Тақырып: Әлеуметтік зерттеулер Пән: Әлеуметтік-саясаттану білім модулі Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған
Лектор: оқытушы Мухитов О.М.
Ақтөбе 2021
Дәріс жоспары
1 Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәлі-меттерді реттеу және оны қорытындылау. 2 Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері. 3 Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдісі. Бақылау. 4 Сұрау мен мәліметтер жинау 5 Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі
1. Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәліметтерді реттеу және оны қорытындылау.
Жалпы әлеуметтанымдық зерттеулер кешенінде оның бағдарламасын жасау басты міндет. Себебі зерттеу бағдарламасының сапасы, құрылымы ондағы талаптар мен тиісті ережелер дұрыс әрі нақтылы нәтижелер береді. Осыған орай аталған тақырып оқу курсының басты міндеттерді қамтитын бөліміне жатады.
1. Қоғам өмірін зерттеуді әлеуметтанымдық қырынан қарастыру белгілі әлеуметтанымдық зерттеулер жүйесі арқылы жүзеге асады. Мұнда теориялық және эмпирикалық процедуралар (ережелер, талаптар) арқылы жаңа әлеуметтанымдық білім алынады. Соның нәтижесінен зерттелген объекті жағдайына байланысты нақтылы теориялық және әлеуметтік проблемалар шешіледі.
Әлеуметтанымдық зерттеулерді жүргізу жан-жақты әрі терең дайындықты қажет ететін көп қырлы күрделі жұмыс. Алдымен тиісті ақпараттарды жинауға кірісу үшін әлеуметтанушы маманға түрлі әдістемелік құжаттар жасау қажет. Онда зерттеудің ғылыми негізделген барлық элементтері мен зерттеудің процедуралары болуы тиіс. Осы құжаттардың ішінде ерекше орында әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы тұрады. Оның сапасы мен мазмұнына барлық зерттеу жұмыстарының тиімділігіне байланысты екендігіне назар аудару міндетті нәрсе.
Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы – ғылыми – практикалық қызметтің кезеңдерге бөлінген бағдарын қамтыған зерттеудің жобасы, әрі теориялық құжат. Жалпы жағдайда бағдарлама құрылымы екі бөлімнен тұрады: методологиялық және әдістемелік.