1-НҰСҚА 1. Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
А)секунд; В) период; С)арақашықтық; Д) жүрілген жол; E)толқын ұзындығы
2. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периоды және жиілігі.
А)250с; 400Гц; B)0,25 с; 4 Гц; С)500 с; 500Гц; Д)25с; 140Гц; Е)2,5с; 10Гц
3. Қатандығы k = 100 кН/м серіппені Δx = 1 мм-ге созған кезде пайда болатын серпімділік күші.
A)1 кН В) 100 Н; С) 100000 Н; Д) 20 Н; Е) 23Н
4. Серіппеге ілінген массасы 2 кг жүктің тербелісі х=0,1cos2t заңы бойынша жүреді. Серіппеде пайда болатын серпінділік күшінің өзгеру заңы.
A)F= - 0,8cos2t В)F= -80sin2t С) F= 8sin2t
Д) F= 10sin2t Е)F= - 0,8sin2t
5. Егер біратомды идеал газ тек алған жылу есебінен ғана қызатын болса, онда газда жүретін процес. А) изобаралық; В) адиабаталық; С) термодинамикалық
Д) изотермиалық; E)изохоралық
6. Су булардың шық нүктесін анықтау үшін қолданылатын аспап.
A)психрометр; В)динамометр; С)термометр; Д)барометр; Е) археометр
7. Термодинамикалық параметрлер қатарын табыңыз
А) қысым, температура; В) температура, көлем; С) қысым;
Д) электр заряды; E)температура, көлем, қысым
8. Қысқа тұйықталу кезінде тізбектегі ток күші
А) артады; В) кемиді; C) ең үлкен мәнге ие болады
Д) тұйықталады; Е) кішірейеді
9. Параллель жалғанған екі су қыздырғыш элементтердің әрқайсысындағы ток күші 5 А-ден. Өткізгіштерден өтетін жалпы ток күші.
А) 100А; В) 100000 А; С) 1А; D)10 А; Е) 0,1А
10. Математикалық маятниктің тербеліс периодын 3 есе азайту үшін оның ұзындығын.
А) 5 есе арттыру қажет; В) 10 есе арттыру қажет;
С) 15есе арттыру қажет; D)9 есе кеміту қажет Е)дұрыс жауабы жоқ
11. Ток күші 8 А болғанда контур арқылы өтетін магнит ағыны 8 Вб болса, контурдың индуктивтігі.
A)1 Гн; В) 100Гн; С) 0,5Гн; Д) 1000Гн; Е) 0,55Гн
12. Идеал жылу машинасының қыздырғышының температурасы тоңазытқыштың температурасының 2,5 есе артық. Жылу машинасының ПӘК-і..
А) 5 % ; В) 15 %; С)55 %; Д) 50 %; E)60 %
13. Бірдей уақыт ішінде бірінші математикалық маятник 50, ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Олардың біреуі екіншісінен 32 см қысқа болса, әрбір маятниктің ұзындығы.
A)0,18 м; 0,5; В) 188м; 55м; С) 99м; 66м; Д) 33м; 22м; Е)11м;44м
14. Тербелмелі контурдың индуктивтігі 6 Гн, электр сыйымдылығы 0,02 мкФ, ал конденсатордағы ең үлкен кернеу 200 В. Ондағы максимал ток күші.
A)11,5 мА; В) 118А; С) 225А; Д) 333А; Е) 454А
15. N =500 орамнан тұратын катушкадағы тізбекті ажыратқанда индукцияның ЭҚК-і = 6 В болса, магнит ағынының өзгеру уақыты 2,5 с. Магнит ағынының өзгерісі
А) 100Вб; В) 2000Вб; С) 45Вб; D)30 мВб; Е) 63Вб
16. Судың 0,6 м тереңдіктегі қысымы (g =10 Н/кг, ρсу =1000 кг/м3). А) 66Па; В) 55Па; C)6 кПа; Д) 22Па; Е) 10Па
17. Иін мен күштің әсер ету бағытының арасындағы бұрыш және өзара орналасуы.
А) 35о ;параллель; В) 75о ;перпендикуляр; C)90о ;перпендикуляр
Д) 35о ;перпендикуляр Е) 25о ;перпендикуляр
18. Радиотолқынның толқын ұзындығы 600 м болса, жіберілген элктромагниттік толқын жиілігі . A)500 кГц; В) 55Гц; С) 110Гц; Д) 222Гц; Е) 56Гц
19. Жарықтың шағылу заңы
А)шағылысқан сәуле мен бетке түсірілген перпендикуляр арасындағы бұрыш
В)түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама
С)түсу бұрышы шағылу бұрышынан үлкен
Д)түскен сәуле, шағылған сәуле және сәуленің түсу нүктесінде шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады
Е) бетке жүргізілген перпендикуляр мен жарық сәулесі арасындағы бұрыш
20. Бастапқы жылдамдығы 2 м/с бірқалыпты үдемелі қозғалған дене 2 с-та жылдамдығын 12 м/с-қа дейін жеткізсе, жүрген жолы және орташа жылдамдығы
А)1км/сағ;1м; В)14км/сағ;7м; С)25км/сағ;15м; D)7 м/с;14 м; Е) 0,1км/сағ; 1м
21. Цинкке толқын ұзындығы 185 нм сәулелену түскенде, одан ұшып шығатын фотоэлектрондар үшін тежегіш кернеу 2,42 В. Егер толқын ұзындығы 254 нм болса, тежегіш кернеу
А) 12В; B)0,6 В; С) 15В; Д) 25В; Е) 16В
22. t = 4 с ішінде h = 20 м биіктікке денені көтерген кездегі күштің атқарған жұмысы A = 60 кДж. Күштің қуаты (g = 10 м/с2).
A)15 кВт; В) 15Вт; С) 85Вт; Д) 75Вт; Е) 35Вт
23. Тербелістегі дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқу нүктесінде дененің ығысуы хm = A. Дененің осы нүктедегі жылдамдығы.
A) = 0; В) = 10; C) =100; Д) = 15; Е) =20
24. Сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең тас жолында автомобильдің алатын максимал үдеуі (g = 10 м/с2).
А) 8 км/с2 ; B)4 м/с2; С) 15 км/с2; Д) 18 км/с2; Е) 20 км/с2 25. Абсолют шкаласы бойынша 425 К температураға сәйкес келетін Цельсий шкаласы бойынша температура.
А) 12°С; В) 15°С; C)152°С; Д) 2°С; Е) 160°С