1. Сәйкестікті растаудың кезеңдері кестесін толтырыныз
2. Өнімнің сәйкестігін растау схемалары.
3. Сіз тандаған нақты өнім үшін сәйкестікті растау схемасын қолдануды негіздеу.
1. Сәйкестікті растаудың кезеңдері кестесін толтырыныз
Сатысы
|
Мақсаты
|
Ескертпе
|
1
|
Сәйкестікті растау және сертификаттау жөніндегі тиісті қызметті (сертификаттау аудитін) өткізу туралы шарт жасасу үшін өтінімді ведомстваға беру
|
|
2
|
СМЖ құжаттамасын алдын ала зерттеу және талдау үшін (басқару жүйесін алдын-ала тексеру) сәйкестік органына ұсыну.
|
|
3
|
Алдын-ала аудитте анықталған кемшіліктерді жою.
|
|
4
|
Алдын-ала аудитте анықталған кемшіліктерді жою.
|
|
5
|
Сертификаттау аудитінің нәтижелері туралы есеп беру.
|
|
6
|
Сертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша тіркеу, тіркеу және сәйкестік сертификатын беру.
|
|
Кесте1 - Сәйкестікті растаудың кезеңдері
2. Өнімнің сәйкестігін растау схемалары.
Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі, мыналарға:
1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын, сондай-ақ өнімнің техникалық регламентке және нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжатқа, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіне, заттаңбаға және өнімді сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестікті растау үшін жиынтығында жеткілікті белгілерді, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша сәйкестігін тексеруге. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарын өнімді таңбалауға қажетті ақпарат бөлігінде сақталуы ескертілуге тиіс;
2) өнімнің регламенттерде белгіленген адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарға, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сәйкестікті міндетті растаған кезде, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптарын сақтаған кезде тексеруге тиіс басқа талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады.
Басқа тексерілетін көрсеткіштердің құрамы нақты өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып анықталады. Сертификаттау кезінде өнімнің сәйкестігінің белгіленген талаптарға қажетті дәлелін қамтамасыз ететін схеманы пайдаланған жөн.
Сәйкестікті растау схемасын өтініш беруші сәйкестікті растау органымен бірлесіп анықтайды.
Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:
1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;
2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;
3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;
4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;
5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;
7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;
8) Сертификат беру;
9) сертификатталған өнімді инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.
Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді.
Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі бір күннен аспауға тиіс.
3. Сіз тандаған нақты өнім үшін сәйкестікті растау схемасын қолдануды негіздеу.
Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.
Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |