«1. Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің компоненті.
2. Білім мазмұнының негізгі компоненттері.
3. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама.
4. 12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау.
Білім беру мазмұны
Халыққа білім беру ісін жетілдіру - мемелекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Білімнің мазмұны - оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде білім алушылардың ақыл-ойы, қаблеті дамиды, ғылыми-дүниетанымдық көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Жоғары мектеп халық шаруашылығының әртүрлі саласына белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды кәсіби даярлау үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.
Іс-әрекеттің мазмұнды моделінен туындайтын өзара байланысты элементтер жүйесі.
Білім беру мазмұны
Болашақ маманның үздіксіз кәсіби-тұлғалық дамуын қамтамасыз етеді және үздіксіз білім беру мазмұнының элементі болып табылады.
оқытудың кез келген сатысына оқу материалының көпөлшемді біртұтас дидактикалық тізбегі сәйкес келеді. Былайша айтқанда, педагогика тұрғысынан қарағанда біртұтас оқу пәндері құрылымының бірнеше түрінің жасалуы мүмкін болмақ. Олардың мазмұнының таралып дамуы мен дидактикалық тізбектері жүйелі түрде бір-бірімен байланыста болуы тиіс.
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Сонымен ғылыми білім - болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетанымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
2.Білім мазмұнының негізгі компоненттері.
Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту. Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мәтінді бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б.Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады.
Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркем өнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар.
Білімнің үшінші элементі шығармашылық жұмыс тәжірибесі "дайын" білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді.
Білім беру мазмұнының төртінші элементі - тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын математика, дүниетану, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.