БАҒдарламасы өскемен қ., 2016 жыл Туризм



Дата12.03.2018
өлшемі1,59 Mb.
#38570
түріБағдарламасы


Жоба




Шығыс Қазақстан облысының аумағын

дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған

БАҒДАРЛАМАСЫ

Өскемен қ., 2016 жыл

Туризм

Шығыс Қазақстан өңірдегі климаттық ерекшелікке қарамастан1, туризм саласын дамытуда зор әлеуеті бар, облыста 1,7 млн. га құрайтын жалпыұлттық маңызы бар 24 табиғатты қорғау зоналары, 600 - ден астам тарихи ескерткіштер және 100 - ден астам туристік ескерткіштер тіркелген.



Туристік қызығушылық тудыратын басым жерлер ретінде Мұзтау шыңы, Австриялық жол, Алакөл және Марқакөл көлі, Бұқтырма су қоймасы,
Қиин - Керіш каньоны, Ақ-Бауыр табиғи - тарихи ескерткіші, Жидебай Бөрілідегі Абай Құнанбаев атындағы үй - мұражайының мемориалды кешені, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Еңлік - Кебек ескерткіші, Ырғызбай ата ескерткіші есептеледі.

Қазақстандық Алтайдың аумағы биологиялық әртүрлілікке және бірегей ланшдафтқа ие болуына байланысты «WWF Living Planet» халықаралық ұйымы анықтаған дүниежүзіндегі екі жүз басым экологиялық аймақтардың біріне кіреді.

2015 жыл қорытындысы бойынша облыс орналастыру орындарының саны жағынан бірінші орында және ішкі туризм көлемі бойынша Астана Алматы қалаларынан кейінгі үшінші орында болып табылады.

Облыста туристік қызметті 70 туристік фирма (27 туроператорлар және 43 турагенттер) жүзеге асырады, орналастыру орындарының саны - 371 нысан (2013 ж. - 277), нөмерлер қорының саны - 6 593 (2013 ж. - 5 349), және олардың біржолғы сыйымдылығы 22 184 төсек-орын (2013 ж. - 17 401)2 (19 кесте).

19 кесте – 2013 - 2015 жылдардағы туризм саласы дамуының динамикасы




Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

1

Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны:

резиденттер



мың адам

368,2/

98,6 %


433,8/

117,8 %


403,7/

93,1 %


3 115,4/

13 %





резиденттер емес

мың адам

18,8/

102,2 %


19,3/

102,7 %


20,6/

106,7 %


692,3/

3 %


2

Орналасатыру орындарының саны/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны

бірлік

277/

118,4 %


331/

119,5 %


371/

112,1 %


2 338/

15,9 %


3

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны

млн. теңге

2 940,3/

92,4 %


3 677,8/

125,1 %


3 290,4/

89,5 %


73 108,6/

4,5 %

Сала өңір экономикасы үшін маңызды болып табылады: 2015 жылы туризм саласында қызмет көрсету көлемі жалпы облыс бойынша қызмет көрсету саласының 2,4 % құрады3. Салада жұмыспен қамтылғандар саны 2 489 адамды құрады (өңірдегі жалпы жұмыспен қамтылғандардың 0,82 %).

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туристік саласын дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, аймақтың солтүстік және шығыс бөліктері туристік кластерді құру үшін әлеуеті жеткілікті (7 сурет).

7 сурет – Қазақстандағы туризмнің кластерлік даму моделі

Тұжырымдамада 6 басым дестинациялар анықталған, олар: Бұқтарма су қоймасы, Ертіс өзені - Зайсан көлі, Катонқарағай табиғи ұлттық паркі, Марқакөл көлі және Қалжыр каньоны, Риддер – Анатау және Иванов таулары, Алакөл табиғи мемлекеттік қорығын, «Берел» мемлекеттік мәдени-тарихи қорығын қоса алғанда, Семей қаласына дейінгі кластердің ұлғайуы.

Облыстың қала және аудандары үшін туризм саласы бойынша келесі ерекшеліктер тән:


  1. экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында, Риддер қ.);

  2. мәдени - танымдық (Өскемен қ., Семей қ., Абай, Тарбағатай және Ұлан аудандарында);

  3. емдік - сауықтыру және медициналық (Семей қ., Катонқарағай, Үржар аудандарында);

  4. жағажай (Зырян, Ұлан, Күршім және Үржар аудандарында);

  5. таушаңғы (Глубокое, Зырян аудандары және Риддер қ.);

  6. ауылдық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қ.).

2015 жылғы орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемінің ең көбі Үржар (54,8 %), Шемонаиха (45,8 %) Бородулиха (44,1 %), Аягөз (40,1 %) аудандарында және Өскемен қаласында (29,5 %).

Қазақстан Республикасының 2013 - 2015 жылдарға арналған туристік индустриясының басым бағыттарын дамыту бағдарламасы шеңберінде, облыста:



  1. «Алтай Альпісі» және «Нұртау» таушаңғы базалары жаңартылды;

  2. Үржар ауданының Алакөл көлінде «Arasan Alakol Resort Hotel»
    қонақ - үйі және «Керуен» демалыс базасы ашылды;

  3. Зайсан ауданында «Бәйтерек» спорттық - сауықтыру кешені ашылды.

Инвестицияның жеке секторы есебінен аталған кезеңде 32 нысан іске қосылды, соның ішінде Өскемен қаласындағы - «DEDEMAN» қонақ үйі, Риддер қаласындағы «RidderHutte» демалыс базасы, Катонқарағайдағы - «Нұржай» қонақ үйі, Өскемен қаласындағы «Сад долголетия» сауықтыру орталығы, Зырян ауданындағы - «Мелада» демалыс базасы, Жарма ауданындағы «Маралды кемпингі» салынды.

Шығыс Қазақстан облысының 2015 - 2017 жылдарға арналған Туризмді дамыту жол картасын жүзеге асыру барысында 2015 жылы 417 млн. теңгені құрайтын 13 жоба іске асты.

Шығыс Қазақстан аумағында туристік жобаларды іске асыру үшін ірі еуропалық инвесторларды тарту мақсатында ШҚО делегациясының Цюрих қаласына сапары барысында швейцариялық «Фоглер Траст» компаниясымен меморандумға қол қойылды, сондай - ақ Қазақстан - Швейцария экономикалық палатасы арасында Еуропадан әлеуетті инвесторларды тарту мақсатында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.

Туристік кластерлерді құрудағы тәжірибесі мол ірі инвесторларды іздестіру Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжан - Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жүзеге аспақ.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасына қытай азаматтарына арналған топтық туристік сапарларды жеңілдету туралы Меморандумға қол қойылды.

Туристік қызметтердің 1/3 бөлігі онлайн режимде жүзеге асыралатындықтан, сондай-ақ облысқа келуші туристер ағынын арттыру мақсатында ШҚО турпакеттерін сату бойынша «TourEast.kz» интернет порталы іске қосылды. Портал 4 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша, қытайша) қызмет етеді. Порталда 14 туроператордың 28 туристік маршруты берілген, олардың ішінде онлайн сатылымға 17 турмаршрут қосылған.

«IT - Юрта» турпакетті және ШҚО өнімін жылжытуға арналған интерактивті кешені әзірленді. Кешен үнемі қызмет ететін, автономды көрмелік алаң және бірегей жарнамалы-презентациялық нысаны болып табылады. Аталған кешен ШҚО туристік әлеуетін туристер арасында таратуға арналған.

Туризм саласында облыстың 4 жоғарғы оқу орнында және 5 колледждерінде мамандар даярланады.


SWOT- саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. облыстың қолайлы географиялық - экономикалық орналасуы;

  2. биоәртүрлілігі, ландшафтардың әртүрлілігі, табиғат, мәдениет және тарихи ескерткіштердің бірегейлігі;

  3. облыс аумағында туризмді дамыту үшін бастапқы әлеуеттер:

   экологиялық туризм;

   мәдени - танымдық;

   емдік - сауықтыру және медициналық;

   жағажай;

   таушаңғы;

   ауылдық туризм;



  1. 2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық Туризмді дамыту жол картасының болуы;

  2. ынтымақтастық және аймақаралық 4 өңір бойынша іс-шаралар жоспарының болуы, ол ШҚО, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарының 2015 жылға дейін туристік аудандарды пайдалану бойынша бірлескен іс - шаралар жоспары;

  3. өңірде жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп үшін колледждердің болуы;

  4. белсенді бизнес қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар;

  5. орналастыру орындарының бәсекелестігі (орналастыру орындарының саны бойынша республика бойынша бірінші орында);

  6. Viziteast.kz интерактивті картаның болуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. дамыған туризм инфрақұрылымның жоқтығы, соның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың нашарлығы;

  2. туристік бизнестегі кәсібилк деңгейінің төмендігі, ұсынылатын туристік қызметке сапа және деңгейдің сәйкес келмеуі;

  3. туризм саласындағы әр түрлі жергілікті қатысушылар арасындағы жүйелі қызмет ету деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктер (O):

    1. ҚР туризмді дамыту тұжырымдамасына сәйкес кластерлеу әлеуеті;

    2. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік қолдауы;

    3. ҚР қызмет көрсету бағдарламасындағы Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту;

    4. «ЭКСПО - 2017» іс - шараларына қатысу;

    5. салада аймақаралық ынтымақтастықты дамыту;

    6. жеке капиталды қонақ үй және ресторан бизнесіне тарту;

    7. туризм саласындағы ұлттық кәсіби ассоциациялармен ынтымақтастық;

    8. жергілікті колледждермен жоғарғы оқу орындарында дайындық сапасын арттыру;

    9. ҚР білім және ғылым дамытудың
      2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында туризм индустриясының сұранымы үшін халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде қысқаша біліктілікті жоғарылату курстары.

Қатерлер (T):

  1. өңірде экологиялық жағдайдың нашарлауы;

  2. туристік ұйымдар қызметіне сыртқы экономикалық жағдайдың кері әсері.




Саланың проблемалары:



  1. орналастыру орындарының материалдық базасының ескіруі;

  2. транспорттық инфрақұрылымның нашар жағдайы;

  3. рекреациялық зоналардың санитарлық жағдайы;

  4. жергілікті туристік өкілдерінің кәсіби ассоциациялар шеңберінде әлсіз байланысуы;

  5. орналастыру орындарында қызмет көрсету деңгейінің төмендігі;

  6. туристік өнімдерге деген жоғарғы баға.

7 мақсат. Туризм индустриясын дамыту




№ р/с

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

2014 ж. факт

2015 ж. факт

Болжам

Жауапты орындаушы

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.




41.

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер), %

Ресми статистикалық мәліметтер негізінде ЖАО есебі

117,8

93,1

105,0

108,5

109,0

109,5

110,0

ТСББ, қалалар мен аудандар әкімдері

42.

Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келутуризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес), %

Ресми статистикалық мәліметтер негізінде ЖАО есебі

102,7

106,7

104,0

104,5

105,0

105,5

106,0

ТСББ, қалалар мен аудандар әкімдері

43.

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі, %

Ресми статистикалық мәліметтер негізінде ЖАО есебі

107,4

93,3

102,0

105,5

106,0

106,5

107,0

ТСББ, қалалар мен аудандар әкімдері

Қол жеткізу жолдары:



  1. «Шығыс Қазақстан» туристік кластерін дамыту;

  2. қолда бар орналастыру орындарын қайта құру және жаңаларын салу;

  3. туристік нысандарға инженерлік - коммуникациялық және көліктік инфрақұрылымын дамыту;

  4. туристік нарықтағы жергілікті қатысушылардың ынтымақтастығы мен әріптестігін нығайту;

  5. туристік өнімдерді стандарттау және сертификаттау;

  6. туристік дестинациялардың маркетингі мен менеджментін дамыту;

  7. туристік салада қызметкерлердің біліктілігін көтеру;

  8. 2016 - 2020 жылы 9,6 млрд.теңгеге 34 жобалардың іске асырылуы жоспарлануда.

1 Климаттық жағдайларға байланысты негізгі туристтік мезгіл жылына 3-4 ай созылады, ол баға саясатына ықпал етіп, нысандардың жыл бойы істеуі үшін қызметтер спектрін пысықтау қажеттілігін туғызады

2 2015 жыл бойынша ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері.

3 2013 жылы - 2,5 %.


Каталог: assets
assets -> Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының сайттарын толық жетілдіру бойынша жалпы ұсыныстар «Сайтты Интернеттен іздеу»
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет