Қостанай облысының флора мен фаунасы



бет1/8
Дата24.01.2023
өлшемі0,55 Mb.
#166294
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өлкетану 3 апта

Торғай өлкесінің флора мен фаунасы

Ташкенбай Аделина Хб-21

Дуйсенова Ақтурған М-21

Жоспар:

  • Ботаникалық-географиялық аудандар және Солтүстік Қазақстанның өсімдіктер дүниесі құрамы
  • Торғай өлкесінің
  • фауна мен жануарлар әлемі

ФАУНА (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы. Сондай-ақ Фауна ұғымы кейде жануарлардың жеке жүйелік топтарының (тип, класс, отряд, т.б.) жиынтығын да білдіреді (мысалы, ихтиофауна, орнитофауна, т.б.)

Облыстың жануарлар дүниесі әр түрлі. Жыртқыш аңдардан - қасқыртүлкіқарсақкүзен жиі кездеседі. Ақ қоянор қоянқұм тышқанысарышұнақаламан тышқаны,қосаяқ секілді кеміргіштер көп тараған. Орманды дала белдемінде елік, оңтүстіктің шөлейтті жерлерінде ақбөкендер жайылады.

Облыстың жануарлар дүниесі әр түрлі. Жыртқыш аңдардан - қасқыртүлкіқарсақкүзен жиі кездеседі. Ақ қоянор қоянқұм тышқанысарышұнақаламан тышқаны,қосаяқ секілді кеміргіштер көп тараған. Орманды дала белдемінде елік, оңтүстіктің шөлейтті жерлерінде ақбөкендер жайылады.

Ақбөкен– жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет