1. Тақырып. Философия пәні және зерттеу объектісі Пәннің оқыту объектісі



бет1/6
Дата30.01.2023
өлшемі20,28 Kb.
#166781
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 дәріс контенты


1. Тақырып. Философия пәні және зерттеу объектісі
Пәннің оқыту объектісі мәдени – тарихи дамудағы және қазіргі жағдайдағы рухани өндірістің ерекше формасы – философия болып табылады. Сондай – ақ, зерттеу обектісінің құрамына әлемдік және отандық философияның мәселелері мен негізгі бағыттары кіреді.
Кез-келген саналы адам өзі өмір сүріп жатқан әлемнің сырын, ондағы өзінің алатын орнын түсінуге ұмтылады.
Адам деген кім, ол неге басқа тіршілік иелерінен ерекше жаратылған, адамның осы дүниедегі орны қандай, дүние деген не, дүниенің болмысын танып-білуге бола ма, осы дүние және адам қалай жаратылған, дүниенің шегі бар ма, егер мен бұл дүниеге уақытша келсем, онда бұл өмірдің мәні неде,өмір және тағдыр , өлім деген не, өлімнен неге қорқамыз, адамның өмірі ақыры бір өліммен аяқталатын болса онда бұл өмірдің мәні неде, өмірде неге қуаныш пен қайғы, жамандық пен жақсылық қатар жүреді? Осындай шешуші қиын қарама-қайшылықты сұрақтарға жауап іздеу барысында кез-келген адам рухани ізденіске түсіп дүниені өз бетімен тануға ұмтылады.

Бұл процесс дүниетану деп аталады. Адамның дуниетанымы оның ой-өрісіне, өмірден алған тәжірибесіне, рухани ізденісіне, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай әртүрлі болады.


Ал дүниетанымның ең жоғарғы жетілген түрі дүниеге көзқарас деп аталады. Дүниеге көзқарас дегеніміз дүние және ондағы адамның орны туралы көзқарастардың біртұтас жиынтығы. Тарихи даму барысында адамзат дүниеге көзқарастың негізгі үш формасын (түрін) қалыптастырды:




-мифология
-дін
-философия

Дүниеге көзқарастың ең көне түрі мифология. Мифология (грек тілінен аударғанда mifos- баян, аңыз, logos-ілім деген иағына береді) – миф туралы ілім. Миф- әлем, табиғат және адам туралы алғашқы қауымды қоғамдағы тұрпайы, фантастикалық түсініктер жиынтығы.


Әлемнің, Жердің және адамның пайда болуын, табиғат құбылыстарын, өлім мен өмір, ар-ұят, парыз сияқты этикалық мәселелерді мифология фантастикалық құдайларды ойлап табу, табиғатқа жан бітіру, жан-жануарлар, аңдар иен құстарға, табиғаттың құбылыстарына қасиет беру арқылы түсіндірді. Мысалы: найзағай жарқылын Құдай қаһары ретінде түсінді. Архаикалық кезеңдегі қоғам сананың сипатына байланысты мифтерді үшке бөліп қарастыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет