1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ. М.МЫРЗАХМЕТОВТІҢ АБАЙТАНУДАҒЫ ОРНЫ:еңберіне талдау жаса



бет10/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
13-СҰРАҚ. М.МЫРЗАХМЕТОВТІҢ АБАЙТАНУДАҒЫ ОРНЫ:еңберіне талдау жаса
Бүгінге дейін классиктердің әдеби мұрасының жалпы зерттелу жайы туралы мәселе қолга алынбай келген еді. Осындай тың нәрсеге жас ғалым Мекемтас Мырзахметов алғаш рет қалам тартып, қазақ әдебиетінің iргелi саласы болып отырған Абайтану пәнінің қалыптасу жолдарын зерттеуді нысанасына алды. Жан-жақты талмай зерттеуінің арқасында ол 1965 жылдың бас кезінде «Абайдың әдеби мұрасының зерттелу жайы» деген кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. Мекемтас осы ғылыми еңбегімен бiрге төрт томдык косымша материалдар да берді. Олар:
1. Абай туралы төрт мыңға жуық деректердi қамтыған библиографиялық көрсеткіш.
2. Абай туралы жазылган өлеңдер мен поэмалардың екі томдык жинағы.
3. Абай туралы Орта Азиялық зерттеушiнiң еңбектері. Мұнымен салыстырғанда, Мекемтас еңбегі - 3600 деректен құралған 20 баспа табақ көлеміндегі улкен кiтап кана емес, онын устiне казiргi күнде библиографияға қойылатын талаптарға жауап бере алатын тұңғыш толык көрсеткіш. Кітап орысша және қазақша екі бөлімнен тұрады. Қазақшасында он бiр бөлiм бар. Алдымен алғысөз Абайдың қысқаша өмірбаяны беріледі. Содан кейін Абай шығармаларының арнайы көрсеткіштері жасалған. Мұнда автор 75 жыл ішінде Абайдың әр жылда қандай өлеңі басылғаның жекелей көрсетеді. Абайдың творчествосы мен өмiрi жөніндегі жазылған еңбектер жайлы деректер де арнайы топтастырылып берілген. Мекемтас Мырзахметов Абай туралы тың мәліметтер жинап "АБАЙТАНУ" атты екі томдық кітап жазды. Сол еңбегінде ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен мұрағат қазыналары егжей-тегжейлі қаралып, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған. Сонымен қатар ғалымның Абайтану ғылымын қалыптастыру жолындағы ізденістері туралы замандас ғалымдардың ой-пікірлері топтастырылған.Ғылымда қатып қалған қағида жоқ. Бұл жайды М. Мырзахметов жаксы ескерген. Ұлы ақынның ғылыми өмірбаянына байланысты М. Әуезов қаламынан туған нұсқаларын архивтен тауып, саралап шығуы — біз үшін жаңалық деп білеміз. Абайдың өмір жолын бірінші рет жазған Кәкітай нұсқасын келтіре отырып, ғалым ақын өміріне байланысты М. Әуезов зерттеген деректерді салыстырыпты. Ұлы жазушы өз өмірінің ішінде ақын өміріне төрт рет оралған екен. Сол оралыстарды зерттей отырып, Мұхаң кіргізген жаңалық, өзгеріс, деректерді ашуы - монографиянын кұнды беттері деп санаймыз. Әсіресе, еңбектегі М.Әуезовтің ақын өлеңдерін жинап, оның текстологиясына көңіл бөлгені де жаңалық. Өйткені ұлы жазушы практикалық еңбек еткені болмаса, «мен олай істедім, яки бұлай жасадым» деп жүйелеп айтып кеткен емес. Оның барлығы жекелеген қағаз беттерінде, редакцияларға жазған пікірлерінде, ақын өлеңдерінің тексті басылған қағаздарда, хаттарында, оқыған лекцияларында т.б. деректерде ғана сақталған еді. Зерттеуші оларды теріп, жүйелеп, бір ізге салыпты. Ол салада өзіндік ойларын да сыйымды, сыпайы баяндапты. Қалайда М.Мырзахметов абайтану іліміне жақсы еңбек берді. Монографияның танымдық, ғалымдық жағы қызықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет