1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде


Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері



бет5/10
Дата15.06.2022
өлшемі0,54 Mb.
#146578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері
Әлеуметтану әдістерін позитивистік тұрғыдан түсіну көптеген ғылымдардың күшімен жасалынды. Позитивизм шеңберінде көптеген ағымдар бар, онда оның негізгі идеяларын бөліп алуға болады. Бұған ойлаудың теологиялық және метафизикалық әдістері білімнің практикалық анықталуы /интерпретация/, барлық ғылымдардың бірлігі мен қоғам құрылымының тиімділігі туралы ойларды санау қатысты. Позитивизмнің осы негізгі идеяларына байланысты әлеуметтану әдісіне көзқарастың мәні-қоғамды зерттеуге осы теорияның негізгі принциптерін, сонымен бірге оның жаратылыстану ғылымдарында қолданылатын әдістері мен жүйелеулерін енгізуге ұмтылуда. Позитивистердің түсінігі бойынша бұл қоғамдық ғылымдардың объективтілігі мен дәлдігін жоғарылатудың ең дұрыс әдісі, әрі қоғамдық ғылымдардың осылайша жаратылыстану ғылымдарымен теңесуі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтану әдістеріне байланысты позитивизм идеяларының басты бағыттары Огюст Конт, Джон Стюарт Милл, Эмиль Дюркгейм және т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Әлеуметтану әдістерін функционалдық тұрғыдан түсіну функционализмнің негізгі ережелеріне сүйенеді. Мұнда әлеуметтік құрылымға қатысты қоғамдық құрылымның жекелеген элементтерінің рөлін ашуға ұмтылады. Себебі оның бөліктері. Функционализм позициясынан қоғам - тұрақты жүйе; және оның бөліктері жақсы интегралданған болады. Олардың әрбір бөлігінің өз міндеттері бар,сондықтан оларды жүйенің басты құндылықтарына қатысты келісім негізінде іске асырады. Осы қоғамдық жүйе нәтижелі өмір сүру үшін тәртіп қажет: қандай талаптар болса да, олардан бас тарту одан ауытқу болып саналады, адам осы жүйеге бейімделуі міндетті.
Жекелеп айтқанда, функционализмнің шектеулілігі мынада: ол құбылыстардың пайда болуын түсіндіре алмайды. Тек жүйе ішіндегі құбылыстардың өзара байланысын ғана көрсете алады. Оған қоса ішкі қарама-қайшылығы бар қоғамның өзі де салыстырып келгенде тұрақсыз жүйе екендігі белгілі.
Әлеуметтану әдістерін структуралистік ұғыну структурализм түсініктері негізіне сүйенеді: барлық заттар мен тіршілік, индивидуалды немесе ұжымдық мінез-құлық көріністерінің негізіне оларды түсіндіретін құрылымдар жатады. Ал, құрылым мен олардың табиғат өрісіне және қоғам өміріне ықпалын анықтауға бір ғана әрі негізгі теориялық-методологиялық принциптер қолданылады. Адам шығармашылық тіршілік иесі ретінде өзінің қызметімен із қалдырады. Оның өзі қалай айтқанмен де белгілі принциптерге сәйкес құрылымдық әрі ұйымдастырылған болып келеді. Сондықтан адам туралы ғылым да құрылымдық тұтастық ретінде қарастырылады. Адам сыртқы күштердің жемісі болғандықтан структурализм өзінің негізгі принциптерімен қоса белгілі мағынада адамға сенімсіздік танытады.
Позитивизмді сынаудың нәтижесі ретінде қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтануда Макс Вебердің «ұғыну теориясы» пайда болды. Онда қоғамдық құбылыстарды зерттеудің басты мақсаты - оларды ұғыну, түсіну болып табылады. М.Вебер, В.Дильтей, Г.Риккерт және В.Виндельбанд көзқарастарын қабылдаған. Онда табиғи және қоғамдық құбылыстар арасындағы айырмашылықтарға байланысты олардың нәтижесі болып саналатын жаратылыс пен қоғамдық ғылымдар әдістерінің айырмасы көрсетілген.
Әлеуметтанудағы әдістерді маркстік тұрғыдан түсіндіруді К.Маркстің негізгі ғылыми әдістерінің сипаттамасын қарастыру арқылы жүргізеді. Маркстік әдісті түсіну үшін алдымен оның адам және қоғамды қалай түсінетінін білу қажет. Мұның өзі адам және қоғам жайлы Маркстің ғылым мен ғылыми әдісті өзінше түсіндіруіне байланысты өрбиді. Одан өзге Маркстің ғылымның әлеуметтік рөлін қалай түсініп, фактілерді жинау мен тұжырымдарды қарастыруда қандай әдістерді пайдаланғанына қарап талдау жасаймыз. Адам мен адам қоғамын Маркс материалистік диалектика позициясынан қарастырады. Адам – табиғи нәрсе деп көрсетеді, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі болып табылады. Адам өзінің қызметіне байланысты өмірдегі материалдық және әлеуметтік тіршілігіне жағдай тудырады. Ал оның тарихы болса оның қызметінің жемісі.
Маркстің жорамалынша ғылыми ой-пікірлер өмір сүріп жатқан қоғамның сыни талдануы болуы керек, қоғам дамуының терең заңдарын ашып сол дамудың негізгі мақсаты мен бағыттарын көрсетіп отыруы тиіс. Маркс ғылыми ой-пікірлерге қатысты өз түсінігін «Фейербах туралы тезистерінде» көрсеткен. Онда философтар дүниені түрліше түсіндіреді, ал басты мәселе оны өзгертуде. Маркс ғылымды сыни қызмет деп бағалады. Ғылым қолда бар мүмкіншіліктер позициясынан қоғамды сынауды іске асырып адамдардың өмір сүруіне қайырымды жағдайларды жасауы керек деп көрсетеді. Табиғат құбылыстарын зерттеуде физик барынша эксперимент жасап дәлелдемелер келтіреді. Ал жаратылыстанудағыдай қоғамдық ғылымдарда экспериментті жасай беруге болмайды; ғалымдар кейбір мәселелерді анықтау үшін абстракцияға жол береді. Бұл мәселеде мақсатты толық түсіндіру үшін, абстракцияны нәтижелі қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы жақсы білім қажеттігін Маркс алға тартты. Абстракция арқылы ол құбылыстың зерттелу объектісі ретіндегі маңызды сипаттамаларын бөліп көрсетуді көздеді.
Қоғамдағы байқалатын қоғамдық құбылыстар өзара байланысты. Сондықтан қоғамдық құбылыстар мен қоғамдық қатынастарды зерттей отырып және осы негізде қоғам дамуының басты бағыттары мен құрылымын тұтастық ретінде көрсете отырып бүтіндей қоғам дамуының ең жалпылама заңдарын ашуға болады. Бұл үшін осы қоғамның нағыз ақиқатының бөлігі болып табылатын әрі осы қоғамның ең ерекшеліктерін сипаттайтын құбылыстар мен қатынастарды ашып және оны зерттеу қажет. Сонымен адамзат қоғамын зерттеудің осындай әдістеріне сүйене отырып әлеуметтану өз әдістерін құрады. Әрине осы шеңберде олар бір-бірінен фактілерді жинау әдістері, жиналған мәліметтерді реттеу мен жекеленген қорыту әдістері және ғылыми қорытындылау әдістері тұрғысынан ажыратылады. Әлеуметтану осы барлық әдістерді зерттеу барысында қолданады. Әрине онда түрлі фазалар /кезеңдер/ сақталып зерттеу нәтижелері қоғамды тұтас ғылыми тануға ықпал жасауы қажетті талап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет