есе артады?

7.Шеңбер бойымен қозғалатын дененің сызықтық жылдамдығын 2 есеге арттырып, айналу радиусын 3 есеге азайтса дененің үдеуі қанша есеге артады?

8. Жел қозғалтқышының айналу жиілігі – 30 айн/мин, электр двигателінің якорінікі – 1500 айн/мин, сепаратор барабанынікі – 8400 айн/мин. Олардың периоды. (3балл)

9. Центрге тартқыщ үдеу еркін түсу үдеуіне тең болу үшін, автомобиль радиусы 40 м болатын дөңес көпірдің ортасына қандай жылдамдықпен өтуі тиіс.

10. Нүктенің жылдамдығы υ=4t+8 заңы бойынша өзгереді. Нүктенің үдеуі



11. Орнынан 1 м/с2 тұрақты үдеумен қозғалған пойыздың 10 секундта жүрген жолы

12. Екі мотоциклшінің қозғалыстары x1=15+t2 және x2=8t  теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты

13.Екі дененің қозғалыс теңдеулері x1=10t+0,4t2 және x2=−6t+2t2. Олардың кездесетін орны мен уақыты

14.Тыныштық күйінен бірқалыпты үдемелі қозғалыспен қозғала бастаған дене 5-ші секундта 90 см жүрді. Дененің 7-ші секундтағы жүрген жолы

15. Қандай да бір биіктіктен төмен құлаған дененің бастапқы жылдамдығы 5 м/с. Осы дененің 5 секундта жүретін жолы

16.Велосипедші бастапқы жылдамдығы 2 м/с және тұрақты 0,8 м/с2 үдеумен таудан түсіп келеді. 10 с кейін оның жылдамдығы қандай және қозғалысы қандай бағытта болады?

17. БТҚ туралы не білесіз? (5балл)

18. БАҚ туралы не білесіз? (5балл)

19. ШБҚ туралы не білесіз? (5балл)



20. Жол, орын ауыстыру, траектория деген не? (2балл)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет