10-сыныпқа арналған тест тапсырмалары. Жаратылыстану-математика бағыты



Дата15.09.2017
өлшемі51,85 Kb.
#32974
10-сыныпқа арналған тест тапсырмалары. Жаратылыстану-математика бағыты
1.Діни сенімнен туындаған этнографизмді табыңыз.

а/қолүздік

в/шүлен тарату

с/жілік ұстату

д/жарысқазан

е/жоқтау


2. «Әдеп» терминін алғаш қолданған кім екенін табыңыз.

а/Аристотель

в/Платон

с/әл-Фараби

д/Конфуций

е/Ш.Уәлиханов

3.Әңгіме барысында әріптесіңе қойылатын сұрақ түрлерінің санын көрсетіңіз.

а/5


в/2

с/4


д/7

е/6


4.Ойды жазбаша жеткізуде айтайын деген ойдың негізгісі алғашқы абзацта –ақ айтылуы

қандай әдіске жататынын табыңыз.

а/жазбаша хабарлама

в/төңкерілген пирамида

с/кәдімгі пирамида

д/ жазбаша пирамида

е/аннотация

5.Сенімхаттың қанша түрі бар екенін көрсетіңіз.

а/2

в/3


с/4

д/5


е/6

6.Көлемі шағын, 1-3 бет шамасында болатын ісқағазының түрін көрсетіңіз.

а/түсініктеме

в/арыз


с/өтініш

д/сенімхат

е/анықтама

7.Автобиографияның түрлері нешеу екенін табыңыз.

а/2

в/3


с/4

д/5


е/6

8. Қазіргі кездегі түркі тілдерінің саны қанша екенін көрсетіңіз.

а/40-қа жуық

в/30-ға жуық

с/50-ге жуық

д/70


е/35-тей

9.Үзінді кімнің сөзінен алынғанын табыңыз:



Қазаққа сөз дарыған,

Бір сөз үшін семіріп,

Бір сөз үшін арыған...

а/Абай


в/Шәкәрім

с/Бұқар жырау

д/Асан қайғы

е/Шалкиіз

10.Адамдардың әңгімелесуі, мәлімет алысуының қанша пайызы тіл арқылы жүзеге асатынын табыңыз.

а/65%


в/75%

с/25%


д/35%

е/60%


11.Бейвербалды амалдар деген не екенін анықтаңыз.

а/тілсіз қатынас

в/тілдік қатынас

с/дауыс мәнері

д/тіл мәдениеті

е/сөздік қоры

12.Қарым қатынас жасау құралдары қанша топқа бөлінетінін табыңыз.

а/2


в/3

с/4


д/5

е/бөлінбейді

13.Шарасыздықтың белгісін білдіретін ым-ишара қимылын көрсетіңіз.

а/ернін жымқыру

в/желкесін қасу

с/бас ию

д/тісін қайрау

е/қолын шапалақтау

14. «Достың көңілі - шарайна, сындырып алма, абайла» деген мақал нені меңзеп тұрғанын анықтаңыз.

а/адалдық

в/сыйластық

с/мейірбандық

д/тілеулестік

е/инабаттылық

15.Даналық сөздің авторын көрсетіңіз: «Өнердің ең асылы – сөз.»

а/Абай Құнанбаев

в/Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

с/Шәкәрім Құдайбердіұлы

д/Мұхтар Әуезов

е/Бауыржан Момышұлы

16.Аудармашы арқылы сөйлескенде қандай сөздерді қолданудан аулақ болған жөн?

а/ұзақ сөздер

в/термин сөздер

с/мақал-мәтелдер

д/омоним сөздер

е/синоним сөздер

17. «Вакансия» терминінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

а/баспа-бас

в/үндестік

с/құзыр

д/бейімдеу

е/бос орын

18.Мәтіні қысқа, кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайтын, тыныс белгілері қойылмайтын құжаттың атын табыңыз.

а/ұсыныс хат

в/қолхат

с/шағым хат

д/ресми хат

е/жеделхат

19.Телефонмен іскерлік әңгіме жүргізу барысында қандай сөздерден аулақ болған жөн?

а/қайталап сұраудан

в/нақтылап сұраудан

с/үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап беруден

д/фамилияңды атаудан

е/өзің жұмыс істейтін мекеменің атын айтудан

20. Абай өлеңіндегі көркемдік тәсілді анықтаңыз : «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.»

а/теңеу


в/аллитерация

с/психологиялық параллелизм

д/инверсия

е/градация

21.Қазіргі кезде неологизмдік сипат алған архайзм сөзді көрсетіңіз.

а/ғарыш


в/делдал

с/аялдама

д/саяжай

е/желім


22.Актив сөздерге жатпайтын қатарды белгілеңіз.

а/неологизм

в/фразеологизм

с/полисемия

д/омоним

е/антоним

23.Сөз мәдениеті қамтитын тілдік норманы көрсетіңіз.

а/этика, эстетика, грамматика

в/грамматика, лексика, синтаксис

с/тілдік норма, этика,орфоэпиялық норма

д/орфографиялық нора, орфоэпиялық норма, тілдік норма

е/тілдік норма, этика, коммуникативті норма

24.Тілімізге неміс тілінен енген сөзді табыңыз.

а/зейнет


в/жәрмеңке

с/дәптер


д/бұқара

е/жарнама

25.Бөлек жазылатын сөзді табыңыз.

а/пәнаралық

в/мыңтамыр

с/абайтану

д/құладүз

е/шайшөп


Жауаптары:

1-в


2-а

3-д


4-в

5-в


6-в

7-а


8-в

9-д


10-д

11-а


12-а

13-в


14-в

15-в


16-с

17-е


18-е

19-с


20-д

21-в


22-а

23-е


24-в

25-д

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет