Түрксіб теміржолы. Сөз дәлдігі
1. Суреттермен танысып, сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Алғашқы пойыздардың қазіргі пойыздардан қандай айырмашылығы болды деп ойлайсыңдар?
2. Түрксіб теміржол торабы туралы жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
Теміржол стансысы – теміржол көлігі аялдайтын, жолаушыларға түрлі қызмет көрсететін кәсіпорын.
Атап айтсақ:
-жүктердіқабылдау;
-жүктиеу-түсіру;
-сақтау жәнежеткізу;
-локомотивтер мен вагондарқұрастыру;
-тасымал процесінбасқару.
Теміржол стансысы жұмыс сипатына қарай:
--тораптық;
--аралық;
--бөліктік;
--сұрыптау;
--жүк және жолаушыларға арналған стансылар болып бөлінеді.
Қазақстандағы ірі теміржол стансылары – Арыс, Шымкент, Тараз, Шу, Алматы-1, Семей, Защита т.б.
2. Мәтінді оқып,теміржол индустриясытуралыойларыңдыайтыңдар. Құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық ерекшеліктерінталдаңдар.
Кеңес Одағында көлік қатынасының, соның ішінде теміржолдың маңызы айрықша зор еді. Түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібін құру көлік қатынасына айтарлықтай тәуелді болды. Түркістан-Сібір темір жолы ХХ ғасырдың 20–30-жылдары салынған ең ірі құрылыстардыңбіріболды.
Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір мен Жетісудың арзан астығымен, Сібірдің ағашымен, ірі қара мен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстаннан Сібірге азық-түлік тасымалдауға, сол арқылы Сібірдің экономикалық дамуын жақсартуға жол ашты.
Теміржол Қазақстан экономикасының дамуының қуатты факторына айналды, әсіресе малшаруашылығын және тау- кен ісін ілгері бастырды. Мақта егілетін жер аумағыншұғыл кеңейтуге, шетелден әкелінетін мақта мөлшерін қысқартуға мүмкіндіктуғызды.
Т.Рысқұлов пен М.Тынышбаев қазақтарды теміржол жұмысына тартуға, оларды оқыту арқылы теміржол маманда- рын дайындауға ерекше көңіл бөлді. Магистральқұрылысы- ның жұмысына Кеңес Одағының ірі қалаларында оқып жатқан қазақ студенттері тартылды. Тек оңтүстік бөлігінің өзінде Орта Азия мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті жұмыс істеді. Түрксіб жаңақалыпта- сып келе жатқан ұлт кадрларының, әсіресе құрылысшылар ментеміржолшылардыңіріұстаханасынаайналды.Олардың арасынан беделді басшылар мен танымал теміржолшылар шықты.
(А.Кадыров, Ж.Байхадамова)
ІІ.Тілдік бағдар:
Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі» әдісі.
ІІІ. Сабақтың тақырыбына байланысты тапсырмаларды орындату.
1.Мәтінді оқып, көшіріп жазыңыздар.
Мұхамеджан Тынышбаев Түрксіб құрылысында алғаш рет аэрофотоларды қолданған. Соларға сүйеніп, ұзындығы 50–60 метрлік бірнеше жерасты жолдарын салуды, Қордай асуының орнына Шоқпар жобасын ұсынады... «Тескен таулардың» есебінен қаржы үнемдеуге әрі 6 облысты байланыстыруға ықпал етті. Сөйтіп, жобаланған мерзімінен
540 күн бұрын ұлы жолдың соңғышпалы төселді.
1931 жылы 1 қаңтар күні ресми түрдепайдаланылуғаберілді...
(Т.Жұртбай)
Достарыңызбен бөлісу: |