10-сынып (бжб№2) «Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата27.10.2022
өлшемі35,63 Kb.
#155206
Байланысты:
10сынып БЖБ№2



10-СЫНЫП (БЖБ№2)


«Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді
бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Оқушының аты – жөні:-----------------------------------------------------------------------------------
Сыныбы:------------------------------------
Оқылым.

Тапсырма


Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

«Рахат» акционерлік қоғамы – 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы шығарыла бастады. Фабриканың күнделікті өндірістік қуаты тәулігіне 250 тонна өнім шығарады. Кәсіпорын 10 цех пен бір қосалқы цехтен тұрады.


«Рахат» АҚ-да 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.
«Рахат» АҚ – сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді.
«Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі – алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдық танытуы. Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан секілді елдерге экспортталады. Компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.


  1. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Жоспар

1.

2.

3.

4.



  1. Әр абзацтағы негізгі және қосымша ақпараттар негізінде 4 тірек-схема әзірлеңіз.




2.«Қарағанды » романында көрініс тапқан 3 мәселені анықтаңыз.

3.«Қарағанды» романы туралы 5-6 сұрақ дайында.





________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды

1

мәтіндегі әр абзацтың мазмұны бойынша жоспар құрады;

1

2

негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, тірек-схема әзірлейді;
1-тірек-схема 2-тірек-схема 3-тірек-схема 4-тірек-схема

1
1
1


1

Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді

3

шығармадағы3 мәселені анықтайды;
1-мәселе 2-мәселе 3-мәселе

1
1
1



4

роман туралы 5-6 сұрақ дайындайды

2

Барлық балл

10









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет